Сабақ тақырыбы:
§50, 51. Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі. Азиядағы геосаяси кеңістік.
Дүниежүзінıң геосаяси кеңістıгі ала-құлалығымен және өзгермелі сипатымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде әскери қақтығыстар алаңы болып отырған аймақтарға, ең алдымен Африка, Азия жатады.
Геосаяси құбылыстар мен үдерістердің дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында өте қарқынды жүрді.
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕМ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН САЯСИ ФАКТОРЛАР
Лаңкестіктің ерекшеліктері
Лаңкестік тактиканың өзгеруі
Лаңкестік ұйымдар құрылымының жетілдірілуі
Халықаралық лаңкестіктің адами ресурстары мен қаржылық көздерінің арта түсуі
Лаңкестіктің ең жаңа түрі ақпараттық лаңкестіктің пайда болуы
Діни және ұлттық өшпенділік негізіндегі лаңкестіктің басым болуы
Лаңкестіктің қатыгез формалары мен әдістерінің пайда болуы
Қазіргі заманғы лаңкестікке тән белгілер
Антиглобализм – қазіргі түрдегі жаһандану үдерісінің белгілі бір аспектілеріне, атап айтқанда, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты жаһандық трансұлттық корпорациялар мен сауда-мемлекеттік ұйымдардың үстемдігіне қарсы бағытталған әлеуметтік-саяси қозғалыс.
Антиглобализмнің алғашқы ресми ұйымы 1998 жылы Францияда пайда болған «АТТАК - Франция» (Қаржы операцияларына салық салуды жақтайтын азаматтардың ассоциациясы) болды.
Халықаралық лаңкестік лаңкестіктің аса қауіпті түрі ретінде 1960 жылдардың соңында пайда болды. Халықаралық лаңкестіктің негізгі мақсаты – мемлекетті басқару ісіне кедергі келтіру, экономикалық және саяси нұқсан келтіру, тұрақсыз жағдай қалыптастыру арқылы үкіметті өз саясатын жүргізуге итермелеу.
Сепаратизм (фр. séparatisme лат. separatus – жеке) – жаңа тәуелсіз мемлет құру мақсатында немесе өте кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат. Бұл аумақтың бір бөлігін мемлекеттен бөлуге шақыратын және соған әкелетін идеологияға негізделген саяси және басқа қозғалыстардың немесе бағыттардың ерекше түрі.
Азиядағы әлемдегі аумағы, халқының саны жағынан аса ірі елдердің орналасуы
Діни, мәдени ала-құлалықтар, әлемдік діндердің отаны болуы
Азияда әлемдік экономика алпауыттарының орналасуы
Ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан шиеленіс ошақтарының болуы(араб-израиль, Корея түбегі және т.б.)
Азияда саяси тұрғыдан «салмақты» саяси күштердің шоғырлануы
Аймақ елдерінің даму деңгейінің үлкен айырмашылық жасауы
Азиядағы геосаяси кеңістікке ықпал ететін факторлар
Ауғанстаннан аймаққа қарулы жасақтардың өтуі, заңсыз есірткі және қару-жарақ саудасының қаупі
Аймақтың бірқатар елдерінде ішкі ұлтаралық кикілжіңдердің, жікшілдік көріністерінің болуы
Орталық Азия елдерінің экономикалық даму деңгейлерінің әркелкілігі, шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер, шекара маңы жанжалдары
Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері
Ой қозғау.
Қалай ойлайсың, халықаралық лаңкестіктің дамуына қандай факторлар ықпал етеді?
Лаңкестік әрекеттердің ғаламдық карта-схемасы (1970-2015 жж.)
Тапсырма.
Азиядағы геосаяси факторларды талдау негізінде олардың ықпалын анықтап, кестені толтыр.
Кері байланыс.
«Еркін микрофон» әдісі.
- Бүгінгі сабақтан алған әсерің?
- Сабақтан не түсіндің?
- Сабақ ұнады ма және несімен?
Қорытынды.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |