1.Үй тапсырмасын тексеру:
РАФТ стратегиясы бойынша арнау хаттарын тыңдау;
Р-роль-оқушы
А-аудитория-сынып
Ф-форма-хат жазу
Т-тақырып-арнау хат
1 - топ Зигфридтің Ахметке алғыс арнауы
2 - топ Зигфридтің Дәуренбекке түсініспеушілік хаты
3 - топ Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы
4-топқа Зигфридке хат
2.Топқа бөлу: сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөліну
1-тапсырма:
«Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар әрбір бөлім бойынша түйінді сөздерді жазады. Соңында мұғалім даярлаған түйінді сөздермен салыстырып (интерактив тақта арқылы) тексеріледі.
1. Ұзағынан сүйіндірсін...
2. Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды...
3. Еркін сөйлейтін дәрежеге жетті...
4. Дәуренбек қолма-қол ғафу өтінді...
5. Ахаң төменгі колхозға көшіп кетті...
2-тапсырма:
«Екі жақты күнделік» әдісі бойынша өзіне ұнаған үзіндіні қолданып, неге алғанын түсіндіру.
Мәтіннен үзінді
|
Не себепті таңдадыңыз?
|
|
|
3-тапсырма:
Мәтінде кездесетін қазақ халқының салт-дәстүрлері ұлттық ойындары:
тілін кәлимаға келтіру, көкпар,сүндетке отырғызу, күрес,асық жілік ұстар тойы,«Айгөлек», асық...Слайд көрсетіледі. (10 мин-постер қорғау)
4-тапсырма:
Тест тапсырмасы.
1. – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал.(Кімнің сөзі?)
а) Дәуренбек; ә) Ахмет; б) басқарма; в) есепші
2. Қара галифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігіт кім?
а) Берден; ә) Дәуренбек; б) Тілеубай; в) Бегімбетов
3. Ауылға неше жетім бала келді?
а) алты; ә) бес, б) жеті, в) төрт
4. Ахмет ақсақал Сейітбек қожаны не үшін шақырды?
а) тілін кәлимаға келтіру үшін; ә) қазақша ат қою үшін; б) сүндетке отырғызу үшін; в) шашын алдыру үшін
5. Кеште айтылған әндер.
а) «Маңмаңгер», «Ақ босаға»; ә) «Бір бала», «Жеті арал жерім-ай»;
б) «Күміс құмған-ай»; в) «Атамекен»
6. «Жауды аяған жаралы» дегенді білмеуші ме едің? – деп Дәуренбек кімге айтты?
а) басқармаға; ә) Ахметке; б) елге; в) өз-өзіне
7. Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмайды?
а) Ғ; ә) Ұ, Ү; б) Х, Ң; в) Қ
8.Ертай мен Нартай неге ажырағысы келмеді?
а) үйренісіп қалғандықтан; ә) бір үйдің балалары; б) еш себепсіз; в) достар
9. Зигфридтің мінезі қандай?
а) кекшіл; б) жайдары, пысық; в) қорқақ; г) бұзық
10. Ахмет ақсақал қай ауылға қоныс аударды?
а) «Қызыл ту»; б) «Ауыл тұрмысы»; в) «Қайрат»; г) «Қайыңды»
(Интерактив тақтада жауабы беріледі-топтық тексеру 1-топ пен 2- топ, 3-топ пен 4-топ бір-бірінің дұрыс жауабын тексереді)
5-тапсырма: «Бес жолды өлең» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау:
1.Зат есім.Ахмет/ Зигфрид
2.Сын есім. Зат есім. Өнегелі қарт/ Жайдары бала
3.Синоним.Ақылды,бауырмал, дана,қамқор/ өжет, пысық, бауырмал
4.Етістік. Бауырына басады, тәрбиелейді/ үйренеді,жалықпайды
5.Сезіну.Ахмет-қазақ халқының асыл қасиеттерін бойына жинаған
дана қария/ Зигфрид-өзінің пысықтығы, жайдары мінезі арқылы
атасының көңілінен шыға білген бала.
|