Сабақтың тақырыбы : Қ. Аманжолов. «Ұшқыш болғым келеді»



Дата31.12.2019
өлшемі130,78 Kb.
#54993
түріСабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов. « Ұшқыш болғым келеді»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға дағдыландыру. Ақын өлеңінің идеясын түсіне білуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту. Өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айта алатын шәкірт дайындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, тіл, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жалпы мақсаттар: Диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну, сыни ойлау арқылы ой қорытуға үйрету, Ұшқыштар туралы білімдері қалыптасады. Өлеңнің негізгі идеясын ашады. 
тапсырмалар арқылы формативті және жиынтық бағалау. 
Әдіс-тәсілдер: стикердегі диалог, түртіп алу, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакат

Оқыту нәтижесі : Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер туралы білім қалыптасады. 
тақырыптың идеясын түсінеді; 
Елді,жерді қорғау туралы ұғым қалыптаса отырып,патриоттық сезімі шыңдалады; Жүйелі,нақты сөйлеуге, мазмұндауға үйренеді; 
Негізгі идеялар: Іздеген жетер мұратқа 
Жан қиналмай жұмыс бітпес, 
Талап қылмай мұратқа жетпес. 
Сабақтың ұстанымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі


– Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше, бізге қонақтар келді, амандасайық қонақтармен. 
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. 
Психологиялық дайындық: 
Күн жарығын алақанға саламын, 
Жүрегіме басып ұстай қаламын. 
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, 
Болып кетер сонда дереу жан-жағым. 
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық. 
Қазір бізде әдебиеттік оқу сабағы, сабаққа керекті оқу құралдарын партаның шетіне қойыңдар. 


  1. Топқа бөлу (ереже)

  • Суреттерге қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтай аламыз ба?

  • Сабаққа мақсат қояйықшы, міндеті ше ?

  • Бағалау парақшаларына өздерін бағалауды ұмытпаңдар

Сабақты «Дана үкі» стратегиясын пайдалану арқылы жүргіземіз


ІІІ. Жаңа сабақ.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Өлеңнің авторын сұрау.

1-топ. Қ.Аманжоловтың өмірбаянын ғаламтордан тауып алу (түртіп алу стратегиясы бойынша)

2-топ. Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау (стикердегі диалог)

  • Өлеңнің 1-шумағынан не байқадыңдар? Оны немен теңестіруге болады? (көк байрақ).Неге?

  • Өлеңнің 2-шумағынан не байқадыңдар?

  • Ақын сезімін нақтылай түсетін қандай мақал-мәтел айтар едің?

  • Қазақстан территорриясын картадан көрсет, ол қандай ммлекеттермен шектеседі?

70-жыл туралы айтып кету.



Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес.

3-топ. ҰОС ұшқыш батырлары туралы не білесіңдер?

  1. Қазақстан территорриясын картадан көрсет

(Тоты Амирова видео)

4-топ. Ұшақ туралы мәлімет. (түртіп алу әдісі бойынша)

Маңызды жерлерін плакатқа жазу


(Қажымұқан туралы видео)


  • ІІІ. Үйге тапсырма : Ақын ұшқыш болғысы келеді екен?

Эссе «Менің арманым» (автор орындығы)
ІҮ. Қорытынды:

Қорытынды Тест 
1. Жерге жақын жұлдыз 
А) Уран Б) Юпитер В) Күн Д) Сатурн 
2. Ең бірінші ғарышқа кім ұшты? 
А) Ю Гагарин Б) Т АубакировВ) Т МұсабаевД) Б Майлин 
3. Қай жылы Юрий Гагарин ғарышқа ұшты? 
А) 1962 ж Б) 1960ж В) 1961ж Д) 1963ж 
4. Қай айда «Ғарышкерлер күні» аталып өтеді? 
А) 12наурыз Б) 12ақпан В) 12мамыр Д) 12сәуір 
5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? 
А) Ю Гагарин Б) Т АубакировВ) Т МұсабаевД) Б Майлин 
6. Ғарышкерлер киімі қалай аталады? 
А) Костюм Б) Скафандр В) Жейде Д) Курка 
7. Жердің серігін ата: 
А) Күн Б) Ай В) Жұлдыз Д) Шолпан 
8. Ғарышқа 3 рет ұшқан ғарышкерді көрсет: 
А) Ю Гагарин Б) Т Аубакиров В)Т МұсабаевД) Б Майлин 
Әр топ бір-бірлеріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қоюды 

Ү. Бағалау

Бағалау парақшаларына қарап бағалау.



Рефлекция 
Сабақтан алған әсерің қандай? Көңіл күйлерін білдіріп жазады 
Бағалау Өзін-өзі бағалау парақтарының ұпайларын есептеп,қорытынды баға шығару Өз ұпайларын есептейді.Өзін-өзі бағалайды 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет