Сабақтың мақсаты: а бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру



бет1/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,37 Mb.
#33280
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Оңтүстік Қазақстан обл.

Шардара ауданы.

Қ.Аманжолов жалпы орта мектебі

Педагог – психолог

Қонарбаева Айжан

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі

Тренинг сабақ

Тақырыбы: Мен және менің отбасым

Педагог психолог: А.Конарбаева

Шардара қаласы

2016 – 2017 оқу жылы

Тренинг тақырыбы: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты:

А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;

Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылыменберілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;

Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.

Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыныларға ақ парақтар тарату, отбасы туралы слайд, видиоролик,сиқырлы сандықша, қоржын , стикер,плакат,слайд,видио ролик,маркер.

Барысы:

Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын тренингтің ережесімен таныстырып өтейін.



Сөзді бөлмеу.

Бір-біріне кедергі жасамау.

Бірігіп жұмыс жасау.

Күлімсіреу.

Тренердің айтқанына бағыну.

Тренинг сабағымыз 8 бөлімнен тұрады.

1.Таныстыру (аты-жөні, менің отбасым бақытты)

2. «Отбасы» туралы сұрақтар ,

3. « Жұмбақ шешу»

4. « Логикалық сұрақтар»

5. «Менің анам ол....»

6. «Біз екеуміз бірге.....» жаттығуы

7.Оқушыларға арналған сетуациялық сұрақтар.

8. «Сергіту» жаттығуы



Әрбір оқушы орындарынан тұрып аты-жөндерін айтып таныстырады және Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...).



2. Отбасы туралы сұрақтар.

1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?

2. Отбасының басшысы кім?

3. Отбасы қандай болуы керек?

4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?

5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?

6. Сен қандай отбасын армандайсың?

7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?

8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

10. Отбасының ұйытқысы кім?

11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?



3. Жұмбақ шешу

Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.

-Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма?

Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырамын. Сендер оларды шешуге тырысыңдар.

Тағы менің қоятын бір шартым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел айтып немесе ән салып беріңдер

1-жұмбақ: Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? (Ата )

2-жұмбақ

Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)



3 - жұмбақ:

- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, жақсы жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).



4 -жұмбақ.

- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).



4. Логикалық сұрақтар

1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам

3. Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле)

4. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере)

5. Сіз ата-анаңызға кім боласыз? (ұлымын, қызымын)

6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала)

7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)

8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)

9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)

Ал енді балалар сендер аналарыңа қандай жылы сөздер, жақсы тілектер айтып жүресіздер. Соны анықтау мақсатында

5.Сіздерге «менің анам» –ол... кестесін таратамын.

«Менің анам – ол... мейірімді, еңбексүйгіш, адал, әдемі, қамқоршыл, инабатты, сыпайы, »

Тапсырманы орындауға оқушыларға кесте таратылады менің анам ол.... сөзін ары қарай жалғастыру тапсырылады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жазылған бетшені оқып беру

Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орыны бөлек. Отбасы мүшелерінің жауапкершілі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.



6.«Біз екеуміз бірге…» жаттығуы

-Бұл ойында оқушылар ата-аналарымен бірге үнемі не істейтіндерін жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге сырласамыз т.б.



7.Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:

Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзінді таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?



8.. Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз,

Өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.

Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз- олардың көбі пайдасыз.

Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.

Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз.

Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз

Психолог:



7. "Ой толғау" видео-ролик көрсету

Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.



8.Қорытынды:

- Құрметті ,оқушылар. Біз сіздермен отбасындағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болсын! Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

Тақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.

Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.

Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анаменен данамыз.

Өмірге мына бізді алып келген,

Дүние қымбат екен анаменен

Ән: «Асыл әжем»

VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

Балалы үйдің еңсесі биік.

Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.

1. Отбасы дегенді қалай түсінесің?

2. Отбасының басшысы кім?

3. Отбасы қандай болуы керек?

4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер?

5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба?

6. Сен қандай отбасын армандайсың?

7. Өз отбасыңа көңілің тола ма?

8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

9. Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

10. Отбасының ұйытқысы кім?

11. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

12.Тәрбиелі отбасын қалай түсінесің?

13.Отбасында әке мен ананың ролі қандай?

14.Барлық отбасын бірдей деп ойлайсың ба?

1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам

3. Анаңның апкесінің баласы саған кім болады? ( бөле)

4.Сізге апкеңіздің баласы кім болады?(жиен)

5. Сіз ата-анаңызға кім боласыз? (ұлымын, қызымын)

6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала)

7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы)

8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата)

9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере)



1.Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың саған ренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?

2.Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарап өзінді таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?

3.Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыр күнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?

4.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары.Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аттары кім?

5.Үш ағайынды.Арман,Аян,Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпты оқиды.Аслан Арманнан,ал Аян Асланнан кіші емес.Бұл үйдің үлкені,ортаншысы,кішісі кім.

6.Олар қандай баға алды?Әсем,Ардақ,Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда,мұғалім: «Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар,бірақ әрқайсыңның бағаң әртүрлі.Әсемнің бағасы «3» емес ал Анардың бағасы «3»-те «5» -те емес,»,-деді.Сонда әркім қандай баға алған

Жауабы:


4- Айжан- Мұраттың,Маржан Асқардың қызы.

5.Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан.

6.Әсем -«5»,Анар- «4»,Ардақ -«3» алған

Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі

Тренинг сабақ
Тақырыбы:

«Өмір құндылығы»

Педагог-психолог:А.Қонарбаева



Тақырыбы : «Өмірлік құндылықтар» тренинг сағаты

Мақсаты: оқушыларға өмір сүрудегі құндылықтар туралы түсінік беру. Өз мүмкіндіктеріне сене білуге үйрету, стресстік көңіл-күйді төмендету.ҰБТ-ге жағымды көзқарастарын дамыту.

Сәлеметсіздер ме , оқушылар бүгін сіздермен әр адам өзіне әркүн сайын есеп беру, керек бүгінгі күн мен үшін қандай жағымды ой әсер берді және бүгінгі күннен керегімді алдым керек емесің қалдырдым деп жаңа күнге бүгін барлығы сәтті болады болады деп өзіңізге бағыт беруіңіз керек.

Алғашқы жаттығу «Мен кіммін ? » деп аталады. флеш-тренинг.



Мақсаты: бір-бірімізге жағымды көңіл-күй сыйлау.

Келесі жаттығу «Өмірдегі үш нәрсе»

Өмірде қайта оралмайтын құндылық : уақыт, сөз, мүмкіндік.

Ешқашан жоғалтуға болмайтын үш құндылық: ар, сабырлық, үміт.

Адамды аздыратын үш нәрсе : жалқаулық, өркөкіректік, жауыздық.

Өмірдегі тұрақсыз үш нәрсе: арман, сәттілік, дәулет.

Адамды анықтайтын үш нәрсе: еңбек, әділдік, жетістік.

Нәтижесінде: флеш тренингті қызу талқылады. Өмірлік мақсат қоя білу керек екенін айтты.

Би терапия элементі «Балапандар биі»

Мақсаты: оқушы бойындағы стресстік көңіл-күйді төмендету.

Нәтижесінде: көңілді әуенмен көңіл-күйлері көтерілді.

«Бәрі өз қолыңда» флеш-тренинг

Оқушылардың өздеріне сенімділіктерін арттыру. Ерте заманда данышпан өмір суріпті . оны барлық халық құрметтеген . Бір күні бір ақымақ адам айла тауып данышпанды ел алдында ұятқа қалдырғысы келеді. Ол көбелекті ұстап менің қолымдағы тірі зат па,әлде өлі зат па деп сұрапты. Сол кезде данышпан оған былай деп жауап береді. Егер мен ол оны өлі десем сен оны ұшырып жібересің, тірі десем алақаныңды қысып өлтіре саласың Қалай болғандада бәрі өз қолыңда деп жауап береді.



Рефлексия . «Біздің топтың жүрегі».

Әр оқушы өз жүрегің ерекше етіп бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісу керек.



Нәтижесінде:

-бәрі өз қолымызда екенін түсіндік

-ҰБТ-ге сеніміміз осыдан соң артты.

- тренинг ұнады деген жауаптар алынды.


Психологиялық тернингтің тақырыбы: «Мейрімділік»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке , мейрімдікке тәрбиелеу.
Жаттығу:«Ауа райы»

Мақсаты: Оқушылардың қазіргі кездегі көңіл-күйлерін сурет салу арқылы анықтау.

Керекті құралдар: қағаз беті, қарындаш, түсті қарындаштар.

Жаттығу барысы:Қолдарыңызға қағаз бетін және қарындаш алыңдар. Енді өзіңіздің көңіл-күйіңізге сәйкес келетін сурет салыңыз. Сіз қазір боран соғып тұрғанын, күлімсіреген күнді, жаңбыр, найзағай, т.б. суретін сала аласыз. Бір-бірімізден көшірмейміз. Айналамызға қарамай, өзіміздің көңіл-күйімізге сай сурет саламыз.

(ашық түстер, үлкен сурет – көңіл-күйі жақсы)



Жаттығу: «Алақанға жан бітір»

Мақсаты: оқушылардың қиялын дамыту және көңіл-күйін көтеру

Жаттығу барысы:Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

Жаттығу: «Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Жаттығу барысы :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшігіне салады .
Жаттығу:«Мен- күнмін», немесе «Мені не үшін сыйлау керек».

Мақсаты: Сенімділікті арттыруға арналған жаттығу.

Ойын барысы: Күннің сүретін салып, ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым адамның шапағаты да көп болғаны.

Тақытыбы:ҰБТ және ата- аналарға арналған психологиялық тренингтер

Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Қатысушылар: 10-11 сынып ата-аналар
Тренинг ережесі:

1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;


2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;
Ұйымдастыру кезеңі:

1. Топқа бөлу:Ағаш,жапырақ,бұтақ,тамыры

2. Амандасу.
3.«Есімдер аллитерациясы»
4-жаттығу «Қар қиыршықтары»

3-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»

6-жаттығу «Жасырын сөздер» жобалау әдістемесі

7. Ой жинақтау

8. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы(доп) лақтыру

9(.Стол) жаттығуы

1.Топқа бөлу:Тамыр,ағаш,бұтақ,жапырақ.

