Сабақтың мақсаты: студенттерге Microsoft PowerPoint бағдарламасын да терезе қатарларымен жұмыс жасай



Дата06.02.2022
өлшемі16,39 Kb.
#79745
түріСабақ
Байланысты:
Microsoft PowerPoint терезе қатарларымен жұмыс.


Сабақтың тақырыбы: Microsoft PowerPoint терезе қатарларымен жұмыс
Сабақтың мақсаты: студенттерге Microsoft PowerPoint бағдарламасында терезе қатарларымен жұмыс жасай білуді үйрету.

МS Offiсе барлық қосымшаларының күмәнсіз қолайлылығы қолданылатын интерфейсті біркелкі көрсетуінде, сондықтан РоwerРoint интерфейсі осы операциялық жүйе үшін үлгі(стандарт) болып табылады.
Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
• Тақырып жолағы - құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
• Мәзір жолағы - басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.
• Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.
• Сурет салу құралдар үстелі - сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
• Қалып күй жолы - құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
• Жұмыс аумағы (Рабочая область) – құжат бейнеленетін және редакцияланатын өріс. Оң жақтан жұмыс аумағы айналдыру жолымен шектелген. Word немесе ЕхсеІ салыстырғандағы үлкен айырмашылық, жүгірткі мәтін бойынша бір слайдтың ішінде емес, слайдтан слайдқа өту мүмкіндігін береді. Жұмыс аумағының нақты түрі редактор жұмысының режиміне тәуелді.
• Тапсырмалар аймағы - ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint - тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
• Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез - келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97 - 2003 форматын таңдау қажет.
Меню жолы келесі элементтерден тұрады.
1. Файл. МS Offiсе стандарттық менюі. /почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, презентацияны WORD-қа жөнелту/;
2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау, және объектіні редакциялау;
3. Көрініс. Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту командалары;
4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т. б.);
5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т. б. өзгерту командалары;

6. Сервис. МS Offiсе әдеттегі инструменттері және де РоwerРoint ерекше командалары;
7. Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлар мастерін пайдалануды қоса);
8. Тезере. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді;
9. Анықтама. Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен қатар Көмекшіні шақыру мүмкін болады.
РоwerРoint интерфейсінің Місrosoft Offiсе құрамына кіретін программалардан негізгі айырмашылығы, құжаттың жұмыс үстеліндегі арнайы бейнелену режимдері қарастырылған:
1. Әдеттегі.
2. Құрылымдық.
3. Слайдтар.
4. Слайдтарды сорттаушы.
Слайдтарды сорттаушы режимінде кадрлар бүкіл жұмыс үстелін алатын эскиз түрінде көрінеді, олардың әрқайсысының астында слайдтарды, анимацияларды ауыстыру параметрін, кадр экспозиция уақытын көрсететін бағдаршалар орналасқан. Әрине қажет басқару элементтері пайда болатын құралдар панелі де, слайд эскизінде тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын контексттік меню де өзгереді. Слайдты көрсету режиміне ауысқан кезде слайдтарды сорттаушы режимінде орналасқан параметрлерімен толық - экранды демонстрация қосылады. Демонстрация таңдалған слайдтан басталады. Оны Еsс батырмасын басып әр уақытта аяқтауға болады.

Үйге тапсырма: PowerPoint бағдарламасында Кірістіру /Вставкв/ командасының атқаратын қызметі туралы презенация жаса

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет