Сабақтың мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу



Дата12.09.2020
өлшемі28 Kb.
#63645
түріСабақ

Өзін - өзі тану.1 – сынып.
Тақырыбы: Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Сабақтың мақсаты: Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері: шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету, өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: «Өзін - өзі тану» оқулығы
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері. Қ. Мырза - Әли. Болады- болмайды.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Қамқорлық деген не?Сен кімге, қандай қамқорлық жасай аласың?
3. Мәтінмен жұмыс. Түлкі мен ешкі. Ертегі.

  • Мәтінді түсіндіріп оқу.

  • Сұрақ – жауап арқылы талдау.

4. Сахналау «Түлкі мен ешкі» (ертегі) Оқушылар осы ертегі жайлы көрініс көрсетеді. - Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер? - Ал ешкіге ше? - Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма? - Түлкінің әрекеті дұрыс па? - Балалар сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма? - Өтірік адамға қандай зиян әкеледі? - Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар? - Шыншыл бала қандай болады?

5. Тыныштық сәті: - Балалар денемізді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жүмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Енді көзімізді ашайық. - Тақтадағы сөйлемді оқыту.
Дәйексөз. «Өтірік өрге баспайды.».
Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.
- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.
6. Сергіту.
7. Әңгімелеу.
Аңыз әңгіме: «Шындық пен өтірік»
Қоян мен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.
- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?
- Шындық неге жетелеп отыр?
- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?
- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?
5. Шығармашылық жұмыс. Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.
Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с

6. Тапсырма. Оқулықтағы сөйлемдерді аяқтау.

Өтірікші алдымен өзін ... алдайды.

... шын сөзі зая.

7. Жағдаяттар талдау.
8. Дәптермен жұмыс.

«Шындық» «Өтірік» Неге жеткізеді?



9. Үй тапсырмасы. Ертегіні оқу.Мақал – мәтел жаттау.

10. Жүректен жүрекке.

Каталог: uploads -> doc -> 0013
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0013 -> Сабақтың тақырыбы: Қайталау операторы: for операторы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет