Сабақтың тақырыбы
Құстардың көптүрлілігі.Түйеқұстар (қыртөссіз құстар). Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі.
Айтбуланова Кулимхан Калембековна
химия- биология пәні мұғалімі
мақсаты: Оқушыларға құстапрдың көптүрлілігі туралы білім дағдысын қалыптастырып, оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау, танымдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
3. Сәттілік тілеу- психологиялық дайындық
Психологиялық дайындық.
Бәріміз терезеге қарап, сабақтың сәтті өтуіне тілек тілейміз.
Күн шуақ,
Мен сені сүйемін!
Жүрегімнің жылуын,
Мен сендерге беремін.
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз дос болайық!
Сыныпты суретті лото арқылы 2 топқа бөлемін.
Жоспар:
1 кезең:
І. Қызығушылықты ояту
Балалар, өткен сабақтан алған білімімізді қайталау үшін біз «Көпір» тапсырмаларына жауап берейік.
Қазақстанда құстардың неше түрі мекендейді? (500)
Орнитология ғылымы нені зерттейді? (құстарды)
Құстардың денесі қандай бөлімдерге бөлінеді?(бас, мойын, тұлға)
Құс қаңқасының өзіне тән қандай ерекшелігі бар ?(алдыңғы аяғы қанатқа айналған)
Қозғалу әрекетіне байланысты құстарды неше топқа бөледі?(3)
Қыртөстілер қандай құстар ?(ұша алатын құстар)
Қыртөссіз құстарға мысал келтіріңдер (түйе құстар, нанду, страус)
Жүзгіш құстарды ата (пенгвиндер)
Құстардың жүрегі неше қуысты ?(4)
Тыныс шығару жүйесі (қосарлы тыныс алу)
ІІ. Ой қозғау орталығы
«Ыстық орындық» ойыны
Әрбір топтан бір – бір адамнан шығады. Қарсылас топтар бір-біріне сұрақ қояды. Ыстық орындыққа отырған оқушы жауап береді.
«Білімділер » тобына
1. Жұмыртқадан шығатын балапандарды қандай топтарға бөледі ?(ширақ, қызылшақа)
2. Ірі құстарда қанша жұмыртқалар болады ?(1,2)
3. Түйеқұстардың аяқтарында неше саусақ болады ?(2)
4. Тауық жұмыртқасынан неше тәуліктен соң балапан шығады ?(21)
«Алғырлар» тобына
1.Ширақ балапандар қандай құстарда болады ?(үй құстарында)
2. Жұмыртқаның сырты немен қапталған ?(әкқабық)
3. Мекиен дегеніміз не?(құстың аналығы)
4. Құстардың кеңірдегі неше ауа тамырға тармақталады ?(2)
Ыстық орындықта отырған оқушылар жауап берсе, өздеріне ұпай болып қосылады. Ал жауап бермесе, ұпайлары күйіп кетеді.
ІІІ. Мағынаны тану.
Таным орталығы.
Тақырыбы: Құстардың көптүрлілігі.Түйеқұстар (қыртөссіз құстар). Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі.
Оқушылар оқулықтағы 276 беттегі материалдарды өз бетімен жұп болып, одан кейін топ болып оқып, талқылайды. Одан кейін тұжырымдамалық карта жасайды.
«Білімділер» тобы.
276 – беттегі тапсырма.
Құстардың көптүрлілігі . Тұйеқұстар. Пингвиндер. Ұшатын құстар. Құстардың таралуы.
««Алғырлар» тобына
Құстардың құрылыс ерекшеліктерімен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары. Топ болып жасаған тұжырымдамалық карталарын қорғайды.
Дәптермен жұмыс
Тақырып соңындағы терминдермен жұмыс.
Орнитология –
Күрделі сегізкөз –
Қыртөс (киль) –
Жіліншік –
Ауа қапшықтары–
Қосарлы тыныс алу –
Қызылшақа балапан –
Ширақ балапан –
Археоптерикс –
Протоавис –
Кестемен жұмыс. Омыртқалы жануарлардың дамуы
Сұрақтар
|
Балық
|
Бақа
|
Кесіртке
|
Құс
|
Тіршілік ортасы
|
|
|
|
|
Дене жамылғысы
|
|
|
|
|
Тыныс алу мүшесі
|
|
|
|
|
Температура
|
|
|
|
|
Дене мүшелеріне қандай қан таралады
|
|
|
|
|
Мидың құрылысы
|
|
|
|
|
көбеюі
|
|
|
|
|
Оқулықпен жұмыс: 281 беттегі өздік жұмысы
Оқушылар білімін бағалау:
Үйге тапсырма беру:$56 оқуға .Шығармашылық жұмыс: Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген құстар туралы баяндама жазып келуге.
Рефлекция
Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы
Өндіріс ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |