Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек
Сабақ тақырыбына сәйкес оқу мақсаты: 6.2.1.1алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;
6.2.1.3алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табу;
6.2.1.4айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсіну;
Сабақтың мақсаты: алгебралық өрнек ұғымын меңгереді;
айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді;
алгебралық өрнектегі айнымалының мүмкін мәндерін табады;
айнымалылардың қандай мәндерінде алгебралық өрнектің практикалық есептер мәнмәтінінде мағынасы бар болатынын түсінеді;
Тапсырма:
Суретті пайдалана отырып және қызыл шаршы қабырғасын а ретінде, ал сары тіктөртбұрыштың қабырға ұзындығын в ретінде қабылдап, мыналарды жазыңыз:
1. бір қызыл шаршы периметрін;
2. бір сары тіктөртбұрыш периметрін;
3. үш қызыл шаршыдан құрылған тіктөртбұрыштың периметрін;
4. екі сары тіктөртбұрыш периметрін;
5. үш қызыл шаршыдан және ортақ қабырғасы бар екі сары тіктөртбұрыштан құрылған фигура периметрі.