Сабақ. Технологиялық карта №27 Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: Қуыршақ бөлмесі. Мақсаты



Дата29.01.2018
өлшемі94,06 Kb.
#36155
түріСабақ
Ашық сабақ.

Технологиялық карта № 27


Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қуыршақ бөлмесі.

Мақсаты:

а) Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру.

ә) Балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Ұқыптылыққа,жинақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: дорба, қуыршақ, машина, доп секілді ойыншықтары бар, тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: бөлме.

Оқу іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Баланы қызықтыру кезеңі

- Балалар, бізде бүгін ерекше күн. Өйткені бүгінгі оқу іс-әрекетімізге қонақтар келді, қане апайлармен амандасайық!

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң! Алтын күн!

Қайырлы күн! Апайлар!

Қайырлы күн, балалар!

- Өте жақсы, балалар, орнымызға отырайық.

Ғажайып сәт:

Есік қағылады.

-Балалар, естідіңдер ме? Біреу есік соғатын

сияқты кім екен барып көрейін. Есіктен

қуыршақты алып кіру.



-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қане

бәріміз қуыршақпен амандасайық.

  • Балалар, қуыршаққа ат қояйық. Қане кім деп атайық? Айгүл өзінің бөлмесі, жиһаздары болғанын қалайды екен. Балалар біздер оған көмектесеміз бе? Сендердің өздеріңнің де бөлмелерің бар ма? Айгүл шаршап тұрған сияқты, оның бөлмесі дайын болғанша оны мына жерге отырғызып қояйық.

Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсету:

-Балалар, мына ғажайып дорбаға назар аударайық. Ішінде не бар екен?


Балалар

Сәлеметсің бе қуыршақ.

Балалар ат қояды «Айгүл»

Ия көмектесеміз.



Ия бар, шкаф, орындық, үстел, керует.
Балалар дорбаға қызыға қарайды.

 

Балаларды ұйымдастыру кезеңі



Ойын «Ғажайып дорба»

Мақсаты: балалардың сипап сезу қабілетін дамыту. Заттың атын атату.

Шарты: балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып, ұстап, сипап сезу арқылы заттың атын атайды.

Мысалы: Мұнда кішкентай ойыншық көлік бар. Көлікті көбіне ер балалар ойнайды. Көліктің дөңгелектері болады. Көліктердің түрлері көп. Олар жүк көлігі немесе жеңіл көлігі сияқты түрлері бар.



  • Балалар, кім ойыншықтар туралы тақпақтар біледі? Қане кімнен сұрайын?

4 - 5 баладан тақпақ сұрау.

  • Ал, балалар енді жұмбақ оқимын. Сендер жұмбақтың шешуін табыңдар.

Жұмбақ шешкізу.

Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр. Ол не?

-Балалар, ағайынды төрт батыр дегені төртеуі де бірдей ағайындылар секілді, үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен. Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.

Дәптермен жұмыс:



- Балалар алдарыңдағы дәптерді қараңдаршы. Жұмыс дәптерлеріңде «Суреттегі заттарды ата. Ол не үшін керек?» деген тапсырма берілген екен. Қане кім маған айтып береді екен?

- Өте жақсы балалар, міне қуыршақ Айгүлдің бөлмесі дайын болды. Ол бөлмені жиһаздармен толтырдық. Айгүл қатты қуанып тұр. Енді оны керуетіне жатқызайық, әуелі шешіндіріңдер. Ұйықтасын.

-Ал, балалар, барлықтарын шаршаған шығарсыңдар, ия. Бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы.


  • Балалар , тағы бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Біз де» деп аталады.

Дидактикалық ойын: «Біз де»

Мақсаты: Баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар «біз де» деп қосылып айтады. Егер келіспесе «жоқ» деген жауап айтады. Мысалы:

- Мен шағын топқа барамын.

-Көшеде ата-анамды тыңдамаймын.

-Тәрбиеші апайымды тыңдаймын.

-Топтағы ойыншықтарды сындырамын.

- Тобымызға апайлардың келгеніне қуанып тұрмын.




-Дорбада доп бар.

Доп дөңгелек болып келеді. Допты жерге ұрсаң секіреді. Онымен бірнеше ойындар ойнауға болады.

-Ал мұнда қуыршақ бар. Қуыршақпен көбіне қыздар ойнайды. Қуыршаққа үй жасайды. Оларды жуындырады, әдемілеп киіндіреді.

 

 



 
Балалар тәрбиеші сөзін мұқият тыңдап,дұрыс жауап беруге тырысады.

Жұмбақтың жауабы: үстел.

 
Балалар дәптерлерін ашады, ондағы суреттерді атап, түсіндіреді. Мысалы:



-Мен суреттен орындықты көріп тұрмын. Орындық адамға отыру үшін керек.

Балалар сергіту жатығуын жасайды.

 

 

 



 Балалар ойын шартын мұқият тыңдап,тәрбиешінің айтқан сөзіне көңіл аударады.

-Біз де


-Жоқ

 -Біз де


-Жоқ

- Біз де.



 Рефлексивті коррекциялаушы

Сабағымызды сұрақ жауап арқылы қорытындылап жіберейік.

Үй жиһаздарының не үшін керек екенін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру. Енді балалар өзіміз білетін «Ойыншықтар» әнін шырқап жіберейік.

 


Балалар ұсынысты қабылдайды.



Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек: ойыншықтар туралы тақпақтар білу;

Қандай түсініктерді игереді: үй жиһаздарының не үшін керек екендігін;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін.

 

 



Технологиялық карта 20

Апта 2 Дүйсенбі

Бекітемін:

Күні : 25.01.2016ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тілдамыту

Тақырыбы: Әңгімеле..

Мақсаты:

а) Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге,жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құруға үйретуді жалғастыру.

Ә) Балалардың тілін байлығын дамыту.

Б)Балаларды отбасын сыйлауға, достыққа, туған жерін, елін, Отанын сүйюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақы көйлек киген екі қуыршақ (бірі үлкен, бірі кіші), тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: Отбасы.



Оқу іс/ә кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)

Ғажайып сәт:

Қонаққа екі қуыршақтың келгенін хабарлау.



Балалар қызыға қарайды.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру



-Балалар, ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз?

-Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар?

-Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық.

-Балалар, екі қыз апалы - сіңлілі екен. Яғни екеуі де бір үйдің қызы екен. Енді осы екі қызға қарап отырып, шағын әңгіме құрайық.

Әңгіменің тақырыбы:

«Айгөлек пен Айгүл»

-Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты. Қараңдаршы қандай әдемі? Сендер де қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма?

-Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді?

-Иә, біздің Республикамыздың аты?

 

-Біздің жеріміз қандай?


-Біз туған жерімізді,Отанымызды жақсы көреміз бе?

-Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері?

«Айгөлек» әнін білесіңдер ме?

Сергіту жаттығуы:

«Айгөлек»

Айгөлек- ау,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай туған кезімде

Би, билейміз дөңгелеп.

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау.)

-Балалар,енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің аулына барғыларың келе ме?

-Ендеше барлығымыз көзімізді жұмамыз.

Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл бейнесін елестету. (Ыңғайы келсе,әуен арқылы орындалса).

-Боран дауысы қалай шығушы еді?

Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы, әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен.Сонда олар үлкен отбасылы болама? Әлде кіші отбасылы ма?

Дәптермен жұмыс:

Тіл дамыту дәптеріндегі «Отбасы мүшелерін сызық арқылы және ретімен орналастыр, орналастыру себебін түсіндіру» тапсырманы орындату.

«Отбасы» өлеңін оқып,

Анаң-күнің,жүрегің,

Әкең-өмір,тірегің,

Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Ағаң-қамқор асқарың,

Інің-мөлдір аспаның.



-Амандасамыз.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

 

-Сәлем!Ер адамдарға кіші ұлдар:



«Ассаламағалейкум!!»-деп амандасады.

 

-Қош келдіңіздер!



 

 

 



 

 -Әрине ұнатамыз.

-Біздің ұлтымыз қазақ.

-Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

-Біздің жеріміз үлкен, байтақ.

-Әрине,жақсы көреміз.Себебі біз осы жерде туылғанбыз.

Орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.

 

 Сергіту жаттығуын орындайды.



 

 

 



-Әрине барғымыз келеді.

Балалар көз жұмып,көз алдарына қысқы ауылды елестетеді.

 

 

 -Ууууууууууууууууууу



 

-Олар үлкен отбасылы екен.

 

Дәптермен жұмыс жасау.



 

 

 



 

 

 Тақпақты тәрбиеші соңынан қайталап отыру арқылы жаттап алу.



Рефлекция (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Екі ойыншыққа сипаттама бере білуі керек.

Сипаттама ең әдемі сөздермен жеткізілуі керек.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: мақал-мәтелдерді білу;



Қандай түсініктерді игереді: әңгімелеуді игереді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады: Сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет