Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Python-да арифметикалық өрнектерді орындау ережелері:
Өрнекте жақша болған жағдайда жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.
Егер өрнекте бірнеше жақша болса, онда амалдарды орындау ішкі жақшадан басталады.
Амалдардың орындалу реті.
Оқулық § 3.4, 86-бет,1-кесте
Кестеден көрініп тұрғандай, дәрежеге шығару амалы мен көбейту бір өрнекте келсе, онда бірінші дәрежеде көтеру амалы орындалады.
Арифметикалық амалдарды орындаудың тағы бір ережесі-өрнектер бір қатарға жазылуы тиіс. Өрнекте кездесетін бөлшек сызығы жақшалар арқылы бір қатарға жазылады.
Инкремент және декремент.
Программаны жазу кезінде ең көп қолданылатын амалдардың бірі- айнымалының мәнін белгілі бір санға арттыру немесе кеміту. Python тілінде мұндай амалдарды орындау үшін (+ =) инкремент (арттыру) және ( - =) декремент (кеміту) операциялары қолданылады.
Амалдарды орындау барысында айнымалыларға басқа айнымалылардың мәнін жүктеуге болады. Python тілінде арифметикалық амалдарды жазу мүмкіндігінше қысқартылған.
Амалдардың программада қысқартылып жазылуы. Оқулық § 3.4, 87-бет,2-кесте
Амалдарды орындаудың қарапайым стандартты функцияларын қарастырайық. Оқулық § 3.4, 88-бет, 3-кесте.
Топтық жұмыс. 1-тапсырма.
Оқулық § 3.4, 89-бет, 2-тапсырма*
Дескриптор:
-берілген өрнектердің прораммалау тілінде қате жазылғаның тексесереді;
-қателерін түзетеді.
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық § 3.4, 88-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
1-практикалық тапсырма.
Дескриптор:
-у мәнін табуға болатын программа құрастырады.
2-практикалық тапсырма
Дескриптор:
-берілген өрнектің мәнін табатын программа құрастырады.
|
Мұғалімді тыңдайды
Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады
Анықтамасын дәптерге жазады
Кестемен танысады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
|
|
Жұмыс дәптері
Кесте
Жұмыс дәптері
|
|