Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
ШҚО білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК
Сабақ жоспары
Тақырыбы:«Сызба қаріптері»
Сыныбы: 9 «а»
Әдіскер: Айтқожин М.К,
сызу пәнінің оқытушысы
Машықкер: Аргингазин Қ.М,
0107000 «Технология» мамандығының ІІІ – курс студенті
Семей 2016 ж.
Тақырып: «Сызба қаріптері»
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру. Сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру Дамытушылық:Оқушылардың іскерлігін, шеберлігін дамыту
Тәрбиелік:Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, сызудың барлық ережелерін сақтау
Көрнекіліктер:Сызба қаріптері бейнеленген беттер Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: сызу аспаптары, жұмыс дәптері, А4 пішіміндегі ақ бет
Сабақтың құрылымдық жоспары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру (сұрақ -жауап)
III. Жаңа сабақ
a) Теориялық түсінік
б) Көрнекілікпен, тақтамен жұмыс
IV. Өзіндік жұмыс:
А4 пішімдегі ақ бетке қаріптердің А және Б түрін жазғызу V. Үй жұмысын беру
Өздері жайлы мәліметті қаріппен ақ бетке ждазып акелу VI. Бағалау
Қаріптерді дұрыс және таза жазғандығына байланысты бағалаймын
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен салемдесу, сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу
II. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырыптан сұрақтар қою
1)Сызба сызықтары деген не?
2)Сызба сызығының қанша түрі бар?
3)Сызба сызықтарының әр қайсысының колданылатын жерін аитып беріндерші?
III. Жаңа тақырып
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сызба қаріптері»
Қаріп –(Орысша шрифт) Белгілі бір алфавитті (латын,араб,грек т/б)цифрларды жане белгілерді көрсететін литерлар жиынтығы. Бейнелеуіне (гарнитура), көлбеуіне(Тік,курсив), жуан, жінішкелігіне(қара, жалпақ), сондай-ақ өлшем мөлшеріне (кегль) қарай ерекшеленеді. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады.
Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.
Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру.
Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады: Г, З, С әріптері үшін g – 5d; А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g - 7d; Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g - 8d,қалған әріптері үшін g - 6d.
Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне
тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және сол сияқты болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.
Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады. Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар
IV. Өзіндік жұмыс
А4 пішімдегі ақ бетке қаріптердің А және Б түрін жазғызу. А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,
С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я
а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,
с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,
С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я
а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,
с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
V. Үйге тапсырма
Өздері жайлы мәліметті қаріппен ақ бетке жазып келу.
VI. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза жазғандығына байланысты бағалаймын
Достарыңызбен бөлісу: |