Химия пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 57
Сабақтың тақырыбы: Алкиндер
Мақсаты: 9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
1. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
1. Дәптеріңе сабақтың тақырыбын жаз. Жаңа тақырып бойынша конспект:
Алкиндердің жалпы формуласы: СnН2n - 2, мұнда n ≥ 2.
Алкиндердің номенклатурасы: этин, пропин, бутин, пентин
Ашылу тарихы
Қазіргі кезде кең қолданылатын СаС2 –ін неміс химигі Ф.Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты. Ол қалай болды? Велер кальцийді әктан көмір қатысында тотықсызданырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешкаңдай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады.Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды. Бұл газ ацетилен еді.
Винилхлорид бұл поливинилхлорид алу үшін бастапқы шикізат болып табылады.
2.Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Оқулық: 9 сынып § 58 124-130 беттер
Слайдпен сілтемені мұқият қарап шық.
3.Оқушыларға арналған тапсырмалар /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар маған тексертуге жіберіңіздер
1.Төмендегі қосылыстарды халықаралық жүйесі
бойынша атаңыздар:
а) Н3С – СН2 – СН3 в) СН2₌ СН2
с) СН2= СН - СН = СН2
д) НС≡ С – СН2 – СН2 –СН3
Ι
СН3
2.Мына қосылыстардың құрылым формулаларын жазыңдар:
а) бутин -1 в) пропан с) этин д) пентен -1
3. Оқулық №2 129 бет
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы телеграмм немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |