Ақмола облысы
Қоянды ауылы
Қоянды орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кенжетай Бердігүл
Күні:
Сыныбы: 8а
Пәні: Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы :Себеп-салдар салалас.
Сабақ мақсаты: а) білімділік – Себеп-салдар салаластың жасалу жолдары мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру;
Тәрбиелік: Имандылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылығы - Тақырып төңірегінде іздену жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау
І. Ой шақыру.
- Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем нені білдіреді?(Оқушылардың ойын тыңдау)
ІІ. Мағынаны таны.
-
Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.
Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді,сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.
Қазір ол сақалын да қырған,киімін де өзгерткен,сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.
ІІІ. Кубизм.
І топ Суреттеңіз ( Себеп-салдар туралы жаз)
ІІ топ Салыстырыңыз(Ыңғайлас салаласпен)
ІІІ топ Ойыңызбен байланыстырыңыз («Қажымұқан мәтініне жан- жақты талдау )
ІҮ топ Саралаңыз ( Ыңғайлас салаласпен !
Ү топ Қолданыңыз ( 102 жаттығудың шарты бойынша орындаңдар)
ҮІ топ Талқылаңыз (Себеп-салдар салалас сөйлемнің ішіндегі себебі мен салдарын ажырту)
ІҮ Жаттығу жұмыстары.
102,103,104-жаттығуларды шарттарымен орындау.
Жаңа сабақты бекіту: Cонымен, себеп-салдар салалас дегеніміз не екен ?
Үйге : Себеп-салдар салалас,М. Әуезов «Абай жолы» романынан 10 cөйлем жазып келу
Бағалау:
Күні: Сыныбы: 8а Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдарымен таныстыру.
2) Дамытушылық: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерінің жалғаулықты шылауларын ажырата білуге үйрету.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз ойларын тиянақты түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: тест парақтары, өзін-өзі бағалау кестесі, тірек кесте жазылған плакат, суреттер т.б.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ (алған білімдерін бекіту).
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, жұп жұмысы, топ-тастыру, талдау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру.
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап әдісі.
Сұрақтар:
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
Салалас құрмалас сөйлемдерден алған білімдерін тексеру мақсатында тест жұмысы. Ол үшін арнайы тест парақтары үлестіріледі. Шектеулі уақыт беріледі. Уақыт біткен соң, тест парақтарын бір-бірімен алмастырады. Бағалау көрсеткішін тақтаға іліп қоямын да, сол бойынша қателерін тексертіп, бірін-бірі бағалау кестелері бойынша бағалайды.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Алдымен тақтаға ай-күнді, сабақтың тақырыбын жазып қоямын да, оқушы-ларды сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Сабақ жоспары:
Тест жұмысы.
Жаңа сабақ.
Өзіндік жұмыс.
Жұп жұмысы.
Шығармашылық жұмыс.
Ой қозғау.
Қорытынды. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Талдау:
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары.
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама-қарсы болатын салаластың түрі.
Жалғаулықтары
Алайда, дегенмен, бірақ, сонда да, әйтсе де(бұл жалғаулықтар жай сөйлемдердің арасында қайталанбай, бір-ақ рет келеді. Мұндай жай сөйлемнің арасы үтірмен бөлінеді. Мысалы: Кітабымен жүрегіңді жылытқан жазушының бәрін де жақсы көресің, бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстықбоптанылғандарыболады.)
|
Күрделі мәселе:
Қарсылықты мәндегі жалғаулық шылауларды басқа шылаулардан ажырата алмау.
|
ӘЕФ:
Жай сөйлем-дерді бай-ланыстыратын жалғаулықтар.
Ережелер
|
Тәжірибе:
Тест.
Жаңа сабақ.
Өзіндік жұмыс.
Жұп жұмысы.
Шығар-машылық жұмыс.
Ой қозғау.
Қорытынды.
|
IV. Өзіндік жұмыс: 105жаттығу. Өз беттерінше мәтіннен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
V. Жұп жұмысы: 106-жаттығу. Екі топтағы жай сөйлемдерді қарсылықты салалас құрмалас сөйлем етіп құрап, тыныс белгілерін қою.
VІ. Шығармашылық жұмыс: Қарсылықты салаластың жалғаулықты шылауларын қатыстыра отырып, өз ойларынан қысқаша «Қыс» тақырыбына әңгіме құрап жазу.
Ой қозғау мақсатында топтастыру. Оқушылардың алдына әр топқа бір-бір плакаттан беріледі. Сол плакатқа тақырып төңірегінде не біледі, жазып шығады.
Екі жай сөйлем аяқталған күрделі ой аражігіне үтір қойылады
Жалғаулықты Құрмалас сөйлем. Жалғаулықсыз
Салалас Сабақтас Аралас
Баяндауыштары тиянақты болады өзара тең дәрежеде байланысады
Интонация арқ. Салалас құрмалас сөйлем. Жалғаулық шылаулар арқ.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналық қарым-қатынасына қарай
6 түрге бөлінеді.
Жай сөйлемдер бір-біріне тәуелсіз Бұл қай дербес әрекеттерді баяндайды
салаластың түрі?
Салалас Жалғаулықты шылаулар арқылы
байланысады
араларына үтір қойылады.
Жаңа сабақты қорыту үшін себеп-салдар салалас пен қарсылықты салаласты салыстыра отырып Венн диаграммасын құру.
Себеп-салдар салалас
|
|
Қарсылықты салалас
|
Ерекшеліктері:
Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелесе байланысады.
|
Ортақ белгілері:
Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден тұрады.
Екі баяндауышы болады. Баяндауыштары салаласа байланысады, яғни тең дәрежеде.
Екі жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіреді.
|
Ерекшеліктері:
|
Осылайша жаңа сабақты қорытып бекіту.
Үйге тапсырма беру: Қарсылықты салалас , олардың жасалу жолдары,108-109 жаттығулар.
Оқушылардың білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою. Сабаққа жақсы, белсенді түрде қатысып отырған оқушыларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |