Сабақтың өткізілетін күні: 20. 11. 2017ж Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ



Дата08.07.2018
өлшемі150,5 Kb.
#48756
түріСабақ
Пәні: Информатика

Топ: И1-17

Сабақтың өткізілетін күні: 20.11.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Графика мен диаграмма тұрғызу

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ

Сабақ типі: жаңа білім беру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Excel 2007 бағдарламасында диаграммалар туралы түсінік беру. Кестелі мәліметтер негізінде диаграмма құру процедурасы, әр түрлі графикалық диаграмма түрін өзгерту және диаграмма стилін таңдау мүмкіндіктерін үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Диаграмма шебері арқылы білімгерлерді тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың әдісі: Сұрау, түсіндіру, сұрақ – жауап, “Жадыны жаңғырту”, “Миға шабуыл” , «Тақырыпқа келу», «Мәтінді меңгеру».

Сабақтың көрнекілігі:  Компьютер, интерактивті тақта, слайд, кері байланыс, үлестірме қағаздар, презентациялар, автоматтандырылған желілік әдісі, бағалау парақтары.

 

Сабақтың барысы:





Сабақ кезеңдері

Уақыт, мин

І

Ұйымдастыру кезеңі

3

ІІІ

Білімгерлерді, жаңа материалды қабылдауға даярлау немесе білімді актуалдау, мақсат қою. “Жадыны жаңғырту”

5




Активити “Жалғасыңды тап”

2




Тест тапсырмасын орындау

5

ІV

Жаңа материалды түсіндіру

25

V

Жаңа сабақты бекіту

25



Жаңа өтілген және бұрынғы өткен сабақтарды жүйелеу, қорыту

15

VІІ

Сабақты қорытындылау және сабақ нәтижесін бағалау

8

VIIІ

Үйге тапсырма

2


І. Ұйымдастыру кезеңі: ЕТК кабинеттегі қауіпсіздік ережелер, білімгерлердің назарын сабаққа аудару, компьютерлердің іске қосылғандығына көз жеткізу, желілік бағдарламаны қосу, ауқымды желімен байланысты ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық түстер арқылы түс таңдау арқылы 

Қызыл түс – өз-өзіне сенімділігі басым, жұрт көңілін өзіне 
аулай алатын жан. 
Жасыл түс – тыныштық пен жаңарудың символы. Өзін үнемі еркін ұстайтын, тез шешім қабылдағыш, ізденгіш, жаңашыл адамдар. 
Сары түс – ашықтықты, шындықты, тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген жандар. 

Дәл бүгінгі күні біз бәріміз білімді болып, биікке көтеріліп ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз.



IIІ . Білімгерлерді, жаңа материалды қабылдауға даярлау немесе білімді актуалдау, мақсат қою

Білімгерлерге MS Excel бағдарламасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарды қою.

  1. Бағандар мен жолдардың қиылысуы қалай аталады? (ұяшық)

  2. Электрондық кестедегі горизонталь жол қалай аталады?(қатар)

  3. Microsof Excel-де бір бетте қанша баған бар?(256)

  4. Формула қандай белгімен басталуы керек? (=)

  5. MS Excel программасында кездесетін негізгі ұғымдарды ата? (формула, жұмыс кітабы,

баған, жол, жұмыс парағы, файл, ұяшық)

  1. Стандартты аспаптар тақтасында ораналасқан әрекеттерді ата?(жабу, жасау, ашу)

  2. Microsoft Excel кестелік процессорының терезе элементтерін ата?(тақырып жолағы,

тапсырма аумағы, күй жолағы, айналдыру сызығы)

  1. MS Excel нұсқаларын ата?( Excel-97,2000, 2007,2013)

АКТИВИТИ-1

Кесте, формула, баған, жол, жұмыс парағы, файл, ұяшық, жабу, ашу, қою, көшіру, қиып алу.
Іздеген жетер мұратқа,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар.

Еңбегің мен ақылың екі жақтан

А.Құнанбаев



Өзіңді тексер

(Компьютерде тест тапсырмасын орындау) 2111132232


Тест (html бағдарламасында)
1. Microsoft Excel –дегі ұяшықтың абсолюттік мекен- жайының дұрыс жазбасын көрсетіңіз

а) С2


ә) $В$6

б) $2С


в) $В6

г) В$3
2. Microsoft Excel –де ұяшық блогын дұрыс салуды көрсетіңіз

а) А20/В35

ә) А20*А35



б) А20:В35

в) А20..В35

г) А20-В35
3. Microsof Excel –де аргументтер тізімдерінің ең жоғарғы мәнін есептеу үшін функция пайдаланылады.

а) МДЛИТ


ә) МИН

б) МАХ

в) НАИМЕНЬШИЙ

г) ЕСЛИ
4. Microsof Excel –дегі қию және көшіру үшін мыналар пайдаланылады.

а) алмасу буфері

ә) арнайы папка

б) арнайы панель

в) арнайы файл

г) формула жолы
5. ЗНАЧ! Қатесі нені білдіреді.

а) нөлге бөлу берілген

ә) дұрыс емес функция пайдаланылған

б) дұрыс емес аргумент немесе дұрыс емес оператор көрсетілген

в) рұқсат етілмейтін ат көрсетілген

г) орынсыз сілтеме көрсетілген
6. «А1:В1» жазбасы мынаны білдіреді

а) А1 ұяшықтағыны В2 ұяшығына көшіруді білдіреді

ә) А1 және В2 екі ұяшықтан алынған көшіруді білдіреді

б) А1, А2,В1,В2 төрт ұяшықтан алынған диапазонды білдіреді

в) А1 ұяшықтағыны В2 ұяшығына ауыстыруды білдіреді

г) А1 ұяшығында қамтылған В2 ұяшығында қамтылған бөлуді білдіреді
7. «С5 ұяшықты 12-ге бөлу» өрнегінің түрі бұл

а) С5^12


ә) С5-12

б) C5:12


в) С5\12

г) С5/12
8. Электрондық кестедегі формула жазбасы мыналарды қамти алмайды.

а) сандық көріністер

ә) ұяшықтың аты

б) ұяшық диапозоны



в) суреттер

г) арифметикалық операциялардың белгілері


9. Excel-дегі кестелік процессордың құжаты қалай аталады

а) парақ


ә) пакет

б) документ



в) кітап

г) тұсау кесер


10. Электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі

а) парақ


ә) пакет

б) документ



в) ұяшық

г) тұсау кесер


АКТИВИТИ-2

Excel мүмкіндіктері:


    • Кесте құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтау;

    • Сақталған кестелерді ашуға және оларға түзету жасау;

    • Кестелерге жол, баған немесе ұяшық қосу;

    • Кестеден жол, баған немесе ұяшықтарды алып тастау;

    • Жол, баған немесе ұяшықтар ішіндегісін көшіруді немесе орын ауыстыру;

    • Ұяшықтар ішіндегісін өсуі немесе кемуі бойынша сұрыптау;

    • Пайдаланушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе кестелік процессорда бар дайын формулаларды қолданып есептеу жүргізу;

    • Кесте деректері бойынша диаграмма құру


V. Жаңа сабақты түсіндіру


  1. Диаграммалар туралы түсінік.

  2. Кестелі мәліметтер негізінде графикалық диаграмма құру процедурасы көрсету.

  3. Диаграмма түрін өзгерту мүмкіндіктері.

  4. Диаграмма стильін таңдау мүмкіндіктері.

(видео фильм көрсету)

Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Диаграмма - нақты процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын сипаттайтын сандық көрсеткіштер сызба түрінде кескінделетін нұсқалар

Диаграммалар салыстыруды орындауды жеңілдетеді және мәліметтерді көрсету құралы болып табылады.

Диаграммалар жұмыс беттерінде орналасқан мәліметтер негізінде құрылады. Диаграмма бетте мәліметтермен графикалық объект сияқты орналасады. Диаграмманы баспаға шығаруға болады. Бірнеше диаграмма түрлері бар:


  • Гистограмма түріндегі диаграмма

  • Сызықтық диаграмма

  • График түріндегі диаграмма

  • Дөңгелек түріндегі диаграмма

  • Нүктелік диаграмма

  • Аумақтық диаграмма

  • Сақиналы диаграмма

  • Жапырақты диаграмма

  • Бет түріндегі диаграмм

  • Көпіршік түріндегі диаграмм

Кестелі мәліметтер негізінде графикалық диаграмма құру процедурасын көрсету.

Диаграмма құру алдында мәліметтер бетте диаграмма түріне сәйкес орналасқандығына көз жеткізу керек.

1. Диаграмма құрылатын кесте бөлігін ерекшелеңіз.

2. Қою қосымшасында Диаграммалар тобында керекті диаграмма түрін шертіңіз (сурет 1).

 Конустық, пирамидалық, бағандық, сызықтық, дөңгелек, сақиналық, нүктелік, цилиндірлік, графикалық облыстық гистограммалық

 Сурет 1. Диаграмма түрін таңдау

 Бетте таңдалған түрдің диаграммасы құрылады (сурет 2)

  

Сурет 2. Құрылған диаграмма



3.Диаграмма түрін өзгерту мүмкіндіктері.

Құрғаннан кейін диаграмма түрін және

типін өзгертуге болады.

1.Диаграммалармен жұмыс қосымшасында Түр тобында Диаграмма түрін өзгерту батырмасын басыңыз.

2. Диаграмма түрін өзгерту терезесінде қажетті

диаграмма түрін және типін таңдаңыз. (сурет 3).

  Сурет 3. Диаграмма түрін өзгерту

 Диаграмма элементтерін қосу және өшіру

Диаграмма макетін таңдау

Диаграмма макетін диаграмма элементтерінің орналасуы анықтайды.

1. Диаграммамен жұмыс қосымшасының Диаграмма макеті тобының Қосымша параметрлер батырмасын шертіңіз.

2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз.(сурет 4).

 Сурет 4. Диаграмма макетін таңдау

Диаграмма элементтерін қосу және өшіру

Диаграммаға жеке элементтер қосуға және өшіруге болады. Ол үшін Диаграммалармен жұмыс қосымшасының элементтерін қолданады (сурет 5).

 Сурет 5 Диаграмма элементтерін қосу және өшіру

Диаграмма өлшемін және элементтерін өзгерту

Үнсіздік бойынша құрылған диаграмманың биіктігі 7,62 см, ұзындығы 12,7 см болады.

Диаграмма өлшемін ерекшеленген диаграмма маркерін жылжыту арқылы өзгертуге болады.

Диаграмманың нақты өлшемін Диаграммамен жұмыс  қосымшасының Өлшем тобының есептеуіштерінде орнатуға болады. (сурет 6).

  Сурет 6. Диаграмма өлшемін  өзгерту

 Диаграмма  элементтерінің өлшемін өзгерту

1.Диаграмма элементін ерекшелеңіз

2.Элемент шекарасының маркерін жылжытыңыз.

Диаграмма тақырыбы, мәліметтердің жазылу элементтерінің өлшемін өзгертуге болмайды.

 4.Диаграмма стилін таңдау мүмкіндіктері.

Безендіру стилін таңдау. Диаграмманы безендіру стилі диаграмма элементтерінің түсін анықтайды.

1.Диаграммамен жұмыс қосымшасының  «Диаграмма стилі» тобында қосымша  параметрлер батырмасын шертіңіз.

2. Қажетті нұсқаны таңдаңыз.(сурет 7).

Сурет 7. Диаграмма стилін таңдау

 Диаграмма элементтеріне құю

Элемент құюын өз бетімен орнатуға болады.

1. Диаграмма элементін таңдаңыз.

2. Диаграммамен жұмыс Пішім қосымшасының Фигура стилі тобында Фигураны құю батырмасын шертіңіз және құю түсін таңдаңыз. (сурет 8).

Сурет 8. Элементтің құюын орнату

 Фигураға құю батырмасының менюінде Градиентті командасын таңдаңыз.

 Сурет 9. Градиентті құюды таңдау

Диаграмма элементтерін безендіру эффекттері

Элементті безендіру эффекті өз бетімен орнатуға болады.

1. Диаграмма элементін ерекшелеңіз

2.Диаграммамен жұмыс /Пішім қосымшасының Фигуралар стилі тобында Фигуралар үшін эффект батырмасын шертіңіз (сурет 10).

  Сурет  10. Элементті безендіру эффектін таңдау

Элемент қаріпін безендіру

Диаграмма қарпінің параметрлерін орнату үшін Диаграммалармен жұмыс/ Пішім қосымшасының Word Art стильі тобының элементін қолдануға болады (сурет 11.).

 Сурет 11. Word Art элементін қолдану

 

Диаграмманың негізгі элементтері:



Тақырып- диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз - диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Гистограммалар(бағандық) – мәліметтер жинағын салыстырмалы түрде көрсетуде ыңғайлы. Оларды жылдық көрсеткіштерді, өнімнің бірнеше жылдар бойына өндірілу деңгейімен салыстырмалы түрде сипаттауға пайдаланады.

Сызықты диаграмма – бұлда гистограмма сияқты, бірақ діңгек бағыты басқаша орналасқан. Гистограммадан айырмашылығы сызықты сатылық көрсеткіш (х-діңгегі) тігінен, ал мәндік көрсеткіш (У-діңгегі) көлденең орналасқан діңгектік сызық әсіресе салымтырмалы көрсеткіші үшін өте қолайлы.

Нүктелік диаграммалар – статистикада кеңінен пайдаланады. Олар арқылы шашыраңқы мәліметтерді көрсетуге болады. Мыс: белгілі бір тауардың күнделікті сатылуын талдау қажет болады, ал кей уақытта ол тіпті сатылмай қалады. Сондай кезде нүктелік диаграмма жасалады.

Сақиналы диаграмма – сызба түрі сияқты салалы диаграмма мәліметтердің кейбір уақыт ішіндегі өзгерісін білдіреді.Бұл диаграмма айналма диаграмма сияқты бүтіннің бөлшекке қатынасын көрсетеді.

