Сабақ. Тақырыбы: О. Бөкеев «Апамның астауы»



Дата27.12.2016
өлшемі0,49 Mb.
#5343
түріСабақ
Ана тілі 4-сынып

Жаңа сабақ.

Тақырыбы: О.Бөкеев «Апамның астауы»

Мақсаты:Мәтінді дұрыс түсініп оқып, әңгіменің негізгі ойын анықтау, өздігінен жұмыс істеуге баулу,қорытынды шығаруға машықтандыру ойлау шеберлігін дамыту,сөздік қорын молайту.

Пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Пәнаралық байланыс:Өзін-өзі тану, қазақ тілі сабағы.

Әдісі: баяндау,ойқозғау, сұрақ-жауап.

Түрі:Жаңа білім беру,өзіндік ізденіс .

Көрнекілігі:О.Бөкеевтің суреті, слайд.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

Тілектестік шеңбер бойынша сәлемдесу.



ІІ.Үй жұмысын тексеру.



Ғафу Қайырбеков «Ана тілі»

Жаттаған оқушылардан сұрап, бағалау.

Өткен сабақты пысықтау.


  • Қазақ тілінің байлығын, әсемдігін неден көруге болады?

  • Өлеңдерден, жырлардан, шешендік сөздерден, мақал-мәтелдерден, ертегілерден не байқауға болады?

  • Ана тіліміздің байлығы мен қуаттылығы жөнінде Ғ. Қайырбеков қалай ерекше жырлады?

  • «Ана тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыпта оқушылардың өлеңін тыңдау.

  • Тіл туралы мақал-мәтелдер айту.

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

-Бүгін біз Оралхан Бөкеевтің «Апамның астауы» -әңгімесі мен танысамыз.

-О.Бөкеев кім?

Қысқаша өмірімен таныстыру.

Жазушы


драматург

шығармалары Әдеби қызметкер


Бөлім меңгерушісі

1974-1983ж


«Қазақ әдебиеті»-газетінде редактор орынбасары1983-1991ж


1968ж-74 ж


Әңгіме повестер жинағы. «Біздің жақта қыс ұзақ» романы. «Атау кере» пьеса, «Құлыным менің»

Аудармашы

1965-1968ж



«Кісікиік», «Сайтан көпір», «Кербұғы» әңгімесі бойынша балет, спектакль


1991-1993 ж.Осы газетте бас редактор



ІV.Мәтінді оқыту (тізбектей оқыту)

V.Сөздік жұмыс

Тоқал ағаш там-шатырсыз үй



келі-күріш, тарыны ақтау

астау-ыдыс

VI.Мазмұнымен жұмыс

-Әңгіме сендерге ұнады ма?

-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

-Автордың балалық шағы қай өзеннің бойында өтіпті?

Сол тұсты мәтіннен тауып алып бер.

-Автор неліктен апасының, яғни, әжесінің қолында өсті?

-Апасының бүкіл ауыл балаларына қамқор болғанын білдіретін тұсты тауып оқып бер.

-Әңгіме келіктен «Апамның астауы» деп аталған?

-Осы мәтінді оқи отырып қандай ой түйдің?
VII.Тақтамен жұмыс

Портреттік сипаттамасы, мінезі



жуас

инабатты

қатты сөзі жоқ

сөзге сараң

таза
ІХ.Шығармашылық тапсырма
І-топ- «Менің анам» тақырыбында ЭССЕ жазу
ІІ-топ- Балалық жүректен ең ізгі тілек
ІІІ-топ- Ана туралы бес жолды өлең құрастыру

Сөзжұмбақ

1.Ең сүйікті адам

2.Ананың аяулысы

3.Әке асқар

4.Бала жағадағы

5.Өзі әдемі нәзік

6.Ананың саусағындағы

зергерлік бұйым
Х.Сабақты бекіту
ХІ.Қорытындылау

«Үш қадам сұхбат» ойыны арқылы



ХІІ.Бағалау, мадақтау

ХІІІ.Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу, мазмұндай білу, мәтіндегі апа портретін жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет