Ортасы
10 мин
10 мин
10 мин
5 мин
|
Оқушыларға қысқаша теориялық түсінік айтылып, керекті формулалар естеріне түсіріледі. Оқушылар берілген жабдықтарды пайдаланып, бірінші, денені h биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтайды.
Жұмыс барысы:
1) білеушені көтеретін h биіктігін таңдап алады;
2) білеушенің ауырлық күшін динамометрмен өлшейді;
3) білеушені h биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарады.
Екінші, денені көлбеу жазықтың бойымен h биіктікке бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтайды. Мұнда механиканың алтын ережесі бойынша > болатыны дәлелдейді.
Жұмыс барысы:
1) h биіктікпен білеуше өзгерісіз қалады;
2) көлбеу жазықтықтың ұзындығын өлшейді;
3) білеушеге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартады да, тарту күшін өлшеңдер;
4) білеушені көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты есептейді.
Үшінші, көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табады.
ПӘК-ті табу үшін:
1) көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін
формуласымен есептейді;
2) механиканың «алтын ережесін» пайдаланы, үйкеліс есепке алынбаған жағдайда, көлбеу жазықтың күштен қандай ұтыс беретінін есептейді.
Зерттелетін жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді кестеге түсіреді.
Оқушылар жасаған зертханалық жұмыстары бойынша қорытынды жазады.
|
тақтай, динамометр, өлшеуіне таспа немесе сызғыш, ағаш, білеуше, жылжымалы қысқышы бар штатив.
|