Сабақ мақсатымен таныстырамын



Дата07.02.2022
өлшемі13,79 Kb.
#92774
түріСабақ
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word



Сабақтың тақырыбы: Зат массасының сақталу заңы
Сабақтың мақсаты:
Күтілетін нәтиже: құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.

Жаңа тақырып:
Сабақ мақсатымен таныстырамын
Проблемалық сұрақтар:
1. Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?
Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г - ға тең болады. (КК)

Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.
Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?


Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.
Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек, бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.
Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді. Қанша грамм темір реакцияға қатысты?

Берілгені: m(FeS) = 33г ----- Шешуі: 33г – 12г = 21г ------------- Жауабы: m(Fe) = 21г
m(S) = 12г ---------------------- Т/к: m(Fe) =?

1. Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?
2. Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?
Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:
1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?
2. Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт.
3. Реакция нәтижесінде зат массасының сақталатынын қалай дәлелдеуге болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет