Информатика пәні бойынша 7-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары I тоқсан Сабақтың нөмірі: _________ Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік жад Мақсаты (оқушыға бағытталған): компьютердің жады түрлерінің қызметін сипаттау
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). Компьютерлік жад – бұл ақпаратты сақтау немесе есте сақтау құрылғысы. Жад компьютердің негізгі бөлігінің бірі болып табылады.
Компьютерлік жад ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы жад ақпаратты ұзақмерзімді сақтауға негізделсе, ал ішкі жад компьютерлік жүйелер үшін қолданылады.
Жедел жад – процессордағы орындалатын программалар мен өңделген деректерді жазуға, есептеуге және сақтауға арналған шағын жедел есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жады – бұл шағын көлемді жылдам есте сақтау құрылғысы. Ол микропроцессор мен жедел жад арасындағы ақпараттарды алмасу жағдайына қолданылады.
Тұрақты жад – деректерді сақтауға арналған жад. Ол ешқандай өзгерістер енгізілмейтін деректерді сақтау үшін қолданылады.
Бейнежад – кодталған бейнелер сақталатын есте сақтау құрылғысының бір түрі.
Сыртқы жад программалар мен деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Ол процессорға тәуелсіз, компьютер іске қосулы немесе өшірулі жағдайға байланыссыз жұмыс істей береді.
Сыртқы жадтан процессорға ақпараттар келесі тізбек бойынша үздіксіз беріліп отырады:
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).
Атамұра (9-бет),
Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Кітапта 15-бетте
Қолдану деңгейі
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.