- Алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді үйрету.
Сабақтың міндеттері
Оқушылар білуі керек:
- көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін;
- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін;
- көздіӊ ақауларын айыра білу;
- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті қандай көзілдірікпен түзету.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары, терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: Көз – күрделі оптикалық жүйе, көз бұршағы, көз торламасы, аккомодация, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік. Арнайы пәндік лексика және терминология:
Сөздік
Көз бұршағы
lens
хрусталик
Көз торламасы
retina
сетчатка
Жақыннан көргіштік
Myopia
близорукость
Алыстан көргіштік
Hyperopia
дальнозоркость
Ойыс линза
Concave lens
Вогнутая линза
Дөӊес лин
а
Convex lens
Выпуклая линза
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Көз алмасының тор қабатында нәрсенің шын, кішірейтілген, төңкерілгенкескіні пайда болады.
Көз нәрсенің орналасу қашықтығына байланысты өзінің оптикалық күшін рефлективті өзгертуі мүмкін. Бұл процесс аккомодация деп аталады. Циллиарлық (кірпік) бұлшық еттерінің босаңдық кезінде көздің көретін нүктесі алыстағы нүкте деп аталады. Циллиарлық бұлшық еттерінің ең үлкен күш салуы кезінде көздің анық көретін нүктесі жақындағы нүкте деп аталады. Сау көздіӊ алыстағы нүктесі шексіздікте, ал жақындағы нүктесі 15-20 см қашықтықта орналасқан.
Жақыннан көргіштік - көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады.
Алыстан көргіштік - көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады.
Өткен сабақ материалдары
Оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаюы. Жұқа линзалардыӊ қолданылуы.