Сабақ ортасы
2 мин
6 мин
3 мин
3 мин
3 мин
1 мин
3 мин
7 мин
6 мин
|
Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.95 бет Жұптық жұмыс
Ал балалар жаңылтпашты жаңылмай айту
(1 мин кітаптан өздері оқып,кітапты жапқызып айтқызу)
Көктем жауын-шашынсыз болмас
Жауын-шашынсыз болмаса ,
Жасынсыз болмас
Жұп өзара бір-біріңе жаңылтпашты айту.
Аудиовизуалды сигнал арқылы ақпаратты салыстыру.
Бірлескен оқылым:Оқулық 96бет
Ал, балалар бүгінгі тақырыбымызда берілген мәтінді мұқият оқып алайық «Ақ жаңбыр» мәтінін оқу.
-Ал,балалар мәтінді оқыдық енді,тағы да жаңбыр туралы қандай қызықты ақпараттар бар екен экранды тамашалайық.
Ой қозғау:
-Ал,балалар оқыған мәтінен,көрген видеороликтен не байқадыңыздар?(видео мен мәтінді салыстырып әңгімелеу)
-Жаңбырдың қандай түрлері болады екен?
-Олардың ерекшеліктері қандай?
-Жаңбырдың табиғатқа пайдасы қандай екен?
ҚБ: Мұғалімнің мадақтауы
Жарайсың,Керемет,Ғажапсың
Жұптық жұмыс.Мінездеме жазу
Дереккөз арқылы саралау
мәтін бойынша екі түрлі жаңбыр атауын адам мінезімен сипаттап жазады.
Ақ жаңбыр Өткінші жаңбыр
ҚБ «Өзара бағалау»
Жеке жұмыс:
Дәптермен жұмыс,23бет
1-тапсырма.Жаңбыр жауғанда қандай әсерде боласың?Көркемсөз арқылы 5 сөйлем жаз.
Сергіту сәті:
Тәулік бойы тынбайтын
Болайықшы ақ жаңбыр (ақырын тырсылдату)
Астан-кестен жауатын
Өткінші енді біз жаңбыр(тез тарс-тарс дыбыс шығару)
Топтық жұмыс «Жалғастыр,тап»
Дереккөз бойынша саралау
Топтарға мақалдың жалғасын,жұмбақтың шешуін тап.
1 топ: Мақал
Сәуір болмай жауын болмас
Жауын болмай.........................
Жұмбақ
Айдаһар аузын ашса ,арс етеді
Гауһары жерге түссе,жарқ етеді
( )
2 топ: Мақал
Жаңбыр жауса,жерге сый
Жігіт туса.................................
Жұмбақ
Таудан топ түсті
Аяқ-қолы жоқ түсті ( )
3 топ:Мақал
---------------жер көгерер
-------------------ел көгерер
Жұмбақ
Аспандағы әсем белбеуді
Алып белге буынсам ( )
ҚБ «Мұғалімнің бағалауы»
Топтық жұмыс «Ертегіге саяхат»
Тапсырма бойынша саралау
А .Ертегі бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
В. Су болмаса не болатынын елестетіп әңгімелеу.
С. Су –Бу- Жаңбыр.Осы үшеуін байланыстырып әңгімелеу
ҚБ «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Бағалау критерийі:
• Шығарманың тақырыбын анықтап негізгі ойды жеткізеді.
Тапсырма
Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп,батыр одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан батыр екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық батырды қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады.
Сұрақтар
-Ертегіде қандай қиындық кезеңі бейнеленген?
-Ертегіде қай батыр туралы айтылған?
-Қай жерлерде жауын-шашын көп жауады деп ойлайсың?
Дескриптор
-мәтіннің тақырыбын анықтайды
- мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті анықтайды.
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді?
|
Алматы «Атамұра» 2018жыл
Алматы «Атамұра» 2018жыл
Видеоролик көрсету.(АКТ)
youtube.com
жаңбыр түрлері
Үлестірмелі карта
Стикер «жаңбыр тамшысы»
Әдебиеттік оқу № 2 жұмыс дәптері
Жұмбақ-мақалдар жинағы
Үлестірмелі қағаз
Күн стикері
Ертегілер жинағы
|