7.3.1.4 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.5 есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану;
Сабақ мақсаттары
Архимед күші туралы түсінік қалыптастыру. Архимед заңының физикалық мағынасын ашу;
Архимед заңы ұғымын техникада, тұрмыста қолдану маңызын білу.
Архимед заңын қолданып, есептер мен практикалық тапсырмалар орындау;
Бағалау критерийлері
Білу: Архимед күші қандай шамаларға тәуелді екенін және негізгі физикалық терминдерді, ұғымдарды ағылшын тілінде біледі.
Түсіну: Архимед заңының тұжырымдалуын және физикалық мағынасын түсінеді.
Қолдану: Архимед күші немесе ығыстырушы күш формуласын есептер шығаруда қолдана алады.
Анализ: Архимед күші формуласын қорытып, анализ жасай алады.
Синтез: эксперимент арқылы Архимед күшін анықтай алады, ауырлық күшімен салыстырып, жауаптарын дәлелдей алады.
Бағалау:
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Архимед күші сұйықтық немесе газ тарапынан денелерді кері итеруші күш екендігін біледі. Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі:
Арнайы пәндік лексика және терминология: ығыстырылып шығарылған сұйық көлемі, сұйық тығыздығы, Архимед күші.
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Архимед күші- бұл сұйыққа немесе газға түсірілген денелерді … күш.
Архимед күші - … физикалық шамаларға тәуелді.
Құндылықтарды дарыту
Осы сабақта балалардың бойына Архимед күшін және оны сипаттайтын негізгі физикалық шамалар туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Пәнаралық байланыстар
Есептеулер жүргізу және формулаларды қорыту кезінде оқушылардың математикалық дағдыларына назар аудару. Дене көлемін анықтау кезінде геометрия пәнімен, рольдік ойын арқылы аңызды сипаттауда әдебиет пәнімен пәнаралық байланыстар орын алады. Интернет ресурстарын АКТ қолдану.
АКТ қолдану дағдылары
Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды оқулық) қолдану.
Интернет ресурстарымен жұмыс. Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну, зерттеушілік дағдыларын дамыта алады.
Бастапқы білім
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1 минут
3 минут
1 минут
Сабақ басында:
- топқа бөлу. (АКТ арқылы 3 топқа бөлу)
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға
Қызығушылықты ояту: «Learning Apps» бағдарламасы арқылы құрастырылған интерактивті жаттығу.
Мақсаты: Тілдік мақсаттарды жүзеге асыру үшін физикалық терминдерді, негізгі ұғымдарды ағылшын тілінде білу.
Барысы: Өтілген физикалық шамаларды 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) «Learning Apps» бағдарламасы көмегімен құрастырылған интерактивті жаттығуды орындайды. Сәйкестікті табады.
Мұғалім іс-әрекеті: http://www.classtools.net/education-games-php/fruit_machine ресурсы арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу. «Learning Apps» бағдарламасы көмегімен құрастырылған жаттығуды түсіндіру. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын / ОМ анықтап алады.
Оқушы іс-әрекеті: топ бойынша жаттығудан сәйкестікті дұрыс табу.
Бағалау: Топ мүшелері сәйкестіктің нешеуін дұрыс тапқандықтарын санап, топтар бірін-бірі бағалайды.
«Миллион кімге бұйырады?» ойыны.
Мақсаты: үй тапсырмасын тексеру.
Барысы: Қысым және оның әртүрлі ортадағы сипаттамасы бойынша тапсырмадағы сұрақтарға дұрыс жауап беру қажет. Ұпай саны жоғары болған сайын тапсырма қиындығыда күрделене түседі.
Мұғалім іс-әрекеті: http://learningapps.org/display?v=picdhwiqj17 ресурсы арқылы өзі құрастырған «Миллион кімге бұйырады?» ойынының мақсатымен таныстырып, мұқият ойланып жауап беруді талап етеді.
Оқушы іс - әрекеті: Әрбір топ экранда көрсетілген (500, 1000, 5000, 50 000, 250 000, 1 000 000) тапсырмаларды орындайды. Миллион алуға ұмтылады.
Бағалау: күймейтін сұрақтан өтсе немесе миллионға қол жеткізсе, сол топқа тәттілер үйлестіріледі.
Мақсаты: Архимед заңы туралы оқушылардың алдын-ала не білетінін анықтау.
Барысы: білемін, білгім келеді, үйрендім кестесінің бірінші, екінші бағандарын толтыру.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға ББҮ кестесін үйлестіріп тек 1, 2 бағандары толтыру сұралады.
Оқушы іс-әрекеті: Архимед күші, заңы туралы не білетінін толтырады. Олар Архимед ғалымы туралы аңызды естіп, жазулары мүмкін.
Бағалау: Әр оқушы не жазғанын ортаға салып, оқиды. Кімде білетін ақпарат өте көп екенін және оны әрі жетілдіріп білгісі келетінін мұғалім ескереді.
Топтық жұмыс.
1 топ. Қандай әдіс арқылы Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады? (Рөлдік ойын)
2 топ. Архимед күшін анықтауға арналған формуланы қорытып шығарыңыз.
3 топ. Архимед ашқан жаңалығын түсіну үшін эксперимент жасап, дәлелдеу. Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқылаңыз.
Мақсаты: үйрендім бағанын толтыру үшін өздіктерінен ізденіп, Архимед күшін немесе ығыстырушы күшті талқылау, дәлелдеу, түсіндіру.
Барысы: 3 топ берілген тақырыптары бойынша уақытқа сай жұмыстанады. Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды оқулық) қолданады.
Мұғалім іс-әрекеті: Топтарға ресурстар ұсынады. Уақытты қадағалайды, ескертеді. Ақпаратты іздеп, оқып, өңдеуге 10 минут уақыт берілді, интерактивті тақтаға көз салып, қарап қоюларыңызға болады. http://bilimland.kz/ қолдану ұсынылады, бағыт-бағдар береді. Әр бір топ қорғауға берілетін уақыт 3 минут. Топтар қорғаған кезде өте мұқият, ұқыптылықпен, жауапкершілікпен тыңдауымыз қажет екенін ескертеді. Өйткені 3 бағанды толтыру үшін топ жауаптары маңызды. Топтың алтын ережесін естеріне салады.
Оқушы іс-әрекеті: Топтар өзара бірлесе, жұмылып, тапсырмалары бойынша ақпарат іздеп, тауып, оқып, оны өңдеп, жинақтап, талқылайды. Флипчарттарын қорғайды.
Бағалау: Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы ақпарат алмасты.Тыңдаған жауаптары бойынша 3-ші бағанды толтырады. Не үйренгендерін ортаға салып, өзара бағалайды. Критерий бойынша:
Топ мүшелерінің толық қатысуы.
Тақырыпты жеткізе білу.
Аудиторияны тыңдата білу.
Қосымша ақпараттың болуы.
Сұрақ-жауап.
Олай болса, не түйдік балалар?
Дәптермен, оқулықпен жұмыс
Ғы.к.= Рауа-Рс
Архимед күші:
V- дененің суға батқан көлемі (м3);
ρс- cұйық тығыздығы (кг/м3);
g= 9,8 м/с2
Сұйыққа батырылған денені қысып шығарушы күш дененің қандай материалдан жасалғанына тәуелді емес.
Сұйыққа батырылған денені қысып шығарушы күш дененің көлеміне тура пропорционал.
Мұғалім дене тығыздығын, батқан бөлік көлемін анықтау формуласын өзі қорытып шығарады.
Электронды оқулықтан вертуальды лаборатория көрсетіледі.
Оқу/сабақ мақсаттары дұрыс қойылған деп ойлаймын. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Әсіресе, өз еңбектерімен ізденіп, бір-бірімен талқылап ортаға салып, аңызды рөлге бөлініп ойнауда кезінде (автор, Герион патшасы, Архимед болып өздері бөлініп), эксперименттеріде сәтті шығып, сиқыр жасағандай өзара маз болып, негізгі Архимед заңының мағынасы неде екендіктеріне көз жеткізіп, оқушыларға түсіндіре алды. Қатты, сұйықтардағы қысым формуласын білгендіктен формуласында қорыту қиынға соқпады, мақсатқа жете алды. Ал, дене тығыздығын анықтауға арналған есептерде кейбір оқушылардың қиналғаны байқалды, дегенмен бағыт беріп, дұрыс жолын көрсеткен кезде, түсініп одан әрі өз беттерімен ұқсас тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында уақыт кезеңдерінде сәл ауытқу болды.
1: Үй тапсырмасын тексеру кезінде үйымдастырылған «Миллион кімге бұйырады?» ойыны.
2: Оқушылардың жаңа тақырыпты өздіктерінен талқылап, өзара оқыту кезіндегі топтық жұмысы
Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?
1: Уақытты ұтымды пайдалану.
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақ барысында кейбір оқушылардың дене тығыздығын анықтау, батқан бөлік көлемін анықтау секілді есептерге қиналғандары көрінді. Келесі сабақта жеке немесе жұптық жұмыс бойынша қиналған есесптеріне ұқсас тапсырмалар, деңгейлік есептер беріп, қайталатып еске түсіру қажет.