Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»
Мақсаты: оқушылардың бойынан логикалық ойлау шеберлігін, тапқырлықты, шешендік қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерді көре білу және оны байқау.
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, таратпа материалдар, топ атаулары, бағалау парағы
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: «Ақыл озбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын! - дей келе, біз бүгін бес тур бойынша жарысқа түсеміз.
Cайыс кезеңдері:
Сұрақтар шеруі
Мықты болсан тауып көр
Өлең сөздің патшасы
Ұлы тұлға бейнесі
Көңілді сайыс
-Топтарға бөлу, ат беру
Жүргізуші: «Сұңқармын, қыранмын» деп бөлінбейік
Жауаптарын дәл тауып,
Жарыстан біз сүрінбейік. Ендеше оқушыларды топқа бөліп, топтардың аты және ұрандарымен таныс болайық
Бірінші топ – "Қыран "
Топ басшысы:
Топтың аты: Қыран тобы
Топтың ұраны: Уәдесін сақтаған-
Баланы жұрт мақтаған.
Санауды үйренген,
Есепке төселген
«Қыран» тобы біз боламыз
Екінші топ — "Сұңқар"
Топ басшысы:
Топтың аты: Сұңқар тобы
Топтың ұраны: Мектеп- кеме, білім- теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Жаңылмайтын есепке
«Сұңқар» тобы біз боламыз
Жүргізуші:
Сайысты бағалау ережелері әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріліп, сайыстың әр кезеңіндегі жиынтық бағалар есептеліп отырады.
Жүргізуші: Ей, балалар, балалар,
Қане, бері қараңдар.
Кешімізді бастайық,
Тапсырманы қиналмай
Лезде шешіп тасатайық – дей келе сайысымыздың бірінші турына кезек берейік .
Достарыңызбен бөлісу: |