Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна
өзін –өзі тану мұғалімі
Семей қаласы
Шүлбі орта мектеп -кешені
Сабақтың тақырыбы: «Денің сау болсын десең...»
( 6 сынып оқушыларына арналған өзін –өзі тану пәнінің сабақ жоспары)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелей отырып, білім беру, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Сабақтың міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.
Өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: тыныштық сәті, оқулықпен жұмыс, сахналау, назар аударайық, дәптермен жұмыс, жүректен жүрекке.
сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, сызба – кесте, суреттер, мақал-мәтелдер,
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. 5 - мин
1.1. Сәлемдесу Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені./ оқушылар иіліп сәлемдеседі/
1.2 Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Негізгі бөлім
Балалар, адамның басты байлығы денсаулық екен.
Денсаулық дегеніміз не ?
Ендеше, таңғы би жаттығуы арқылы көңіл – күйімізді көтеріп, денсаулығымыға пайдасын келтірейік. «Қара жорға» биі
«
табиғат
Ел байлығына» нені жатқызамыз ?
тілі
Дені сау ұрпақ
Өнер, ғылым, білім
жер
Пайдалы қазба
(Оқушылар топтастыру бойынша ойларын айтады.)
3.1 Назар аударайық ! 2 мин
Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының, төртіншісінде- Қазақстанның мықты тірегі, басты байлығы дені – сау ұрпақ деп атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес жүргізу керек деді.
Бірінші бағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес”
Осы 3 бағыттың адамға қаншалықты зиян келтіретінін мәтінннен білейік
3.2 Мәтінмен жұмыс. Зиянды әдеттер. 94 бет 10 мин
Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Кейбіреулер қиындыққа кездескен жағдайда ойланып, ақылға салмастан зиянды заттарды пайдалануға әуес болады. Сөйтіп оған үйреніп, тәуелді болатындарын ойламайды. Осы зиянды заттарға тәуелді болудың салдары өздерін азапқа түсіретіндерінен бейхабар болады. Қиындықтан шығудың жолы, шешілмей қоймас.
Зиянды әдеттерден денсаулыққа қауіптілігі мынада:
-адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтуден қалады;
-табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды;
-өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатігездікке, ақымақтыққа ұрынады;
-отбасын қайғы-қасіретке бөлейді;
-түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады.
Зиянды әдеттерге нелер жатады ?
Неліктен адамдар зиянды заттарды пайдаланады ?
Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер
3.4 Оқушылардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, тірек схемасы арқылы білімдерін толықтыру.
Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды,ұмытшақ,есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.
Байқап көру, уақытты бос өткізу, нашар достар
Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.
-Отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарына зардабын тигізеді
Өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауы
-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі;
Тұқымқуалаушылық;
-Өзін өзі бағаламау
Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғыс жиілейді
Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады
Қылмысқа ұрынады.
-Зорлық-зомбылық;
-Ұрлық, қарақшылық;
-Жол апат т.б.
Гашиш, героин, анаша, кокайн, апиын, марихуана.
Денсаулығы нашарайды,ағзаның әрбір мүшесі зақымданады.
Емделу үшін 3-6 айдан 2 жылға дейін уақыт керек
-Қызметінен, отбасынан алшақтайды,жақн адамдармен қарым-қатынасы бұзлады. Кекшіл, қатыгез адамға айналады.
3.5 Фильмнен үзінді «Менің атым - Қожа»
Осы үзіндіден қандай ой түйдік ?
3. 6 Тәжірибе арқылы көз жеткізу.
Тәжірибе : Сусынның бос бөтелкесінің қақпақшасын тесіп, шылымды орналастыру. Қақпақты бөтелкеге бұрап, шылымды тұтатып, түтінін бөтелке ішіне тарту, бөтелке іші көк түтінге толады.
Түйін: - Шылым шеккен адамның өкпесі көк түтінге толып, ағзаға сиянын келтіреді.
3.7 Назар аударайық. 3 - мин
Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты.
3.8 Сахналау. Оқушылардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым. (Тұрысбек Еділбаевтің «Үш пәледен аулақ бол» кітабынан көрініс) 5 - мин
Бала:/ «арақтың» жанына келіп/
-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Арақ»:
-Мен арақпын, арақпын,
Жер жүзіне тараппын.
Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.
Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Темекі»:
-Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.
Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/
- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?
«Есірткі»:
-Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап турғанда,
Алшаңдап аяқ басамын.
/Сахнаға ересек бала шығады/
Ересек бала:
-О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.
-О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де үлкен жау,
Бүкіл әлем алаңдар!
/Екі бала бірігіп/:
«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!
/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/
3.9 Шығармашылық іс – әрекет, топтық жұмыс
1 – топ Темекі зияны
2 – топ « Денсаулығым өз қолыңда» ой толғау жазу. 5 - мин
Оқулықпен жұмыс
Мақалдармен танысу, мағынасын ашу. 5 – мин
Балалар, осы жаман әдеттерден аулақ болып, деніміз сау болсын десек «Денсаулықтың 10 құпиясын» есте сақтау қажет.
ақыл – ой тазалығы.
дұрыс тыныс алу.
денені шынықтыру.
дұрыс тамақтану.
күлкі.
тынығу, демалу күші.
уақытты тиімді пайдалану.
таза қоршаған орта.
сенім күші.
10 - сүйіспеншілік күші.
Жүректен жүрекке.
Бала тілегі.
Сөзі: С. Молдасынұлыныкі
Әні: Ф.Лұқпанованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен, қара орман.(2 рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік- ұлан-байтақ елімде
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жинақтап жазу.
Сабақтың соңғы тыныштық сәті
Музыка ойналады. Бүгіні сабақтан алған ізгі қасиеттерді жүректерініңзге сақтап алыңыздар. Рахмет.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы
Абай атындағы орта мектептің мұғалімі
Қалиханова Фарида Рашидқызы
Достарыңызбен бөлісу: |