Қатысушылар: жас мамандар және гимназия жаңадан келген ұстаздар
Мақсаты: Жас мамандардың өзіндік жағымды «мен» концепциясын дамуын қалыптастыру, психологиялық денсаулығын сақтай отырып, өзін – өзі реттеу, өзін – өзі өзектеу мәселесін дамыту және жаңа ортаға бейімделуін педагогикалық – психологиялық сүйемелдеу.
Көрнекіліктері: түрлі түсті қарандаш, фломастер, интерактивті тақта, слайд, видиоролик.
Сабақтың барысы:
Жаттығудың тақырыбы
көрнекіліктер
Жұмыстың орындалуы, нұсқаулық
1.
«Есімдер аллитерациясы» жаттығуы
түрлі түсті қарандаш, фломастер, интерактивті тақта, слайд, видеоролик
Нұсқау: қатысушылар өз есімдерінің алғашқы әріпін пайдалана отырып, «кім, қандай, қайдан?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы: Шолпан шырайлы, Шымкенттен
Психолог: құрметті ұстаздар бір – бірімізбен танысып болсақ, орындарымызға жайғасамыз. Қатысушылар екі топқа бөлініп, орындарына отырады.
2.
«Өзін – өзі реттеу» тақырыбын талқылауға арналған оқиғаны тыңдау.
«Өмірде өте ақылдылармен өте ақымақ адамдар ғана өз пікірлерін өзгерте алмайды»
Конфуций
Психолог: «Бір жас жігіт өмірін өзгертемін деген көзқараспен өмір сүрген екен. Ол өмір сүрген ортасы ұнамағандықтан, үнемі өмірді өзгертуді қалаған. Мектепті үздік аяқтаған ол, «халықаралық қатынастар» факультетіне оқуға түсіп, білімін жетілдіреді. Институтты үздік аяқтаған жігіт, мамандығы бойынша дипломат болып қызмет етеді. Үнемі көздегені, армандаған өмірді өзгерту, әлемді өзгерту болады. Осы мақсатпен өмір сүрген жігіт арада 10 жыл өтседе өмірдің өзгергенін байқамайды, мүмкін менің қоршаған ортамды өзгертсем өмір өзгереді деп ойлаған жігіт, қоршаған ортасын өзгертуге бел байлап, өзінің туған қаласына келіп, қызмет ете бастайды. Халықтың материалдық жағдайын көтеру мақсатында үй салып, әлеуметтік жағдайын көтеруге күш жұмсайды. Одан да нәтиже болмайды. Жігіт ойланып, өзгерісті өз жанұясмнан бастаймын деп, адамдарды өзгерту үшін жұмыс жасайды. Арада қаншама жыл өтседе жігіт өзгеріс көрмейді. Осыдан кейін өзіне өзгеріс енгізбей, әлемнен, қоршаған ортадан өзгеріс көрмейтінін түсінген жігіт, өзін өзгертуге тырысқан екен»
Талқылау сұрақтары: Жігітке әлемді, қоршаған ортаны өзгерту үшін не қажет болды?
Өзгерісті неден бастаған дұрыс деп санайсыздар
3.
«Алақан» жаттығуы
Ақ парақтар, қалам
Қатысушылар берілген ақпараққа алақандарының суретін салады. Ақ параққа салынған алақан суретіндегі бес саусаққа бүгінгі тренинг қатысушыларының бесеуінің есімін жазады.Өз қалаулары бойынша жазған қатысушылар есімін нөмерлейді.Қатысуышлар есімдерін жазып болған соң психологтың нұсқауын орындайды.
5 – ші нөмердегі қатысушыға бүгінгі күні және дәл осы сәтте сізбен бірге болғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
4.
«Жас мамандарға және ұжымға жаңадан келген ұстаздарға» арналған сауалнама
Сауалнама парағы
1.Аты – жөніңіз:
2. Сіздің мамандығыңыз өзіңізге ұнайды ма?
3. Жұмыс барысында қиындықтар туындайды ма?
4. Қиындықтар, түсінбеушіліктер туындағанда ұжымнан көмек ала аласызба?
5.Ұжымға бейімделу деңгейіңізді қалай бағалайсыз?
6.Сіздің шығармашылық мүммкіндігіңіз?
5.
«Автомобиль» жаттығуы
Плакат, фломастер.
Нұсқау: Қазір топ мүшелері бәріміз бірігіп, автомобильдің суретін саламыз. Әр топтың мүшесі өз қалауы бойынша қалаған деталдарын салып шығады.
Талқылау сұрақтары:
Әр бір қатысушыдан қандай деталды салғанды және оны неліктен таңдағандығы сұралады?
Автомобиль бөлшектерін таңдауы бойынша мұғалімдерге «жобалау» әдістемесі негізінде мінездеме беріледі.
6.
Рефлексия.
«Бүгінгі күннен үйренгенім», «бүгінгі күннен алған әсерім», «бүгінгі күннің ұнаған сәті» айдарлары бойынша қатысушылар өз ойларымен бөліседі және психолог кеңесі оқылады.