Математика 4 сынып
Тақырыбы: Өткенді пысықтау. (қозғалысқа есептер)
Сабақтың мақсаты: 1.Қозғалысқа берілген есептерді шығару, есептеу дағдысын жетілдіру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру,математикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Типі: білімді бекіту.
Әдісі: еске түсіру, сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс..
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу
1. Психологиялық дайындық.
2. Ауызша есептеу: 30*700 , 6500:100, 1000- ның ½, 125:5,
Блиц-сұрау:
Пойыз 72 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді . ол қанша жол жүрді? ( 144 км)
Шаңғышы 60 км жолды 12 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Шаңғышы осы жолды неше сағатта жүріп өтті? (5 сағ)
Тікұшақ 600 км-ді 2 сағатта ұшып өтті. Оның жылдамдығы қандай? ( 300 км/сағ)
Саяхатшылар қайықпен 12 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүзіп өтті. Олар қанша жол жүзді? (60 км)
240 кмжолды мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Осы жолды ол қанша уақытта жүріп өткен? ( 6 сағ)
Сан қатарын әрі қарай жалғастыр: а) 1,3,7,13,21,31,.... ә) 3,4,7,12,19,28 ...
II. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау
III. Өткенді пысықтау
№1. Есепті шығар: арасы 660км екі қаладан бір мезгілде бір – біріне қарама-қарсы бағытта екі теплоход шығып, 10 сағаттан кейін кездесті. Бірінші теплоходттың жылдамдығы 31 км/сағ. Екіншісінің жылдамдығын тап.
№1. Арасы 980км екі қаладан екі автокөлік бір-біріне қарама-қарсы бағытта шықты. Біріншісінің жылдамдығы 68км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 72км/сағ. 5 сағаттан кейін автокөліктердің арасы қандай болады? Олар неше сағаттан кейін кездеседі?
№1. Екі қаладан екінші қалаға екі пойыз бір-бірінен қарама-қарсы бағытта жолға шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 48 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы одан 6 км/сағ кем. Осы қалалалардың арақашықтығын тап.
Математика күнделікті өмірде: № 3
Тауардың аты
|
Бұрынғы бағасы
|
Бұрынғы бағасынан жеңілдік
|
Жаңа бағасы
|
Кітап шкафы
|
85490 теңге
|
1/5
|
85490:5 =17098
85490-17098=68392
|
Кресло
|
16800 теңге
|
1/4
|
16800-4200=12600
|
Балалар кереуеті
|
24060 теңге
|
1/6
|
24060-7010=17050
|
Диван
|
64000 теңге
|
1/8
|
64000-8000=56000
|
Сергіту сәті
Теңдеу шешу: 450*3-х = 982 с+182 =900*3 50*2+х = 1482 а-100:2 = 2894
Логика :
а) Кітап беттерін нөмірлеу үшін 187 цифр қажет болады. Осы кітаптың неше беті бар? ( 9 – бір таңбалы сан, 99 – 9 =90 екі таңбалы сан; 90*2=180-2+9=187ц)
ә) Оқушы 48 беттік қалың дәптер сатып алды. Осы дәптердің беттерін нөмірлеу үшін барлығы неше цифр қажет? ( 9 бет – 9 цифр; 48 – 9 =39 бет екітаңбалы саниен белгіленген; сондықтан 39*2+9= 87цифр қажет.)
б) Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні 1000-ға тең. Қосылғыш неге тең? (40-қа)
в) Салауатты өмір сүретін ересек адамның жүрегі 1 минутта 5л қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады? (60 мин *5 =300 л)
IV. Рефлексия
V. Үйге тапсырма: №7. 20 бет теңдеуді шешу
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |