Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара қаласы
№16 колледж
АШЫҚ САБАҚ ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ .
( тақырыбы)
Пәні: Қазақстан тарихы Оқытушы: Мырзабеков Ерлан
2 курс Г-23 тобы, «___» _желтоқсан_ 2017 жыл САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті. Шардара қаласы №16 колледж тарих пәнінің мұғалімі Мырзабеков Ерлан Лесбекович
Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.