Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Сөздік
Ағылшынша
|
Қазақша
|
Орысша
|
Oscillation
|
Тербелмелі қозғалыс
| Колебательное движение |
Free oscillations
|
Еркін тербеліс
|
Свободные колебание
|
Mathematical pendulum
|
Математикалық маятник
|
Математический маятник
|
Resonance
|
Резонанс
|
Резонанс
|
Forced oscillations
|
Еріксіз тербеліс
|
Вынужденные колебание
|
Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер:
Математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс пероды қандай?
Қозғалысын қарастырып отырған денелер тобын денелер жүйесі деп атаймыз.
Жүйеге енетін денелер арасындағы әрекет ететін күштерді ішкі күштер, ал жүйеге енбейтін денелер тарапынан жүйе денелеріне әрекет ететін күштерді сыртқы күштер деп атайды.
|
Басы
0 – 10 мин
Ортасы
10 – 30мин
30 – 45 мин
45 – 75 мин
|
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптарға шолу үшін тест жүргізу.
ІІ. Жаңа сабақ
Табиғатта кездесетін тербеліс түрлерімен танысу, тербелістің пайда болу шарттарын сипаттау, резонанс құбылысын түсіндіру.
Еркін тербелістің анықтамасы айтылады.Еркін тербелістерге мысалдар келтіріледі. Еркін тербелістер әйтеуір бір тоқтайды. Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңуге кететін энергияны толықтырып отыру қажет. Тербелмелі жүйенің энергиясын оған сыртқы периодты түрде өзгеріп отыратын күшпен әрекет ету арқылы толықтыруға болады. Жүйенің энергиясы осы сыртқы күш
жұмысының есебінен толығады. Бұл жағдайда тербелістер енді еркін емес, еріксіз болады; осы тербелістерді тудырушы периодты түрде өзгеріп отыратын күш мәжбур етуші күш деп аталады. Сонымен еріксіз тербелістер дегеніміз — сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Дене тербеліс жасаған кезде оның тербеліс жиілігі мәжбүр етуші күштің жиілігімен сәйкес келгенде пайда болатын ең үлкен ығысу мәнін резонанс деп атайды.
Резонанс құбылысының пайдасы зияны туралы мәлімет беріледі.
Еркін және еріксіз тербелістердің айырмашылығын ажырату үшін «Т» кестесін толтырады.
ІІІ. Есептер шығару
Тақтада есептердің берілгені жазылады.
Егер де серіппеде тербеліп тұрған жүкке, массасы 100 г кіртас ілсе, тербеліс жиілігі 1,41 есе кемиді. Серіппеге әуелі ілінген жүктің массасы қандай?
Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.
Маятникті суға салғанымызда оның тербелу периоды өзгере ме? Маятниктің судағы кедергісі нөлге тең деп алыңдар.
Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кіші, ал Жердің радиусы Айдың радиусынан 3,7 есе үлкен. Маятникті Жерден Айға көшіргенде оның тербелістер периоды қалай өзгереді?
Серіппеге ілінген мыс шар вертикаль тербеледі.Егер серіппеге радиусы сондай алюминий шар ілінсе, тербеліс периоды қалай өзгерер еді?
|
https://kahoot.it/
Презентация (1 – 8 слайд)
Моделирование резонанса:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/resonance
Такома қаласындағы көпірдің құлауы https://www.youtube.com/watch?v=z9y-BrCtBkQ
9 -10 слайдтар
|