2. Амандасу.
Мақсаты: Ата-аналарды орындарына отырғызу, жақсы психологиялық көңіл-күйді қалыптастыру.
«Сәлем – сөздің анасы» демекші кез-келген жерде, қандай жағдайда болмасын адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа жеңіл өту үшін алдымен амандасып, сәлем алысқаннан кейін жұмысы жөнінде сөз қозғайды. Бұл қашанда осылай болған, болады да, болуы керек. Дүниежүзіндегі сан алуан халықтардың сәлемдесу салты да түрлі-түрлі болып келеді. Қазір сіздерге бірнеше елдің амандасу салтын көрсетемін.
1. «Еуропалықтар» — қолын қысады.
2. «Жапондықтар» — иіледі.
3. «Оңтүстік африкалықтар» — арқаларымен үйкелеседі.
4. «Солтүстік африкандықтар» — оң қолын алдымен маңдайына, одан соң еріндеріне, содан соң кеудесіне әкеледі.
5. «Замбезиде» Африка – тізе бүгіп, алақандарын соғады екен.
6. Үндістер/ оңтүстік Америка/алақандарын бір-біріне қойып жоғары қаратып қастарына тигенше көтереді.
7. Ал енді, өзіміздің ұлттық қазақша амандық – саулық сұрап, қал-жағдайымызды біліскенге не жетсін! Олай болса, қол алысып бір-бірімізбен сәлемдесейік.
3.«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын

Адам көңілінің тазалығы, көңіл күйінің жаман, жақсы болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, көңілге әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайларға сыртқы ортаның әсері көп. Адам көңілді жүрсе, көңіл күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, қоғамына да қиыншылықтар кездеспесе адамның көңілі көтеріңкі, уайымсыз жүреді. Ендеше мен сіздерге көңілдеріңіз еш нәрсеге алаңдамай көтеріңкі болуына тілектеспін. Қазір сіздермен біз «Жақсы көңіл күй - жан азы» тақырыбында психологиялық сағат өткіземіз. Психологиялық сағатты бастамас бұрын сіздерден өтініп сұрайтыным мына ережелерді сақтасаңыздар


4-жаттығу «Қар қиыршықтары»

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

  • Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

  • Психолог сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. Бүгіні жиналуымыздың бірден бір себебі ҰБТ-ға балаңызды дайындауда қолдау көрсету.

5-жаттығу «Мен үшін ҰБТ...»

Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде пікір алмасайық.



  1. Жағдаят.Ата -анасы баласына ҰБТ- ден жоғары ұпай ала алмасаң, бізден жақсылық күтпе, біз саған көмектеспейміз дейді. Ал баласы ҰБТ- дан төмен ұпай жинап жүр. Осындай сөздерден соң ол ешкімді көргісі келмеді.

Сұрақ: Ата- ананың бұл ісіне қалай қарар едіңіз? Сіздің ойыңыз? Өзіңіз балаңызды ҰБТ- ге қалай дайындар едіңіз? ҰБТ -ға психологиялық ахуалды қалай жасайсыз?

2 - жағдаят. Он бес жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.
Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Қандай қателік бар?
Баланың қандай құқығы бұзылды?


3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.
Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

4 - жағдаят. Соңғы кезде сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді
Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек?
Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?

6-жаттығу «Жасырын сөздер» жобалау әдістемесі

Нұсқау: Оқушыларға ақ таза парақ беріледі.Оқушылар ол ақ параққа өз мінездерін,өздері туралы сөздерді жазады.Сол жазылған сөздергді ата-аналар табулары қажет.Қайсысын өз баласы жазғанын.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың ақ параққа жазған жазуды табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың жазғанын қандай элементтер бойынша таптыңыз?



7. Ой жинақтау(постер қорғау,ата-ана,оқушы)
Төрт топқа тақырып беріледі
Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?
ІV ҰБТ дегенді қалай түсінесіз?

8. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы(доп) лақтыру арқылы ата-ана бір-біріне балалары жайында сұрақтар қою.
1. Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
6. Тест Сіздің көңіл күйіңіз

9(.Стол) жаттығуы

Психолог сөзі. Ата-аналар сіздерге бүгінгі психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет айта отырып, отбасылық амандық, балаларыңыз әрдайым сіздерді қуанта берсін деймін. Барлығымыз бірлесе отырып, алдарыңызда тұрған үлкен Тілек ағашына мектеп мұғалімдеріне, ата-аналарына, балаларыңызға деген тілектеріңізді жазып қалдырайық!

Осындай жақсы күндеріміз көп болсын, тілектеріміз қабыл болсын!

7.Қорытынды
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Дайындаған:А.Қонарбаева





Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет