Сабақ тақырыбы:«Қобыз атасы-Ықылас»



Дата22.08.2017
өлшемі99,5 Kb.
#24602
түріСабақ
Атырау қаласы,

Жапақ Қаражігітов атындағы

№16 мектеп-гимназияның

музыка пәні мұғалімі


Сабақ тақырыбы:«Қобыз атасы-Ықылас»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Оқушылардың Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімін қалыптастыру. Талдау, салыстыра

білу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылығы:

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды пайдалана отырып,

оқушылардың музыка сабағында

танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі:

Өнерді құрметтеуге, әсемдікті тануға, патриоттық сезімін және ұлттық намысын оятуға тәрбиелеу. Халық музыкасының тарихын үйрете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Лекция сабақ

Әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративтік, сұрақ-жауап.

Сабақтың құралдары: дербес компьютер (ДК), интерактивті тақта,

мультимедиялық проектор,

аудиотаспалар, т.б.

бағдарламалық қамтамасыздандыру :

Microsoft Power Point, Microsoft Word,
Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық

2.Сабақ тақырыбын хабарлау. (№1 СЛАЙД)

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабақта біз Ықылас Дүкенұлы туралы айтатын боламыз. Алдымен сабақты мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.(№2 СЛАЙД)



Ғасырдан жетіп ғасырға,

Айналған қымбат асылға,

Қорқыттың күйін жалғады ол,

Бүгінгі қыз бен жас ұлға.

Әулие, қыдыр қолдады,

Халқының –жанған ол бағы.

Қобыздың сазы өшпейді,

Ықылас салған сондағы.

Ибрагим Бекмаханов

Ықылас туралы айтар алдында өткен сабақтарымызға шолу жасайық.



(№3,4,5 СЛАЙД)

Бұл қандай аспап? Музыка аспаптарының қай түріне жатады?

(қобыз, ысқышпен ойнайтын ішекті аспап)
Қобыз- ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады.

(№6,7,8,9,10СЛАЙД)

Қобыздың шығу тарихын кімнің есімімен байланыстырады?

(Қорқыт Ата)
Қорқыт VIII-IX ғасырларда өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалпрының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт-қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Қобыздың құдіретті үнін, Қорқыт күйлерін қазақ қобызшылары рухани мұра етіп ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді. Оның «Қорқыт» , « Аққу» ,

« Әуіппай» , «Башпай» , «Желмая» және т.б. күйлері сақталған.


Қорқыттың қобызға арналған күйшілік дәстүрлерін Ықылас жалғастырды.

(№11,12,13,14,15,16СЛАЙД)

Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Өз әкесі Дүкен де, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.

Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған Ықыластың күй өнері Ашай, Әйкен,Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты.

Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгнге жеткізушілердің бірі болған Ықылас- “Айрауық”, “Аққу”, “Асан қайғы”, “Ерден”, “Бозторғай”, “Қасқыр” сынды күйлер қалдырған ірі композитор.



Ел аузында Ықылас туралы осындай бір әңгімелер бар:

  • ...Ықылас бес-алты жасында түс көреді. Түсінде оған Қорқыт ата келіп : “балам, көген аласың ба, қобыз аласың ба?” дейді. Ықылас “қобыз алам” деп оянады.

  • ... Ықыластың ұлы атасы Алтынбек қобызшы: “Ә, Дүкенімнің саусағы жеткен жерге біздің саусақ жетпейді енді”,- депті.

  • ... Дүкен айтыпты: “ Қобыздың ендігі пірі Ықылас балам болар. Болса болсыншы!”

  • ... Ықылас қобызшы біткенге тоқтамай: “ Қара қобыздың құты-Түсіпбегіме қонар, тоқтайтын жері- Ақынбайым болар”,-депті.



БІР ӘУЛЕТТІҢ БЕС ҚОБЫЗШЫСЫ
Қобыз.... Аққу бейнелі киелі қобызды бір әулеттің- Алтынбегі, Дүкені, Ықыласы, Түсіпбегі, Ақынбайы тартыпты. Бес ұрпақ- бес қобызшы. Жалпы әлемдік музыка тарихындағы сирек құбылыс бұл. Осылардың ішіндегі ең әулиесі-Ықылас өзінің асқақ романтикалы, әрі қиял-ғажайып: “Айрауық”, “Аққу”, «Шыңырау», «Жезкиік», «Желмая», лиро-эпикалық: «Мұңлық-Зарлық», «Қаншайым», батырлық-қаһармандық: «Қамбар», «Қазан», «Саржан-төре», замана ағымы, өмір философиясын толғаған « Қорқыт», «Қоңыр», «Кертолғау», «Ерден», «Тоғыз тарау», «Таңғы сарын» күйлерімен сахара жыры боп төгіліп, бір халық жүрегі боп соқты.

Жез киік- даланың ерке, сұлу да кербез аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз-ертегілер де көп. Жез киіктің алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркі мергендердің көзін тайдырып, жезкиік үнемі оқтан аман қалады екен. Кейбір мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын да болған. Міне осы сұлу аңға Ықылас «Жезкиік» атты күйін арнап тартқан деседі.

Оқушыларға Ықыластың «Жезкиік» күйінен үзінді тыңдалуға ұсынылады.
1 видео

Тыңдалған музыкалық материал бойынша балалар арасында сұрақтар қою арқылы пікірталас туғызу.



Академик Ахмет Жұбанов “Ықыластың “Ерден” күйі қобыз күйлерінің ең тамаша үлгілерінің бірі” деп айтқан сөздері бар. Ендеше, “Ерден” күйін тыңдамастан бұрын оның шығу тарихын қысқаша айта кетейін.
Ықыластың көрші ауылында Ерден деген адам болыпты.Бірде Ерден жапсар жатқан Таманың Қазы деген әлдісімен қырбай болып,қыр көрсету үшін алқалы жылқысын ойсырата айдатып алады. Жылқышылар дереу із кесіп, ұрланған жылқылардың Ерденнің еліне тірелгенін анықтайды. Кешікпей-ақ, Ерубай би бастаған бірнеше адам Ерденнің алдынан өту үшін атқа қонады. Берсе ақадал малын айдап қайтып, бермесе бетін біліп қайтпақшы болады.

Сол кезде Ықылас жиырмаға әлі тола қоймаған жігіт екен. Өз еліне қобызшылығымен танылып,тіпті өз жанынан күй шығарып, жұрт аузына іліге бастаған кезі болса керек. Ерденнің ауылын бетке алған таманың игі жақсылары Ықыласты да атқосшы етіп ерте жүреді.

Содан,Таманың (Ықыластың руы) жоқшылары Ерденнің ақ ордасына келіп ат басын тірейді.Сол жерде осыдан бір күн бұрын Ерденнің Әйменде деген ұлының қайтыс болып, қаралы күйде екенін естиді.Таманың игі жақсылары аза үстіне тап болған соң иба сақтап, Ерденге көңіл айтудан арыға бармайды.

Ерден болса жұбату сөздердің бірде-біріне селт етіп мойын бұрмастан, теріс қарап жатып алады.

Ерденнің бұл сияқты қайғы жұтып, қасірет шеккен халі тек қонақтарды ғана емес, бүкіл елді дағдартады. Сөз біледі,жөн біледі дегендердің көңіл білдіріп, басу айтуы Ерденнің басын жерден көтерте алмайды. Осылайша үш күн өтеді.

Неше күн бойы азалы ортада толқумен болған Ықылас қолына қара қобызын алып, тың сарынды сыза жөнеледі.

Қыл қобыз ішегін тарта жылап, азалы жанның зарын төгеді. Өтпелі өмір, опасыз жалған туралы тұңғиық ойларға батырады....

Сонда Ерден орнынан тұрып, сарын ырғағымен теңселе бастап, жылап жіберіп, қайғыдан сейілген шырай танытады.

Сөйтіп, осы жолы Таманың игі жақсылары Ықыластың қобызының арқасында ұрланған малдарының көзі барына көзін алып, көзі жоғына төлеуін алып, ат-шапан айып үшін алдарына қосақ салып, арттарына тіркеу етіп, абыроймен елге қайтады. Ал, Ықыласқа арнайы сый сияпат жасап, иығына оқалы шапан жабады, астына ат мінгізеді.

Ықыластың осы жолы Ерденнің алдында тартқан көңіл айту күйі ел арасында «Ерден» деген атпен тарап еді дейді.


Күйдің шығу тарихы туралы әңгімелегеннен кейін видеоматериал қосылады.
2 видео
Тыңдалған музыкалық материал бойынша балалар арасында сұрақтар қою арқылы пікірталас туғызу.


Сабақ қорытындысы
сабақты бекіту

Тақырыпты ашу

Біз жаңа заманның өрендеріміз. Біз бейбіт өмірде қуанышты сәттерді

бастан өткерудеміз. Өмірде зұлымдық болмасын, аспанымыз ашық

болсын, қара бұлт төнбесін деп тілейміз. Оған біз де үлес қосқымыз

келеді. Мына күннің көзі біз сұраққа жауап берсек қана ашылады.

Олай болса, сұрақтарға жауап берейік.




  • Ықылас кім?

  • Ықыластың әулетінде неше қобызшы болған?

  • Ықыластың қандай күйлерін білесің?

  • Қобыз музыка аспаптарының қай түріне жатады?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет