Ш.Уәлиханов атындағы №10орта мектеп – гимназиясы
Блеутаева Назгүл Жанабілқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың азаматтық лирикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ақынның азаматтық сарындағы сыншыл өлеңдерін талдай отырып, оқушыларды өмірге Абайша батыл да өткір баға беріп сынай білуге жолсалу.
Дамытушылық: Оқушылырдың дағды–машағын, таным белсенділігін жетілдіру, қабілеттерін дамыту үшін жобалық әдіске негізделген тапсырмалар аясында іздене білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікті, биік моральдық қасиеттерді үндеу. Оқушыға оқудың, ғылымның, өнердің қоғамдағы рөлін терең түсінуге, құрмет тұтуға, іздемпаз болуға, күрескер болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Понарамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Жобалық жұмыстарды қорғау
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивтік тақта, суреттер, қанатты сөздер т.б.
Ұйымдастыру кезеңі
амандасу, түгендеу, бүгінгі күн.
Сабақтың мақсатын айту.
Сабақтың өту реті:
І. Ұлы ақын туралы сөз.
ІІ. Абайдың азаматтық лирикасы.
ІІІ.Болашақпен сырласу.
Мұғалім сөзі:
І бөлім. Ұлы ақын туралы сөз.
Біз осы күнге дейін Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына көптеп тоқталған едік. Осы алған білімімізді жинақтай келе «Абай – жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы» деген тоқтамға келдік. Себебі, Абай - өзінен кейінгі қазақ ақын – жазушыларға ақындық мектептің ірге тасын қалаушы ұлы тұлға. Біз бұған дәйекті өзеріңе берілген үй тапсырмаларның нәтижесінен көре аламыз. Абайдан кейінгі ақын ағаларымыздың ойларына тоқтала кетіп сөз кезегін бірінші шығармашылық топқа береміз:
І шығармашылық топ. Жоба. Ұлы ақын туралы сөз.
(Тақтада ақын суреттері мен олардың ойлары көрсетіледі. Оқушылар әр ақынның айтқан ойларына тоқтала кетіп, Абайға берілген бағаларды талдайды.)
Мұалім сөзі:
Абай шығармаларының негізгі әрі күрделі мәселесі – ақынның лирикасы. Абай лирикасы тұмадан бұлақ, бұлақтан өзен, өзеннен дария болып теңізге, мұхитқа құятын ой арнасы. Өз халқының тағдырына толғанудан туған ұлы ақын өлеңдері тұмадан біртіндеп дамып, азаматтық мәселелерге ұласады, адамды тануға алдына биік мақсат қояды.
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
бұл ақынның халқының қам – қарекетінен туған азаматтық лирикасының бастауы.
ІІ бөлім. Ақынның азаматтық лирикасын өткен сабақта біз былай топтаған едік:
Әр топ өздерінің жобалық жұмыстарын қорғайды. Әр топтың жобалық жұмысы Абай өлеңдерін негізге алған эпигровтан басталады.
2 топ. Заман келбеті. Жоба. «Ел бұзылса, тартады шайтан өрнек,
Періште төменшіктеп, қайғы жемек».
3 топ. Заман адамы. Жоба. «Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз».
4 топ. Заман табиғаты. Жоба. «Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду – ду»
5 топ. Заман емі. Жоба. «Ғылым таппай баптанба,
Орын таппай мақтанба.
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз».
6 топ. Азаматтық толғаныс. Жоба. «Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос».
Қорытынды
ІІІ бөлім. Болашақпен сырласу. Жоба.
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла»
Үйге тапсырма: Абайдың пәлсапалық лирикасына тән шығармаларына талдау
жасап келу.
Достарыңызбен бөлісу: |