Сабақтың тақырыбы : Microsoft word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты



Дата11.07.2017
өлшемі44,3 Kb.
#21108
түріСабақ
Сабақ жоспары
Күні, айы, жылы:

Пәні: информатика

Тобы: БА-911

Курсы: 1

Оқытушы: Абсултан Ж

Сабақтың тақырыбы: Microsoft WORD мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды Microsoft WORD мәтіндік процессоры туралы білімдерін бекітіп, қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, жылдам қабылдау қасиеттерін дамытып, білім дағдысын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: сабақ барысында оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, ойлау әрекеттерін қалыптастыру, жауапкершілік сезімге, сын тұрғысынан ойлап, бағалай білуге баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың кәсіби мақсаты: оқушылардың кәсіби мамандығында жаңа технологияны пайдалана білу машығын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын технология мен әдіс- тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой-қозғау, жеке тапсырма

Сабақтың көрнекілігі: плакат, тест тапсырмалары, сөз жұмбақ, қосымша оқу құралдары

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгендеп, аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақ барысымен таныстыру

2.Өткен материалға шолу жасау


  1. Сілтеуіш программасын іске қосу

  2. Файлдармен жұмыс жасау

  3. Принтерді алдын ала баптау

3.Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

  2. Сабақтың жоспарымен таныстыру

Жоспары:


  1. Жалпы мағлұматтар

  2. WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

  3. WORD экранымен танысу

  4. Құжат құру және онымен жұмыс жасау

4. Сабақты қорытындылау. Білімді бағалау

(жаңа сабақты қорытындылау арқылы жалпы оқушылардың жасалған жұмыстары арқылы бекітіледі)



  1. Орындаған жұмыстарды бағалау

  2. Берілген тапсырманы орындау

  3. Сабаққа араласуы

5.Үйге тапсырма беру

Өткенді қайталап келу


Microsoft WORD – мәтіндік құжаттарды дайындауға дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол – мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады.

WORD-пен жұмыс істеуді баптау үшін Windows жүйесінің басқа програмалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.



Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

  1. Басқару тақтасыендағы Іске қосу менюінің Орындау командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

  2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

  • Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі: Файл-Шығу меню командасын таңдау арқылы;

  • WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу командасын таңдау;

  • Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  • Тікелей ALT+F4 пернелерін басу.

Қалып-күй немесе қалып жолы негізгі терезенің төменгі жағында орналасқан, оның сол жақ бөлігінде теріліп жатқан құжат жөнінде информация бейнеленеді.

  • стр 5 – теріліп жатқан ағымдағы бет нөмірі, 5-бет;

  • разд 1 – ағымдағы бөлім нөмірі, бұл элемент бөлімдерден тұратын Басты құжат үшін ғана қажет;

  • 5/8 – құжаттың басынан есептегенде курсор тұрған орын 5-бетте, ал құжат барлығы 8 беттен тұрады;

  • 15,8 см – курсор тұрған ағымдағы жолдан сол беттің жоғарғы шетіне дейінгі қашықтық;

  • Ст 27 – осы беттің жоғарғы шетінен курсорға дейінгі жолдар саны;

  • Кол 1 – осы жолдың басынан курсорға дейінгі символдар саны, табуляция символдар мен бос орындар да есепке алынады. Бұл курсор экранда ғана көрінеді.

  • ЗАП – макрокомандаларды жазу режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;

  • ИСПР – түзетулерді белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;

  • ВДЛ – белгілеудің кеңейтетін Ғ8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режімі іске қосылған, бұл режім ерекшелеу мөлшерін Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын көрсетіп тұрады.

  • ЗАМ – символдарды ауыстыру режімі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режімі орындалса, ол сұр түске боялады.

WORD іске қосылған соң, экранда 1-құжат деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі WORD программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады. Жаңа құжат ашарда WORD оны құру үшін белгілі бір шаблонды пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет