Сабақ тақырыбы Кіріспе. Сөйлеу мәдениеті Оқу мақсаттары



Дата17.12.2021
өлшемі48,62 Kb.
#102362
түріСабақ

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Мектеп: Жалтыр №2 ОМ

Күні:19.04.17

Мұғалімнің аты-жөні :Семья М.

Сынып:


Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:



9

0


Сабақ тақырыбы

Кіріспе.Сөйлеу мәдениеті

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлық оқушылар: диалогты сөйлеу дағдысын, өз сөзін орынды айта біледі

Оқушылардың басым бөлігі: сөйлемдерді дұрыс айтып, дұрыс құрастыра білуге үйренеді

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың әдептілік,ізеттілік туралы берілген білімді кеңейту; Жазба тілде шақыру, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалана білуге үйрету, оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Жетістік критерилері

Орынды сөйлеуге және тыңдаушыны өзіне тарта білуге үйренеді.

Өз сөзін орынды айта білуге дағдыланады.



Сөйлемдерді дұрыс айтып, дұрыс құрастыра білуге үйренеді.


Құндылықтарды да дарыту

Сыныпта жеті модульді қолдану арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын  арттыру. Бір-бірімен ұжымда ынтымақтаста әңгімелесу, пікірлесу,диалог арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

Сабақтың көрнекі

лігі:

Маркер, қағаздар, оқулық, слайд,АКТ

Пәнаралық

байланыс:

Әдебиет, дүниетану,еңбекке баулу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпқа ынтымақтастық атмосферасын орнату.Тікұшақ арқылы топқа бөлу

Түрлі түсті қағаздар

Сабақтың басы:

Өткенді қайталау.Үй тапсырмасы




Блум кезеңдері:

Білу және түсіну




Ой қозғау:

Егер адам сенімен сыпайы сөйлессе, өзіңді қалай сезінесің?Өзіңмен немесе достарыңмен дөрекі сөйлескен адамға қандай ақыл айтар едің?Бөгде адаммен қалай танысар едің? «Тез ойла, сөз ойла», ойыны

1.Сол жақтағы-30.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?

2. Ортадағы-40. Ауыз екі тіл дегенді қалай түсінесің?

3. Оң жақтағы -20. Жазбаша тіл денеді қалай түсінесің?

4. Сол жақтағы-20 Адамдарға сөйлеу не үшін қажет?

5. Ортадағы -30. . Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?

6. Оң жақтағы -40. Сен тілдің көмегінсіз өз ойыңды түсіндіре аласызба?

7. Сол жақтағы-10 Адамдардың сөйлеуді қай кезде қолданатындары туралы айт.

8. Ортадағы-50. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дегенді қалай түсінесің?

9. Оң жақтағы-30. Қандай сыпайы,әдепті сөздерді білесіңдер?

-Балалар, сыпайы сөздер мәдениеттілікке жатады. Біз қаншалықты сыпайы сөйлесек соншалықты өзіміздің мәдениетті екенімізді көрсетеміз. Мәдениетті сөйлеу-адамның тәрбиесіне байланысты.?

- Балалар, тақтаға назар аударыңдар. Мына жерде сөздер жазылған. Осы сөздердің ішінен сөйлеу мәдениетіне жатпайтын сөздердіалып тастайық. Қалғандары қандай сөздерге жатады? Олай болса оларды қатыстырып сөйлем құрау.(Саханалауға да болады)

"Төрлетіңіз! Кет! Сау болыңыз! Былай тұр! Кешіріңіз! Жоғал! Сәлемдесу түрлері



Сөйлеу мәдениеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі.

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сөйлеу мәдениеті» деп аталады.




А3 көлеміндегі парақ, әртүрлі сурет.

Сабақ ортасы:

Талдау және қолдану




Суреттермен жұмыс

Тақтаға суреттер ілінеді

-Суреттерден нені байқап тұрсыңдар? Жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Екі бала не туралы сөйлесіп тұр? Өз ойларыңды айтыңдар?

Суререт бойынша екі түрлі мәтін құрастырып, оның бірін тақтаға іліп, тыныс белгілеріне назар аударту.

1.Досан көз дәрігеріне келді. Дәрігер Досанның көзін тексерді. Оған көзіне тамызатын дәрі жазып берді. Ақыл-кеңес айтты.

2.-Сәлеметсіз бе, апай?

-Сәлеметсің бе, балақай ? Ал жөніңді айта ғой.

-Апай, көзімді тексертейін деп едім.

-Есімің кім, айналайын?

-Досан.

-Мына жерге отыра ғой, Досан. Мен көрсеткен әріптерді айтасың.

-Жарайды

Диалог және тыныс белгілері туралы түсінік беріледі.



Көркем жазу: Дәптерлерімізді ашып ай-күнді жазайық.

-Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Аа Оқулықпен жұмыс:

2-жаттығу. Топтық жұмыс.

Төмендегі сыпайы сөздерді үлгі бойынша топтап жаз.



Кешірім сұрау:Ренжімеңіз, кешіріңіз, ғафу етіңіз

Өтіну: төрлетіңіз, мархабат, үйге кіруге рұқсат етіңіз.

Шығармашылық жұмыс. Жұптық тапсырма. 3- жаттығу. Сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып «Кешірім» тақырыбына әңгіме құрастыр.



Тірек сөздер: дөрекі сөйлеме,сыпайы сөйле ,алдымен, тыңда, кешірғ сен де мені кешір.

Әртүрлі суреттер, дәптер ,оқулық.


Сабақтың соңы:

Жинақтау


Рефлексия.


Деңгейлік тапсырмалар.

«Тез ойла, сөз ойла» ойыны.

1.-тап.Шарты: 2 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 2 сөз беріледі.

1 тап - сыйластық.

2 тап - кішіпейілділік.

3 тап – инабаттылық

Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар сөз ойлап табуы тиіс.

Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы, астық, лас, сыйлас, сый,

Кішіпейілділік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш,

2-тап.Жеке жұмыс. Мәтінді ары қарай жалғастыр 3-тап.Жұптық жұмыс мәтінді рөлге бөліп сахналаңдар.

4-тап. Әдептілік туралы қанатты сөздер құрастыру. 5-тап. -"кешіріңіз "дыбыстық талдау жаса,сөйлем құрастыр. Топтық жұмыс. Постер әдісімен Сөйлеу мәдениеті жайлы алған  білімдерін постерге сызып, қорғайды.

Сабақта.


Мен білдім....

Мен үйрендім...

Маған ұнады.

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.....


Маркер, А4

Үйге тапсырма:

Ребус құрау. Шешуі" сөйлеу мәдениеті "болуы керек.

Күнделікке белгілеу

Бағалау:

Бағалау критерийі:

«5» — 1- 4 толық қамтылса;

«4» — 1- 3 толық қамтылса;

«3» — 1- 2 толық қамтылса;

Топ басшылары бағалайды.


Оқушының аты - жөні


1.

Үй тапсырмасын орындауы және өткенді қайталауына..



2.

Жаңа сабақты меңгеруі.

Сөйлемдерді дұрыс айтып, дұрыс құрастыра білуіне..


3.

Қосымша тапсырмаларды орындауына...



4.Сабаққа деген белсенділігіне...

5. Қорыты

нды баға


1



















2



















3






















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет