Пәні: қоғамтану
Сабақ тақырыбы: Адамның дүниеге танымдық көзқарасы. Сабақ түрі: теориялық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Студенттерге адамның дүниеге деген көзқарасы мен мәнін, маңызын аша отырып, түсіндіру. Адам өмірінде маңызды орын алатын дүниетанымның ерекшеліктері туралы мағлұмат беру. Әлеуметтік таптарды жіктей және мағынасын ашып талдай білуге үйрету; Қоғамның әлеуметтік таптарына студенттердің көзқарасын білу.
Дамытушылық: Дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымның ерекшелігін көрсету. Дүниетанымдық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:
Дүниетанымдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, білімді азамат тәрбиелеу. Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.