Сабақтың тақырыбы: Дүкенде 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Дүкендер» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру; сөзтіркес пен сөйлемдер құрастыруды үйрету. Тарау бойынша тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық:Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақтарды дұрыс түсініп, дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға, еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу. Сатушы мамандығын пайдалы екендігін айтып түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақсатың, барысын айту
Жаңа сабақ
Тақтада әр түрлі дүкендер бейнеленген сурет ілулі тұрады. Мұғалім сұрақ – жауап әдісімен жаңа тақырыпқа шығады..
Тілдесім:
Мынау нелер?
Бұл қандай дүкен?
Жемістер, көкөністер дүкенінде не сатылады?
Азық – түлік дүкенінде не сатылады?
Мынау қандай дүкен?
Кеңсе тауарлар дүкенінде нелер сатылады?
Мынау қандай дүкен? Киім дүкенінде нелер сатылады?
Сонда осы суреттеде нелер бейнеленген?Бір сөзбен қалай айтамыз?
-Дұрыс, дүкендер.
Сөздік жұмысы:
Азық – түлік дүкені – продуктовый магазин
Киім дүкені – магазин одежды
Жемістер, көкөністер дүкені – магазин овощей и фруктов
Кеңсе тауарлар дүкені – мағазин каңц. Товаров.
1)Оқушылар тізбектеп оқиды, қайталайды.
2)Сөз тіркестерін құрастырады.
3)Сөйлемдер құрастырады.
Оқылым: Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, орыс тіліне аударады. Бірінші қатар қазақ тілінде оқиды. Екінші қатар орыс тіліне аударады. Әңгімелейді.
Жазылым: 1) 1 топ – «Дүкендер» әңгіме құрастырып жазады.
2 топ дүкен туралы жауап арқылы диалог құрастырады.
3 топ. Қай зат қай дүкенде сатылады? Сөздерді екі бағанаға бөліп жазады.
Киім дүкені
|
Көкөніс дүкені
|
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау, бағалау. Әр топ ассоциациясын құрастырады. Тақырыптары: «Азық – түлік дүкені», «Киім дүкені», «Кеңсе тауарлар дүкені»
6.Үйге тапсырма: «Дүкендер» әңгімелеу
Жаңа сөздерді жаттау.
Сабақтың тақырыбы: «Азық – түлік» дүкені 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Азық – түлік дүкені туралы толық түсінікерін беру. Сурет бойынша сөйлемдер құрай білу, әңгімелеу, сөздік қорын молайту. Етістіктердің шақтарың дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Дамытушылық: Сөйлемдерді өрбәтәп, дамытып, жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақсатың, барысын айту
Жаңа сабақ
«Азық – түлік» дүкені суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Тілдесім:
Мынау не?
Бұл қандай дүкен?
Азық – түлік дүкені қандай?
Азық –түлік дүкенінде нелер сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай сүт тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай ет тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай ұн тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай тәтті тағамдар сатылады?
-сонда балалар, бүгінгі тақырыптың аты қалай?
-дұрыс, «Азық – түлік дүкені»
Айтылым: 133 беттегі №1 тапсырма. Оқушылар суретті әңгімелейді.
Керекті сөздер: сатушы, азық – түлік, сатып алушы, төледі, сөрелерде, үстінде, астында.
Оқылым: 134 беттегі №2 тапсырма. Оқушылар диалогты мәнерлеп оқиды. Көп нүктенің орнына бағаларын қойып айтады.
Жазылым. 1 топ:134 беттегі №4 жаттығу. Адасқан сөздер бар сөйлемдерді тауып, қатесіз құрастырып жаз.
Ет дүкенінде сүт сатыдалы.
Ернұр бір килограмм айран сатып алды.
Мен киім дүкенінен кеңсе тауарларын сатып алдым.
Біз бұ\үгін көкөніс дүкеніне кеңсе тауарларын сатып алдық.
2 топ. 134 беттегі 3 жаттығу. Сөздерді дұрыс аударып, осы сөздер арқылы сөзтіркестерін құрастыру.
Керекті сөздер: мясо - ет, сыр-ірімшік, молоко-сүт, соль-тұз, хлеб-нан, сахар-қант, кефир-айран, сметана-қаймақ, колбаса-шұжық, творог- сүзбе.
Үлгі: дәмді ет, жұмсақ ірімшік, суық сүт, ақ тұз, нан сатып алдым, тәтті қант, қышқыл айран, қаймақ жедім, өте дәмді шұжық т.с.с
3 топ. 135 беттегі №5 жаттығу. Жақша ішіндегі жалғаулардың тиістісін жалғап жаз.
Шұжық .../-ты, -ті/, нан ...../-да, -те/, тауар ... /-мен, - бен/, дүкен..../-нің, -ның/, алма .../-лар, - дан/, киім .../-ні, -ді/, айран ....../-да, -ны/, сүт ....../бен, -пен/.
Үлгі: шұжықты, киімді, нанда, тауармен, дүкеннің, алмалар, айранда.
5)Сабақты қорытындылау, бағалау.
Азық – түлік дүкені
Ет тағамдары
Ұн тағамдары
Сүт тағамдары
Тәтті тағамдары
6) Үй тапсырмасы: «Азық – түлік дүкені» әңгіме немесе диалог құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |