Сабақ Тақырып Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері



бет1/4
Дата11.01.2022
өлшемі58,79 Kb.
#111259
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Практика 1 Шагиров Д СТР-25


1 практикалық сабақ

Тақырып 1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

Сұрақтар және тапсырмалар:

1. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель, Цицерон)

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

"Геродот мүсіні"

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның өдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мөдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. Ill—II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ӀӀ-мыңжылдықта Эгей мөдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен

Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.

Ежелгі Грециялық саяси-құқықтық ойлардың шығу және даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Ерте кезең /б.э.д. IX – VI ғ.ғ./ ежелгі грек мемлекетінің пайда болуымен байланысты. Бұл кезеңде саяси-құқықтық ойлардың рационализациялануы анық байқалады /Гомердің “Жеті дана” шығармасында/ және мемлекет, құқық мәселелеріне философиялық жол қалыптасады /Пифагоржәне пифагорлықтар, Гераклит/.

Екінші кезең /б.э.д. V – IV ғ./ Демокриттің, софистердің, Сократтың, Платонның және Аристотельдің ілімінде көрініс тапқан, ежелгі гректік саяси-құқықтық және философиялық ойдың даму кезеңі б.э.д. IV – II ғ. қамтиды. Бұл уақыт эллиндік кезең деп аталады, ежелгі грек мемлекетінің құлдырауының басталу уақыты, грек полистерінің алғашында Македонияның, кейін Рим билігіне түсуі. Бұл кезеңнің көзқарастары Эпикурдың, Сократтың, Полибийдің еңбектерінде көрініс тапқан.

Ежелгі гректік саяси-құқықтық ілім даму процесінде ерте кезеңде көбінесе аңыздық сипатта болса /Гомер, Гесиод/, ол бертін келе қалыптасушылық философиялық жолға /даналар – Пифагор, Гераклит, Демокрит рационалистік интерпретацияға/, софистер – логика түсініктік анализге /Сократ, Платон/ орын берді және соңында эмпирика-ғылыми нысандарға /Аристотель/ және мемлекет пен құқық зерттеудің тарихи-саяси /Полибий/ көзқарасымен аяқталды.

Сократ және Платон саяси идеялары

Еуропадағы саяси-құқықтық идеялар Көне Грекия ойларына негізделген. Ежелгі ойшылдар арасында ерекше орын алатындар – бірімен-бірі уақыт кезегімен байланыста болған үш алып – Сократ, оның шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотель болатын.

Адамзаттың рухани тарихындағы қызықты және танымал тұлғалардың бірі – Сократ /б.э.д. 469 – 399 ж./. Ол тірі кезінің өзінде дельфилік пифия яғни барлық адамнан данышпан деп танылған болатын. Сократ өзінің анықтаушы бағытын адамгершілік, саяси, құқықтық құбылыстардың саналы табиғатын бейнелеуге және құруға ұмтылды. Осы жолда ол саналының, әділдіктің, заңдылықтың билеуі туралы қорытындыға келді. Сократтың саяси идеалын келесі қағида түрінде көрсетуге болады: белсенділер билеуі қажет. Оның өзі бұл туралы былай деп айтты: “Патшалар мен билеушілер -скипетр кигендер емес, сайланған адамдар да емес, жеребе және күштеу арқылы билікке қол жеткізгендер емес, билік жүргізе алатындар” – деді.

Әділдік, заңдылық саналы басқару туралы өзінің идеяларын ұстануда Сократ оның ықпалды оппозициясын және сынын тоқтатуға ұмтылған билікпен қақтығысып отырды. Бірақ өзінің бір кесе уын ішуге тура келді. Б.э.д. 399 ж. Демократияның өкілдері белгілі қайраткер, жетпіс жастағы Сократқа қарсы құдайы жоқ, отан заңдарын бұзды және жастарды дұрыс жолдан тайдырды деген айып тақты. Өлімге кесілген Сократ заңды бұзбау, әділетсіздікке әділетсіздікпен жауап бермеу деген өзінің қағидаларын сақтады, және достарымен ұйымдастырылған түрмеден қашудан бас тартты. Сократ ілімі, оның өмірі мен өлімі тек оның замандастарымен оқушыларынан ғана емес философиялық және саяси ойдың келесі тарихына да үлкен із қалдырды. Сократ ықпалы грек саяси-құқықтық ойларының жоғары деңгейіне, Платонның саяси философиясы және Аристотельдің саяси ғылымына ықпал етті.

Платон /б.э.д. 427 – 347/ – антикалық қана емес, философиялық, саяси-құқықтық ілімдердің бүкіл тарихының ұлы ойшылы.

Идеалды мемлекет Платон бойынша, ойлардың жүзеге асырылуы және жердегі қоғамдық саяси өмір, полисте саяси идеяның таралуы. Платон полисті ортақ қажеттілікке негізделген ортақ мекен ету ретіндеретінде анықтай келе, ол осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетте азаматтар арасында еңбектік бөлінуін талаб етеді деген ережеге негіздейді. Күзетшілер өз тапсырмаларын дұрыс орындау үшін олардың тұрмысы және бүкіл өмірі ынтымақтастыққа, ортақтыққа, ұйымшылдыққа негізделеді. Ең алдымен – деді Платон, егер ешқандай қажеттілік болмаса ешкім жеке меншікті иеленуі керек емес. Сонымен бірге ешкімнің ешкім кете алмайтын үйі немесе қор жинайтын орны болмауы керек. Күзетшілерге қажетті қормен үшінші сословие қамтамасыз етеді. Күзетшілер бірге тұрады, бірге тамақтанады. Оларға алтынды және күмісті ұстауға және пайдалануға тиым салынды.

Платон бойынша идеалды мемлекеттік құрылымдар үшін күзетшілерге ортақ әйелдер мен балалар болудың шешуші маңызы бар. Идеалды мемлекетте әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктері ерлермен теңестірілген. Қарапайым түсінікте алғашқы екі – отбасы болмайды. Балаларды мемлекет тәрбиелейді. Платон үшінші жіктің некесі, тұрмысын, еңбек реттеу мәселелерін идеалды мемлекетбилігінің қарауына қалдырды. Бұл жіктің мүшелері мемлекеттік биліктен шектелседе, олар құлдар емес еркін адамдар болып саналады. Платон – байлық пен кедейшіліктің шектен шығуына қарсы, орта және ауқаттылықты қолдады. Идеалды мемлекеттің басқа мемлекеттерден негізгі әлеуметтік эканомикалық ерекшелігін басқа мемлекеттердегі байларжәне кедейлер деп бөлінудің мұнда болмауы, мұндай жағдай көптеген мемлекеттерде бар. Қалай болғанда да оларды мемлекет бір – біріне қарсы екіге – бірінші кедейлер, екінші – байлар болып бөлінуі бекітілген және олардың әр қайсысындай көптеген мемлекеттер

Философтардың билеуі және әділетті заңдардың билеуі /мемлекетте/ Платон үшін бір идеалды жобаның өзара байланысқан екі саласы.

Идеалды мемлекет жақсылар мен тектілердің билігі ретінде аристократиялық мемлекеттік құрылым. Платон бойынша мемлекеттік құрылымның жақсы түрін екі жақты деп айтуға болады: егер билеушілер арасынан бір билеуші шықса, онда ол патшалық болады, ал егер бірнеше билеушілер шықса – онда ол аристократия болады. Платон «Мемлекет» еңбегінде өрлеу жобасының іске асырылу мүмкіндігіне сенеді және оның қиын екенін де мойындайды. Егер жерде идеалды мемлекет құрылғанымен, ол өмір бойы болмайды,адам табиғаты басқа басқару нысанымен алмасады. Платон әртүрлі қоғамдық мемлекеттік нысандардың алмасуымен өзгеруін белгілі бір циклішіндегі айналымретінде түсініп, осыған сәйкес мемлекеттік құрылымның 5 түрін атайды /аристократия, тимократия, олгархия, демократия, тирания/.

Идеалды мемлекеттік құрылымға Платон қалған төртеуін бұзылған мемлекеттің дамушы сипаттарын оған қарсы қояды. Платон саяси өмір мен оның нысандарының ауысуының диалектикалықкөрінісін салады. Идеалды аристократияның туындауынан жерге және үйге жеке меншіктің пайда болуына, адамдардың еркін және құлдарға бөлінуіне әкеледі. Мемлекетте саналы бастаудың орнына қатыгез жан билік етеді. Бұл – тимократия, Платон бұған криттік – спартандық мемлекеттік құрылым типін жатқызады. Мұндай мемлекет үнемі соғысады. Сонымен қатар Платон бойынша соғыс жеке және қоғамдық қиындықтардың басты көзі . оған әсіресе элинндер арасындағы соғыс жек көрінішті болды. Тимократиялық мемлекет жеке тұлғаларда байлықтың жинақталуы нәтижесі – олигархияға әкеледі. Бұл құрылыс мүліктік цензжіге негізделген, билік басында байлар тұрады, кедейлер басқаруға араласпайды. Мүліксіздерге байларға қарсы өшпенділік туындайды, ол мемлекеттегі төңкеріске және демократияның құрылуыа әкеледі.

