Сабақ тақырыбы: Жыл мезгілдерін бейнелеу. Пейзаж салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1.Оқушыларды жыл мезгіліне байланысты сурет салуға үйрету,пейзаж жанры жайлы мағлұмат беру. Табиғат көрінісін бейнелей отырып, перспективалық зандылықтарын, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету.
Дамытушылық: 2. Табиғат көрінісін бейнелеуде құбылыстарды меңгеруге дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік:3. Оқушыларды өз елін, туған табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ойлампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
композиция
перспектива
сурет
түс
көлем
Мәнерлі құралдар
пейзаж
түрлері
таулы
теңізді
ауылдық
қалалық
космостық
индустриалдық
материалдар
холст
бояулар
кистьтер
палитра
технология
фреск
темперлі
пастельді
балауыз
акварельді
майлы
Пейзаж — табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма. Пейзаж француз сөзі – жер, қоршаған ортаны бейнелеу деген мағына береді ,яғни бейнелеу өнер жанрларының бір түрі.
Табигат көрінісін бейнелеуге оқушыларды баулуды бірнеше турге бөлеміз.
1. Өзіне ұнаған табиғат көрінісін бейнелеу.
2. Қоршаған ортаның ерекшелігін ескеру.
3. Табиғат көрінісінен сұлу, әдемі композициялық кұрылым табу.
4. Өзіне қажетті бейнелеу өнері құралдарын тандау, тікелей тәсілмен жұмыс істеу.
Табиғатты бейнелеуде кейбір заттардың кеңістіктегі көлемін және материалдық қасиетін айқындауда оқушылар бірқатар тәсілдерді меңгеру керек.
Олар мыналар болып табылады:
1. негізгі көріністің дәл ұқсастығын сақтау;
2. табиғат көрінісін сәтті тандау, қағаз бетіне үйлесімді бейнелеу;
3. мүмкіндігінше бояумен жылдам жұмыс істеу тәсілін меңгеру.
Пейзаж салу
кезеңдері
Жабық композиция
Ашық композиция
Практикалық жұмыс.
4 деңгейлік тапсырма беремін:
1 деңгейлік тапсырма: табиғат көрінісін бейнелеу-жаз мезгілінде.
2 деңгейлік тапсырма: өз қиялынан табиғат көрінісін бейнелеу күз мезгілінде.
3 деңгейлік тапсырма: өз қиялынан табиғат көрінісін бейнелеу қыс мезгілінде.
4 деңгейлік тапсырма: табиғат көрінісін бейнелеу-көктем көрінісінде.