Сабақ тақырыбы: Астана Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Күні



Дата05.09.2020
өлшемі386,12 Kb.
#77105
түріСабақ
Байланысты:
Усербаев Камшат


Мектеп: Үлкен Дихан орта мектебі


Сабақ тақырыбы: Астана – Тәуелсіз Қазақстанның астанасы


Күні: 25.02.2019 жыл

Мұғалімнің есімі: Усербаева Камшат Батжанкызы


Сынып: 9

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


9.3.1.11 – Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің нышаны ретінде

айқындау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Астананы жаңа Қазақстанның өркендеуінің

нышаны екендігін айқындайды



Оқушылардың басым бөлігі: Астананы көшірудің

стратегиялық шешім екенін дәлелдейді.



Кейбір оқушылар: Астананы көшіру Қазақстанның

бірден-бір нақты кезеңінде туындаған батыл шешім екенін бағалайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Бағалау,жинақтау

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық


Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Астананы көшірудің қандай қажеттіліктен туындағанын айқындайды,

стратегиялық маңыздылығын бағалайды



Зерттеу сұрағы


Астананы көшіру неліктен ұтымды стратегиялық шешім болып табылды?

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағдылар:

Тыңдалым дағдысы: Астана туралы бейнефильм

көре отырып, мазмұнын тыңдайды



Айтылым дағдысы: Топта тақырып пікірталас жүргізеді.

Жазылым дағдысы: «ЭСӘТ талдау» арқылы жазылым

дағдысын қалыптастырады



Оқылым дағдысы: ҚР-ның астанасы Астана қаласының тарихы жайлы оқи отырып негізгі ойды зерделейді.

Терминология:

Конгресс-кездесу, жиналыс

ЭКСПО- дүниежүзілік көрме

Саммит - сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу

үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі



Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу

өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және

тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын

өндірістік қатынастар.



Сөз тіркестері:

Астананы көшіру, стратегиялық шешім, Қазақстанның өркендеуі, жаңа

Астана, Астана күні


Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде, бірінші

құндылыққа сәйкес Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана туралы

тың ойлар қалыптастыру


Пәнаралық байланыстар

География, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук, бейнеролик

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан туралы өз ойларын анық жеткізе алады


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы
5 минут

7 минут


7 минут


Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық ахуал орнату (Жақсы тілек)

Қала атаулары арқылы төрт топқа біріктіремін



Оқушылар «Сиқырлы қобдишадан» қалалар бейнеленген суреттерді алады. Осы суреттер арқылы төрт топқа бөлінеді.

  1. топ: Орынбор

  2. топ: Қызылорда

  3. топ: Алматы

  4. топ: Астана




Орынбор (1920 –1925) Қызылорда (1925 – 1929)



Алматы (1929 – 1997) Астана қаласы 1997 ж. 20 қазанда

Сынып оқушыларына «Астана қаласы» тақырыбында бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыпқа жетелеу.

Бейнероликті «SWOT талдау» әдісі арқылы топтық талқылау және талдау

Дескриптор:

1.Астананы көшірудің күшті жағына кемінде екі дәлел келтіреді

2. Астананы көшірудің әлсіз жағына кемінде екі дәлел келтіреді

3. Мүмкіндіктеріне бір дәлел келтіреді

4. Қаупіне бір дәлел келтіреді



Кері байланыс: «Сэндвич» әдісі

Оқушыларды сабақтың мақсатымен және зерттеу сұрағымен таныстыру



http://www.

akorda.kz/kz/

republic_of_

kazakhstan/

astana

https://massaget

.kz/layfstayl

/alemtanu/

Qazaqstanym/

315

Бейне-


материал

көрсету


https://www.

youtube.com/

watch?v=hziz

E15VZF0





Ортасы

17 минут


Жаңа сабақ

Зерттеу сұрағы: Астананы көшіру неліктен ұтымды

стратегиялық шешім болып табылды?
1 - тапсырма: «ЭСӘТ талдау» әдісі.

Оқушылар топтық жұмыс жасайды.

Постер түрінде Астананы көшірудің экономикасына, саясатына, әлеуметтік құрылымына, технологиясына тоқталып, саралайды.

Э /экономикалық / С /саяси/

Ә /әлеуметтік / Т /технологиялық/


  1. ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына көшірілгенде қандай экономикалық кедергілер кездесті?

  2. Астананың Ақмолаға көшірудегі саяси мәні қандай еді?

  3. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы қалай жүзеге асты?

  4. Сол жылдары қандай технологиялар қарыштап дами

бастады?


Дескриптор:


  • ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына көшірілгенде қандай экономикалық кедергілер кездескеніне бір дәлел келтіреді;

  • Астананың Ақмолаға көшірудегі саяси мәні қандай екеніне

екі аргумент келтіреді;

  • Қазақстанның әлеуметтік құрылымы қалай жүзеге

асатынына бір дәйек келтіреді;

  • Сол жылдары қандай технологиялар дамығанына екі дәлел

келтіреді.
Кері байланыс:

« А Ә Б В» әдісі:

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.



