Сабақ «Бүгінгі білімің ертеңгі байлығың»



Дата08.06.2018
өлшемі41,3 Kb.
#41800
түріСабақ
264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейі

Ашық сабақ

«Бүгінгі білімің – ертеңгі байлығың»
Интеллектуалды сайыс сабақ



Орындаған: Әсемхан А.


Қызылорда қаласы, 2015-2016 ж.ж.

Интеллектуалды сайыс

«Бүгінгі білімің – ертеңгі байлығың»

Сыныбы: 8 а,ә,б,в.

Мақсаты:
а) Білімділік: нақты пәндер бойынша білімдерін тереңдету;
ә) Дамытушылық: логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, нақты ғылымдарға қызықтыру, оқушының жеке басын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалды сайыс

Сабақтың әдісі: ия - жоқ әдісі, плакатпен жұмыс, эксперименттік жұмыс, есептер шығару,сиқырлы ұяшықтармен жұмыс.
Сабақтың пән аралық байланысы: алгебра, геометрия, физика, химия, география, биология.

Көрнекілігі: плакаттар, суреттер,интерактивті тақта,конверттер, карта.
Қанатты сөздер:
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда» (Н. Ә. Назарбаев)

Сайыстың ережесімен таныстырып кететін болсақ сайысымыз 8 бөлімнен тұрады


Интеллектуалды сайыс кезеңдері:

1. Бәйге(Әр команда 1 секунд ішінде 15 сұраққа жауап беру керек) GetKahoot

Әр топқа алгебра, физика, химия, биология, география пәндерінен сұрақтар қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан


2. Есебіңіз түзу болсын
(есептер шығару физика,геометрия,алгебра пәнінен)

Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан



3.Зерде (Биология ,география пәндеріне байланысты анықтама )

Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан


4. Тапқыр болсаң талас жоқ
(әр топқа бір парақ қағаз беріледі, оған 3 минут уақыт ішінде химия пәндерінен формулаларды аяқтап жазу керек)

Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан


5. Полиглот
(үш тілді қамту,бұл сайысқа қазақ тілінде жұмбақтар айтылып, соларды шешу керек. Жауабын қазақша, орысша,ағылшын тілінде айту)

Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан


6. «Сиқырлы ұяшық» сайысы.
(Бұл сайыста әр командадан кезекпен - кезек оқушылар шығып ұяшықты таңдап, тапсырманы орындап жауап береді.( Алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география пәндерінен сұрақтар қойылады)
8. «Лабиринт»
(Логикалық сұрақтар.Математика пәнінен) Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан

9. Эксперименттік сайыс (Физика пәнінен) Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан

І. Ұйымдастыру

1 - жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
2 - жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.

1 – жүргізуші
Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші
Олай болса бұл не тұрыс,
Сайысымызды біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ қазыларды таныстырайық.
1 - жүргізуші
Әділқазылар алқасымен таныстырып кететін болсақ:
2 - жүргізуші
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділ қазы ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
1 - жүргізуші
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
2 - жүргізуші
Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойда, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп, ортаға салайық.

Ойынға 4 топ қатысады. Олар: 8а, 8ә, 8б, 8в сыныптары

Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.


1 - жүргізуші

Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей келе 1- турымызды бастаймыз.
І тур. Бәйге. (Әр команда 1 секунд ішінде 15 сұраққа жауап беру керек)

4топқа бірдей әр пәндерден сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. (Ия, жоқ әдісі)


ІІ тур. Есебіңіз түзу болсын (алгебра, геометрия және физика пәнінен есеп шығару) Ойлануға 3минут уақыт беріледі

1.Теңдеуді шешіңдер:

2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті 12 см, ал оған іргелес жатқан бұрыштың шамасы 300. Үшбұрыштың ауданын табыңдар.

3. Ұзындығы 2,5 м фехралдан жасалған өткізгіш сымның көлденең қимасы 0,5 мм2 және кедергісі 5,47 Ом.Фехралдың меншікті кедергісі?

Жауаптары: .t = 1 ,

..

3.Бер: l=2,5м

S= 0,5мм2 = 0,5·10-6 м2

R= 5,47 Ом

Табу керек: фехраль - ?



Шешуі:R= , =

Жауабы: фехраль =



IIIтур. Зерде. (Биология және география пәндеріне байланысты анықтама беру). Төрт конверт беріледі, сыртында жазуы бар. Топ басшылары таңдап алады. Сол бойынша жауап беру.

IVтур. Тапқыр болсаң, талас жоқ! (әр топқа бір парақ қағаз беріледі, оған 3 минут уақыт ішінде химия пәнінен реакция теңдеулерін аяқтау)

Zn+ HCl →ZnCl2 + H2

H2 + Cl2 → 2HCl

Na + S → Na2S

CaCO3 → CaO + CO2

CuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu

Mg + CuCl2 → MgCl2 + Cu

V тур. Полиглот – үш тілді қамту (бұл сайысқа қазақ тілінде жұмбақтар айтылып, соларды шешу керек. Жауабын шешкен соң, оны орыс ағылшын тілдерінде аудару қажет)

1. Келсе де әні құлаққа,


Өзін ешкім көрмейді.
  Жусан, қамыс, құраққа Жел,ветер,wind

Тіптен маза бермейді.







VI тур. «Сиқырлы ұяшық» сайысы (Бұл сайыста әр командадан кезекпен - кезек оқушылар шығып ұяшықты таңдап, тапсырманы орындап жауап береді.( Алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география пәндерінен сұрақтар қойылады)

Химия:1.Оксидтер дегеніміз не? 2 элементтен құралып, бірі оттек болып келетін күрделі заттар

2. Адам организмінде қанша пайыз тұз болады? 5.5

3. СО2 қайда қолданылады? тамақ өнеркәсібінде,өрт сөндіруде

Алгебра: 1.Ең алғашқы математик әйел кім? Софья Ковалевская

2. Квадраттық функцияның графигі? Парабола

3. Квадраттық теңдеу дискриминанты неге тең? в²-4ac

География:

1.Қазақстанның темірдің қоры жөнінен дүние жүзіндегі орны ? 8 орын

2. Қатты жаңбырлар мен мұздықтарды әсерінен болатын апат? Сел

3. Қазақстан аумағының 10% жерін алып жатқан жер бедері? Биік таулар

Биология: 1. Алғаш рет ғылымға «жасуша» деген терминді енгізген кім? Р.Гук

2. Қан қысымын өлшеуге арналған құрал Танометр

3. Адамның дене салмағының 40% не құрайды?. Бұлшық ет

Физика.1.Жылу мөлшерінің халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? Джоуль

2.Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы?

Электр тогы

3.Фарадей заңының формулас? m=kIt

VII тур. Лабиринт. (Логикалық сұрақтар математика пәнінен)

1.Атасы неше жаста болса немересі сонша ай болған. Екеуінің жастарының қосындысы
91. Атасы нешеде, немересі нешеде?


2. Кітап парағын нөмірлеуге 792 цифр қажет болса, кітапта қанша бет болғаны?
VIII тур. Эксперименттік сайыс. (Физика пәнінен)
Қорытынды

1 - жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп, бүгінгі білім сайысының қорытындысын әділқазылар алқасы шығарғанша барлық оқушылар үшін әзіл есептер берейік:
Таныс емес қалаға келген математик шашын алдырмақшы болады. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің шашы қалай болса солай алынғанын байқайды. Ал екіншісіне келсе? жұмыс жасайтын жері тап - таза үсті басы мұнтаздай, шашы тамаша алынған екенін байқайды. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барады. Неге деп ойлайсыздар?(Қалада екі ғана шаштараз болғандықтан, әр қайсысы бірінің шашын бірі алған. Демек, бірінші - жақсы шаштараз).
Әділқазылар алқасының қорытындысы шығарылса кеш қорытындыланып жарысқа қатысқан оқушыларды марапатталады

Сайысымыздың нәтижесін шығару мақсатында әр топ алған өзінің жинаған табысын санайды, қай топтың табысы мол болса, сол топ жеңімпаз атанады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет