Информатика
пәні бойынша 3-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _________
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндді пішімдеу.
Мақсаты (
оқушыға бағытталған
): компьютерлік программаларда файлдарды ашу және
сақтау командаларын пайдалану.
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Мәтінді пішімдеу
деп пішімдеу батырмалаоы арқылы мәтіннің қаріптерін қалыңдату,
қисайту (курсив), астын сызу, қаріпті үлкейту және кішірейту, түрін, түсін ауыстыру
жұмыстарын айтады. Ол үшін Жолақтағы пішімдеу командасын қолданамыз.
Пішімдеу батырмалары
Мәтінді пішімдегенде пернетақтадағы пернелер үйлесімін қолдануға болады: Ctrl+B-
қаріпті қалыңдату
; Ctrl+I-
қаріпті қисайту
; Ctrl+U-қаріптің астын сызу.
Мәтінді қалай ерекшелеуге болады?
Мәтін бөліктерін ерекшелеу әдістері:
1. Сөзді ерекшеолеу үшін керекті сөзге меңзерді апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасын
екі рет шерту қажет.
2. Жолды ерекшелеу үшін тінтуір нұсқағышын жолдың басына апарып, тінтуірдің сол жақ
батырмасын бір рет шертеміз.
3. Мәтін бөлігін ерекшелеу үшін меңзерді сол бөліктің басына апарып, тінтуірдің сол жақ
батырмасын үш рет шерту жеткілікті.
Көшіру'>Ерекшеленген мәтінді қалай көшіруге, қоюға және қиып алуға болады?
Мәтін бөліктерін көшіру, қою және қиып алу үшін:
1. Керекті мәтінді ерекшелеп алып, жолақтағы
Көшіру
батырмасын немесе жанама
мәзірден
Көшіру
командасын басу арқылы көшіруге болады.
2. Көшірілген мәтінді қою үшін
Қою
батырмасын немесе жанама мәзірден
Қою
командасын басу керек.
3. Мәтінді қиып алу үшін
Қиып алу
батырмасын немесе жанама мәзірден
Қиып алу
командасын басу керек.
Осы командаларды орындау бараыснда бізге қажетті мәтін немесе сурет жойылып кетпей
алмасу буферінде сақталады.
Алмасу буфері –Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын компьютер жедел
жадысының арнайы аймағы.
2.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б.
нақты сілтеме беру).
Арман-Пв кітабы (33-бет),
3. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).
Кітапта 35-бетте Үйде орындайық тапсырмасы мен Талдап салыстырайық тапсырмаларын
орындайсыздар.
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.