Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу. 5.2.3.3 • Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар ұлттық заттардан, аспаптардан үйлестіре натюрморт құрастыра алады, суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өз натюрморттарын қағаз бетіне түсіреді.
Жетістік критерийлері
Ұлттық аспаптарды заттардан натюрморт құрастыра біледі
Натюрморт салудағы заңдылықтарды ұстанады.
Түстерді дұрыс таңдай біледі.
Жұмыстың креативті орындалуы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы 1 кезең
5 минут 5 минут
Сабақтың ортасы 2 кезең 30 минут
Бірінші тапсырма:
Оқушылардан алдыңғы сабақты еске түсіреміз, суретшілердің жұмыстарын қайталап, атап шығу керек. (Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдар мен олардың атауы мен қолданылуы туралы қарастыруды ұсынады. Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс? Олар қалай аталады? Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер. Олар қандай материалдан жасалған? Формасы, түсі мен фактурасы қандай? Сабақ барысында бірнеше ұлттық заттарды жинақтау (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушыларға оймен өзіндік композицияларын құрып, ұсынылған визуалды ақпараттан 2-3 затты таңдап, алдағы натюрмортта 2 D орналастыру.
Заттарды оймен жазықтықта орналастыруды таңдап, оқушылар композиция құрастырады. Композиция құрастырып болған соң оқушылар оны қағаз бетіне түсіруді бастайды. Жұмыс барысында мұғалім жеке бастың гигиенасына, қауіпсіздік ережелеріне, материалдар мен құрал жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды басты назарға алады. Жұмыс орнын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушылар алдыңғы сабақтара алған білімдерін қолдана заттар композициясын қағаз бетінде орналастыру ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады.
Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмысын қатар қойып, арнайы қойылған нұсқамен дұрыс орналасқанын салыстырады. (Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.
Сабақтың соңы 2-мин кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет