Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
8.1.1.1 химияда заттардың тең массасына қарағанда, «атомдардың тең санына» қол жеткізу маңызды екенін түсіну
8.1.1.2 «өлшеу арқылы есептеу» принципін түсіну
8.1.1.3 зат мөлшерінің өлшем бірлігі –моль екендігін білу
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың мөлшерін есептеу машықтарын қалыптастыру.
Оқушылардың басым бөлігі:
математикалық білімдерін пайдалана отырып, зат мөлшерін, молярлық массаны есептеуде ойлау қабілеттерін дамыту..
Кейбір оқушылар:
Химиялық сандық есептеулердің орындалуы - физикалық шамалардың көмегімен, яғни моль, мольдік масса терминдеріне түсінік беру.
Бағалау критерийі
Атом – молекулалық ілім негізінде формула бойынша сандық есептер шығарады Сандық есептерді қолданып, реакция теңдеулері жөніндегі ұғымды жетілдіреді
Зат мөлшерін, Авогадро санын есептеулерде қолдану, моль, молярлық масса түсінігін қолданады
Тілдік құзіреттілік
Сабақ барысында қолданылатын сөздермен жұмыс жасау
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі
Құндылықтар
Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік
Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу
Бейнебаяндағы байланыс туралы сөйлесу.
АКТ дағдысынқолдану
Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі,тарих.
Алдыңғы тақырып
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу 2 минут
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Торкөздегі әріптерден химиялық элементтердің атын құрастыру. Бір минутта қанша химиялық элемент құрастырасыз?
АЗОТ НАТРИЙ
КРЕМНИЙ КАЛИЙ
ХЛОР ФТОР
ХРОМ СЫНАП
КӨМІРТЕК МАРГАНЕЦ
МЫРЫШ ТИТАН
КҮМІС ГЕЛИЙ
АЛТЫН НЕОН
МОЛИБДЕН ЙОД
“Ойлы болсаң, озып көр!”
Реагенттердің санын білу қажет болса, оларды жеке-жеке есептеу қиындық туғызады. Сондықтан физикалық шама зат мөлшері қолданылады.
Моль ұғымын дүкен сөрелеріндегі тауарлармен салыстыру арқылы түсіндіру.
http://bilimland.kz/kk/catalog/lesson/11294-mol сайтында берілген бейне түсіндіру пайдаланылады.
Моль – зат мөлшерін білдіретін бірлік, құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болады. 12г 612С құрамында 6,02·1023 атом болады. Ол Авогадро саны NА (итальяндық ғалым А. Авогадро құрметіне қойылған) кез келген заттың 1023 молінде болатын құрылымдық бөлшек саны.
Авогадро саны бейне түсіндіру http://bilimland.kz/kk/catalog/lesson/11294-mol пайдаланылды.
Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі г/моль.
Зат мөлшерінің массаға, көлемге және бөлшек сандарына қатынасын төмендегі формулалармен өрнектейді:
v = m/М v = N/ NАv = V/Vm 1.Заттар құрамына кіретін элементтер белгілі бір қатынаста әрекеттеседі.Мыс, алюминий оксиді 54:48- 9: 8, яғни зат құрамына кіретін атомдар мен моль санын есептеу қиыға түседі.Сондықтан химияда моль ( зат молшері) мольмен өлшенеді.
МОЛЬ - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер болатын ( атом, молекула) зат мөлшері.
ХІХ ғасырдың басында итальян ғалымы Авогадро құрметіне Авогадро саны 6,02 * 10 23 санға тең, ол кезкелген зат үшін тұрақты шама.
Дәптерге: V = m/M m=V*M V = N/Na N = V*Na V = V/ Vm V = V * Vm
Мысалы: массасы 112 г темір қанша зат мөлшеріне сай келеді?
Формулалар сөйлейді!” Химиялық формуланың оқылуы жазылған үлестірме қағаз топтарға таратылады. Оқушылар заттардың формулаларын дәптерлеріне орындап, тақтаға жазады.
І топтың тапсырмасы: «аш эн о үш», «феррум екі о үш», «калий екі эс о төрт», «купрум о» ІІ топтың тапсырмасы: «гидраргирум екі о», « аурум екі о үш», « алюминий екі эс о төрт үш еселенген», «натрий хлор» ІІІ топтың тапсырмасы. « калий марганец о төрт», «аш екі эс о төрт», « силициум хлор төрт», « калий екі хром екі о жеті» ІІІ. Жаңа сабақты талдау. Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша үш топқа тақырыптарын бөліп беремін. Оқушылар топ бойынша жұмыстанып, постер қорғайды.
І топ “Зат мөлшері” ІІ топ “Авогадро саны” ІІІтоп “Молярлық масса”
Зат мөлшері
Ʋ- заттың мөлшері
m-заттың массасы
M-молярлық масса
Ʋ= m/M
Mr = M(г/моль)
Мr(H2O)= 18 M(H2O)= 18г/моль
Авогадро саны
NA = 6,023 ∙ 10 ²³ Авогадро саны
N = Ʋ ∙ NA
Ʋ= N / NA
Ʋ- заттың мөлшері
N-молекула және атом саны
1 – топ. Мына заттарды жай және күрделі заттарға жіктей отырып, олардың салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массаларын табыңдар: S, NaCl, Fe2O3,SO2, Ca, FeS, H2SO4.
2 – топ. Мына заттардың формулалары берілген: O3, S4, CaCO3, Na, H3PO4, P4, NaOH.
3 – топ. Тағамға пайдаланатын кейбір заттардың: су Н2О, ас тұзы NaCl, қант C12H22O11, сірке қышқылы CH3COOH салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, массаларының өсу ретімен орналастырыңдар.
4 – топ. Мына оқылулары бойынша заттардың формулаларын жазып, салыстырмалы атомдық және салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңдер:
А) марганцовка «калий – марганец – о – төрт»
Ә) күкірт қышқылы «аш – екі – эс – о – төрт»
Б) глюкоза «це – алты – аш – он екі – о – алты»
В) алюминий оксиді «алюминий – екі – о – үш»
Бағалау: «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі Топтар тапсырмаларын алып, бірлесе отырып жұмыстанады. Уақыт біткен соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тапсырманы тақтада орындайды.
Топтар бір – бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Постер жасату. Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.
Сергіту сәті
2 минут
«Қыдырып қайтайық!» би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі
Аяқталуы 20 минут
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.
1. “Кім шапшаң?” топтарға тапсырмалар беріледі, сол бойынша тақтаға есептер шығарылады.
1. Массасы 36г судың зат мөлшерін, молекула санын есепте?
Бер: m(H2O) = 36г
т/к: ν-? No -?
2. Зат мөлшері 3 моль тұз қышқылының массасын тап?
Бер: ν(HСІ) = 3 моль
т/к: m-?
3. 3,01 ∙ 10 ²³ молекуласы бар натрий гидроксидінің зат мөлшерін, массасын тап?
Бер: No (NaOH)= 3,01 ∙ 10 ²³
т/к: ν-? m -?
«Жарқыраған шың» оқушылар есептер шығару арқылы бүгінгі өткен тақырыпты қорытындылайды.
1. Бер: m (H2SO4) = 294г
т/к: ν-?
2. Бер: ν (Р2O5) = 10 моль
т/к: m-?
3. Бер: N0 (AI2O3)= 24,08 ∙ 10 ²³
т/к: ν-? m -?
Қортынды сұрақтар
«Кім жылдам?» (жеке жұмыс)
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз не?
Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
Химиялық элемент дегеніміз не?
Химиялық элемент таңбасы қайдан шыққан?
Химиялық элементтерді қандай үлкен екі топқа бөледі?
Жай зат дегеніміз не?
Зат мөлшерінің шартты белгісі?
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?
Авогадро санының мәні нешеге тең?
Рефлексия Бүгінгі сабақ қандай пәнмен байланысты болды?
Қандай қосымша жаңа сөздермен таныстыңыз?
Сабақтан қандай әсер алдыңыз?
Сабаққа бір ұсыныс.
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
Рефлексия Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
«Бағдаршам» әдісі
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?