Саралау тапсырмасы. «Блум түймедағы» әдісі

Оқушылардың білім деңгейін саралау мақсатында «Блум түймедағы» әдісі қолданамын. Бұл тұста оқушылар берілген қарапайым сұрақтан тартып, тәжірбиелік сұраққа дейін жауап беруге тырысады.

1. Қарапайым сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, болған жайттар туралы әңгімелеп беруге болады. Дәстүрлі бақылау жұмыстарында, терминологиялық диктанттарда, т.б. қолданылады.

2. Анықтаушы сұрақ. Әдетте, «Сонда сіз солай демекшісіз ғой ..?», «Менің түсінуімше, сіз ...», «Менің қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше, сіз былай айтқан сияқты болдыңыз...» деген сұрақтар болады. Бұл сұрақтар анықтау мақсатында жайдары  көңілмен берілуі керек.

3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. «Неліктен ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына көшірілді?» - деген сұрақтың жауабын оқушылар білетін болса, ол сұрақ жай сұраққа «айналады».

4. Шығармашылық сұрақтар: «егер», «болса», «қалай болар еді» деген сияқты сөздермен келеді.

5. Бағалау сұрақтары. «Неліктен бұл жақсы, басқасы жаман деген баға

алды?», «Бір нәрсе екінші нәрседен несімен ерекшеленеді?» - деген сұрақтар бағалау критерийлерін түсіндіруге бағытталған.



  1. Тәжірибелік сұрақтар. «Елбасы Н.Назарбаев не үшін астананы көшіру туралы шешім қабылдады?», «Президенттің орында болсаңыз, не істер едіңіз?» - деген сипаттағы сұрақтар теория мен  практиканы ұштастырады.

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

  1. Қазақстанда барлығы неше астана болды?

  2. Қазақстандағы астаналардың хронологиялық мерзімін көрсет.

  3. Неліктен ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына көшірілді?

  4. Егер, Елорданы көшіру туралы стратегиялық шешім қабылданбаған болса,қалай болар еді?

  5. Астана мемелекеттік ресми іс-форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады, сондай-ақ, қандай артықшылығымен ерекшеленеді?

  6. Елбасы Н.Назарбаев не үшін астананы көшіру туралы шешім қабылдады?

Дескриптор:

  • Қазақстанда неше астана болғанына кем дегенде бір дерек келтіреді;

  • Хронологиялық дәйектер келтіреді;

  • ҚР-ның астанасы Ақмола қаласына көшіру жайында кемінде бір аргумент келтіреді;

  • Шешім қабылданбау салдарына бір дерек келтіреді;

  • Астананың артықшылықтарына кемінде екі дерек келтіреді;

  • Елбасының Астананы көшіру туралы шешіміне бір дәйек келтіреді.

Кері байланыс:




akorda.kz

kk.wikipedia.

org


aikyn.kz





Аяқталуы
4 минут



  • Сабақ барысында не ұнағанын айтады;

  • Не нәрсені өз тәжірбиесіне алғанын айтады;

  • Не нәрсеге қайта оралу керектігін жеткізеді

Осы сұрақтар негізінде оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Міндетті тапсырмаларды орындау барысында ерекшеліктерді ескере отырып, көмекті аз қажет ететін оқушыларға, сондай-ақ, барлық оқушылардың қарқынына назар аударамын (Қарқын тәсілі). Қосымша сұрақтар қою арқылы олардың білім деңгейін бағалаймын.

«ЭСӘТ» талдауы арқылы топтық жұмыс құрамында білім деңгейі әр түрлі оқушылармен дереккөздер негізінде (Дереккөздер тәсілі) жұмыс жасайды. Жұмыс барысында қабілеті жоғары оқушы басқа оқушыға көмек көрсетеді. «Блум түймедағы» әдісін орындау барысында оқушылар бірдей тапсырма орындаса да, нәтижелері әр түрлі болады. Сондай-ақ, диалог пен қолдау көрсету тәсілі негізінде, оқушыға көрсету және ынталандыру да жақсы нәтиже береді.



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Әр тапсырмадан соң, дескриптор беріледі. Төмендегідей қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

«Swot талдау» әдісін «Сэндвич» әдісімен бағаладым.

«ЭСӘТ» әдісін, «АӘБВ» әдісімен қалыптастырушы

бағалау жүргіздім.

«Блум түймедағы» әдісімен «НЕ? НЕ? НЕ?» әдісі

арқылы бағалау жұмысын жасадым.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Сабағымның соңғы бөлігінде, сабағыма рефлексия жүргіздім.

«Рефлексивті экран» әдісі:

Маған қызықты болды…

Маған қиын болды…

Мен үшін маңызды болған нәрсе…

Мен сезіндім…

Мен қоржыныма алдым



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет