Сабақтың тақырыбы : Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы және оны оқып-білудің маңызы



Дата26.08.2017
өлшемі37,24 Kb.
#28267
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Сабақтың тақырыбы: Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы

және оны оқып-білудің маңызы




Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Студенттерге саясаттану пәнінің басқа қоғамдық ғылымдармен байланысын және оны оқып-білудің маңызы жайлы жаңа тақырыпты меңгерту.







ә) дамытушылық

Студенттердің өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.







б) тәрбиелік

Студенттерді ұлтжандылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: «Саясаттану курсының құрылымы» сызбасы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Студенттердің жазып келген эсселерін тексеру.


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ—қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.

Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.

Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономиялық саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.

Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған.

Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес.Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипатталып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай, саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды.     

Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі — әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саясисалаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясаттыжетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назарысаясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланысәсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланыстыкүшейе түседі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Перфокартамен жұмыс.



  1. Саясаттанудың философиямен байланысы қандай?

  2. Саясаттанудың мәдениеттанумен байланысы...

  3. Саясаттанудың құқықтық ғылыммен байланысының ерекшеліктері қандай?

  4. Саясаттанудың экономикалық теориямен байланысы ...

  5. Саясаттанудың әлеуметтану ғылымымен байланысы ...


V. Үй тапсырмасы.

Тақырыпқа байланысты баяндама жазып келу.


VІ. Қорытындылау (студенттерді бағалау).

Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет