Жазбаша есеп
Білім алушы: Мұқаман Толғанай Ерланқызы
Сынып жетекшісі: Қуанышева Жаңагүл Алжаппарована
Іс-тәжірибе кезінде 8-шы сыныптың сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Бір апта бойы оқушылармен бірге сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Олармен үзіліс кезінде әңгімелесіп, жақын таныса түсуге тырыстым және олармен өзім де үйренісе бастадым. Жетекшілік етіп сыныпқааптасына 1 реттен 3 сынып сағатын өткіздім. Сонымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, ойын және тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Жалпы өзіме бекітілген осы 8 «А» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының сабаққа пәнге деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы іс-тәжірибе барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында 8 «А» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша және жоспардан тыс тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табыса, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Жалпы 6 сағат тәрбие жұмысын өткіздім. Атап айтқанда жоспар бойынша «Қазақ ғарышкерлері» , «Жасыл Қазақстан» , «Ерлік елге мұра ұрпаққа ұран» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткіздім.
Сабақ жоспарларын әзірлеу мен өткізу барысында оқушыларды қызықтыратын мәселелерді қозғап, сабақтардың қызықты әрі сапалы өтуіне ерекше мән бердім.
Практиканың соңғы аптасында 7 - наурыз күні мектеп ұжымы мен жетекшілерім - пән мұғалімі және сынып жетекшім менің өткізген педагогикалық іс-тәжірибемізді бағалап қорытындылады. Онда мұғалімдер жалпы педагогикалық іс-тәжірибемізді өте жақсы деп бағалап, жұмыстарыма алғыстарын білдіріп жатты. Мен де сынып жетекшім мен мектеп ұжымына және оқушылармен осы іс-тәжірибемнің қызықты болғанын айтып алғысымды білдірдім. Бұл педагогикалық іс-тәжірибе маған көп нәрсе үйретті. Онда мен өзімді оқушылар алдында еркін ұстауды, сабақ жоспарларын жазуды, мектеп журналымен және басқа да құжаттармен жұмыс істеуді үйрендім. Болашақта өз мамандығымды әрі қарай ұштап, мектепті көркейтіп, оқушыларға жақсы білім беремін деген мақсатым бар.
Ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым. Ұстаздық ету мен өз мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет, осы мерзім аралығында өтілген педагогикалық іс-тәжірибенің арқасында арта түсті.
Бекітілді:
Достарыңызбен бөлісу: |