Платон демократиясы толығымен ұнамды және әртүрлі құрылым. Бірақ қажетті басқаруы жоқ деп бағалады. Демократиялық теңдік теңдер мен тең еместерді теңестірді. Мемлекеттік құрылымдағы игілікпен ұмытылмайтын мақсат оны нақты құрылымды жоюшы болып табылады /тимократияда – әскери жауынгер, олигархияда – байлық, демократияда – еркіндік/. Бір сөзбен айтқанда әрбір мемлекет нысаны өз қағидаларына тән ішкі қайшылықтардан және қағидаларды теріс пайдаланудан жойылады.

Платон бойынша демократиядан оның жалғасы, қарама-қайшылығы тирания шығады. Шексіз еркіндік шексіз құлдыққа айналады. Тиран билікке халықтың қолдауымен қол жеткізеді. Тирания – заңсыздық, күштеу кең таралған мемлекеттік құрылымның нашар түрі.

Саяси – құқықтық мәселелердің бірқатары Платонның «Политик» атты диалогінде қарастырылған.

Саясат – Платон бойынша, бұл адамдарды басқара алуды және білімді талап ететін патшалық өнер. Платон басқарушылардың осындай мәліметтерінде олардың заңмен немесе заңсыз басқаруы қажет болмайды деп есептеді.

Шынайы басқарушылары жоқ барлық басқа мемлекеттерде билік заңмен жүзеге асырылуы керек. Платон басқарушысы шынайы білімді жетекшілік ететін үлгілік мемлекеттен басқа. Әрбір заңдылықтың болуы немесе болмауына байланысты екіге бөлінетін үш басқару түрін көрсетеді: монархия – аздардың және көпшіліктің билігі, заңды монархия – бұл патшалық билік, қарамақарсысы– тирания, азшылдардың заңды билігі – аристократия, заңсызы –алигархия, демократия заңды және заңсыз. Нәтижесінде шынайы басқаруды қосқанда 7 мемлекет нышаны ар.

Сонымен заңдылық қағидасы Платондық сызбада басшы болмаса да, көмекші рөлді алады.

Платон заң шығарушыға бірінші жағынан басқарушылардың билігін, екіншіден бағынушылардың еркіндігін шектеп, ұстамдылықта болуға кеңес береді. Есепке алуға жергілікті жердің географиясы, ауа райы, топырағы және т.б. жатады. Платон заңдарды жергілікті жағдайлармен келіспейтін етіп бекіту мүмкін емес деді. Ол заңдар туралы ғылымды игеруге зерттеуге үлкен маңыз береді. Адамдардың айналысатын барлық ғылымдардың ішінде барлығы жүзеге асыратын заң туралы ғылым.

Екінші жағымды қасиеті бойынша мемлекет жобасының ставкасы адамдардың жеке және жалпы өмірін күн мен түн тәртібін анықтай отырып қатаң реттеген деталды және қатыгез заңдар жасалады.

Платонның тағы да кейбір ойларын келтірейік:

Әрбір билік өзіне жағымды заңдарды орнатады: демократия – демократиялық заңдарды, тирания – тираниялық заңдарды… Сөйтіп өзі орнатқан заңдарды ең әділетті деп жариялайды да оларды бұзғандарды заңбұзушылар және әділетті жоюшылар деп жазалайды…

Мемлекет, менің пікірімше, былай пайда болады: адамдарға көп нәрселер керек бола тұрғанда, ал олар өздерін жеке-жеке қамтамасыз ете алмай, бір-біріне жәрдем беру үшін бірігеді; адамдардың сөйтіп бірігіп жасауы мемлекет дейіледі…

Жақсы мемлекетте елді қорғаушыларда жеке меншіктің болмауы тиіс; олардың басқа адам кіре алмайтын үйі де болмауы керек; ешқандай алтын дегенді олар білмесін (алтынды білсе олар бұзылады)…

Идеалды мемлекетте елдің үш бөлегінің әрқайсысы өзінің ісімен айналысады: билеушілер (олар философтар болуы тиіс, олардың саны әрдәйым өте аз болады) елді басқарады; қорғаушылар елді қорғайды; шаруалар материалдық жағдайды қамтамасыз етеді…

Барлық әйелдер мен балалар ерлерге ортақ болсын; балалар өздерінің жеке әке-шешесін білмейтін болсын…

Мемлекеттің төрт түрі бар: тимократия (билік менменділікке – честолюбие – негізделген), олигархия (билік байлыққа қарай құрастырылған, кедейлер басқаруда қатыспайды), демократия (кедейлердің билігі, басқарушылар жребий арқылы аусып тұрады), тирания (бұл демократиядан шығады, қатыгез құлдық пайда болады).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет