Сабақ тақырыбы: §32 Дененің ауырлық күші әсерінен қозғалысы.
Автор: Башарұлы.Тоқбергенова
Оқу мен тәрбие міндеттері:
Білімділік: ауырлық күші –Жер бетіндегі барлық денелердің жерге тартылу күші ,
оның әсерінен дененің қозғалысының түрлерімен, қозғалыс
формулаларымен оқушыларды таныстыру;
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелеп отыруға тәрбиелеу, өзара жолдастық көмек
көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: зейіні мен зердесін дамыту, белсенділіктері мен қабілеттіліктерін
арттыру;
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту, бекіту
Оқыту әдістері: демонстрациялық, проблемалық, сұрақ-жауап, өздік жұмыс
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, химия, зоология, әдебиет, тарих, өмірмен
байланыс
Көрнекіліктер: құрал-жабдықтар: шыны, су, резеңке, жүктер, «Табиғаттағы күштер»
тірек-схемасы, таратпалар;
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу, кезекшімен жұмыс;
ә) балалардың оқу құралдарын тексеру, зейіні мен зердесін
шоғырландыру ;
ІІ. Өтілген материалмен жұмыс:
І бөлім
№1
Қайықта отырған Әмір жағаға түсуі керекеді. Ол қайық кемерінен ырғып жағаға түсті. Осы кезде қайық қалай қозғалады? Не себепті қайық жағадан алыстады?
№2
Футбол алаңында доп жатыр. Әділхан жүгіріп барып, допты теуіп жіберді. Мұнда бір дененің әсері екінші денені қандай күйге келтіреді.
№3
Машина орнынан қозғалуы үшін қандай денелер өзара әсерлеседі ?
№4
Сабақтан тыс уақытта ағаш бұтағынан жоғары ұшқан құстың бұтақпен әсерлесуін бақыла. Байқалған құбылысты сипатта.
ІІ бөлім
«Табиғаттағы күштер» тірек- схемасын құрастыру.