Сабақ тақырыбы: Қ. Мұқышев Көктем



бет1/3
Дата17.04.2017
өлшемі1,32 Mb.
#14145
түріСабақ
  1   2   3
 

Калназарова Сара Жултаевна

Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Қ.Мұқышев Көктем
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, суреттер, әртүрлі түсті гүлдер, көбелектер, маркерлер, постер, желім
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, музыка 
Сабақ барысы: 
l.Ұйымдастыру
Сабаққа әзірлеу
2.Психологиялық дайындық. 
Табиғат

Тіршіліксің тұнып тұрған

Сен – күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің,

Сен ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен - гүлсің,

Сен – адамсың.

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.

3.Гүлдер жылдың қай мезгілінде қызыл ала кілемдей құлпырады? 
4.Көктем айларын ата? 
5.Топтастыру: Көктем 
6.Жаңа сабақ. 
1.Жаңа сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау, күннің жадын жазу. 
2.Қабыкен Мұқышев «Көктем» өлеңімен танысамыз. 

Қабыкен Мұқышев өмірі, туған жері, шығармалары жайлы таныстырып өту. 
(1920-1976) - Қарағанды облысыНұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940 жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944 — 1949 жж. Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950 — 1960 жж. Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.

Оқулықпен жұмыс

А) Өлеңді мәнерлеп оқу
Ә) Өлеңді жекелей оқыту


1-топ “Жуып жердің омырауын” тіркесінің мағынасын түсіндір

2 - топ “Дегдіді” сөзіне мағыналас сөздерді тап

3 -топ Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы

4 -топ Осы өлең бойынша сурет салып көр




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет