Информатика 9 сынып ІІ – тоқсан – 1 сабақ Дайындаған: Қуанаева Сандуғаш Шарапқызы – информатика пәнінің мұғалімі, Орал қаласы Д. Қонаев атындағы № 44 мектеп - гимназиясы БӨЛІМ «Деректер базасы» . Сабақ тақырыбы: «Мәліметтер қоры» (Деректер базасы) Сабақ мақсаты «деректер дазасы туралы түсінік, дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру; Күнделікті өмірде адамдар қоршаған орта туралы ақпарат ағынын үнемі бақылап отырады. Бұл ағыннан мәлімет алу тиімділігін арттыру үшін деректер базасын басқару жүйелерін(ДББЖ) пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Автоматтандырылған деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану үшін ақпараттық жүйе қолданылады. Мәліметтер қоры сақталатын және өңделетін кең ауқымды деректердің көп мөлшерімен сипатталады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – дегеніміз үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін арналған арнайы программалар.
Ms Access
ДББЖ көптеген мүмкіндіктерге ие Мәліметтер қоры негізгі үш сипаттамаға сәйкес жіктеледі: сақталатын ақпарат сипаты, сақтау тәсілі, ұйымның құрылымы.