Жапырақты диаграммалар – көбіне зат туралы түсінік алу қиын болған жағдайда қолданылады. Олар мәліметтердің нәтижелері әртүрлі болғандағы сәйкестікті көрсетуге арналады. Жүйеліліктің барлық тарауы бойынша берілетін мәліметтердің қатынасын, ара салмағын көрсетуге пайдаланылады.

Жаңа сөздермен танысайық:

Аңыз, тақырып, диаграмма, гистограмма, графика, сызықтық


VI. Жаңа сабақты бекіту
Естігенімді –ұмытамын.

Көргенімді – есте сақтаймын.

Жасағанымды – түсінемін.

(Білімгерлер компьютерде практикалық тапсырмалар орындайды.


Еліміздің барлық саласында ІТ-технологияның жетістіктері кеңінен қолданылады. Бұл бағытта Үкімет алдында нақты жұмыстар белгіленді. Өйткені, цифрлық жүйеге көшу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін күшейтуге және ең бастысы, уақыт үнемдеуге болады. Қазір ақпараттық технология дамыған заманда және адамзаттың күнделікті тұтыну қажеттіліктері артқан заманда жаңа жүйеге өту - уақыт талабы.

“Қазақстан –Ұлы Дала Елі ”- қосымшасы жөнінде не білеміз?

Бұл қосымша - құрамында Қазақстан туралы бірегей кешенді ақпарат жиналған сандық технологиялар саласындағы алғашқы өнімдердің бірі. Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.
“Қазақстан –Ұлы Дала Елі ” қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата білейік.

Тарих бөлімінен тарихи тұлғалардың өмір сүрген уақыттарын теріп жазып олардың қанша жаста қайтыс болғандарын есептеңдер.



Компьютермен жұмыс Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 оқушы )

1-тапсырма Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

х

у

2




4




6




8




10




12




2-тапсырма Төмендегі функцияға гистограмма типін таңдап диаграмма тұрғыз.

3-тапсырма Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, сақина түріндегі диаграмма құрастыр.
2016-2017 оқу жылдарындағы  ҰБТ қорытындысы.

Пәндер

Сапа

Қазақ тілі

35  %

Орыс тілі

24 %

Қазақстан тарихы

10 %

Математика

10 %

Биология

20 %

4-тапсырма Кестедегі мәліметтерді  қолдана отырып, конустық диаграмма құрастыр.

9 сыныптағы МАБ қорытындысы.



Пән аттары

Желтоқсан

Қаңтар

Ақпан

Орыс тілі

17 %

80 %

80 %

Шет тілі

12,65 %

17,2 %

17,5 %

География

13 %

17,2 %

80 %

4-тапсырма Графикалық диаграмма салу.

Суреттегі мәліметтерді енгізіңіз.

А1:М13 ұяшықтар аралығындағы мәндер жиынын блокпен белгілеңіз

Диаграмма графика түрін тұрғызыңыз.

Енгізген диаграмманы ерекшелеп конструктор, макет, пішін командалар тізбегі көмегімен диаграммаға өзгерістер енгізіңіз.

Халқымыздың бата-тілектері де киіз үй жабдықтарымен ікелей байланысты. Шаңырағың шайқалмасын, керегең кең, екі босағаң тең болсын» — деген сынды нақыл сөздер қазақтың киіз үйге деген құрметіне шыққаны даусыз.

Жаңа сабақты қорытындылау:

«Графика» сөзжұмбағы:


Сөзжұмбақ сұрақтары:

    1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)


    2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
    3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
    4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
    5. Диаграмма осі. (вертикаль)
    6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
    7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
Қорытындылау.

Үйге тапсырма:

Бағалау


Білімгерлерді бағалау парағы арқылы қорытынды бағасын шығару.
 



Аты -жөні

Білімді актуалдау, мақсат қою

Сабақты қорытындылау және сабақ нәтижесін бағалау


Қоры тынды

Тест жұмысы

Практикалық тапсырма

Жадыны жаңғырту ст-сы

Миға шабуыл ст-сы







1

Аблаева Саяжан

 

 




 




 

 

2

Анарбек Аяулым

 

 




 




 

 

3

Әбдібай Әлия

 

 




 




 

 

4

Бәйдібек Жанел

 

 




 




 

 

5

Боранбаев Нуртуган

 

 




 




 

 

6

Ділдабек Ербол

 

 




 




 

 

7

Қуанышбай Жанерке

 

 




 




 

 

8

Құлмұрза Тоғжан

 

 




 




 

 

9

Құралбек Нұрзия






















10

Ногаев Бибарыс






















11

Сембек Нұрсейіл






















12

Төлтаева Айсәуле






















 
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің информатика оқытушысы Мырзабекова Ляззат Турсыналиевна



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет