Сабақтың тақырыбы: Ауа райы және климат



Дата18.02.2017
өлшемі80,37 Kb.
#10342
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы және климат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Ауа массаларының түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін түсіндіру.Климат, климат қалыптастырушы факторлар туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой – өрісін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекіліктер арқылы түсіндіру.Әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Жарт шарлар физикалық картасы. Слайд

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /Миға шабуыл стратегиясы бойынша/
1.Жел дегеніміз не?
2. Жел қалай пайда болады?
3. Желдің бағыты мен жылдамдығын өлшейтін құрал?
4. Желдің түрлерін ата?
5. Жыл ішінде бағытын ауыстыратын жел?
6. Французша «жеңіл жел” деген мағына береді
7. Желдің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай? 
8. Жел өрнегі қалай жасалады?
9. Бриз бен муссонның қандай ұқсастығы бар? Айырмашылығы неде?
10. Желдің жылдамдығын өлшейтін өлшем бірлігі? 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Жоспары:
1. Ауа райы дегеніміз не?
2. Ауа райының элементтері мен құбылыстары
3. Ауа массалары
4. Ауа-райын болжау
5. Климат, климат қалыптастырушы факторлар
« Ауа-райы» дегеніміз - тропосфера қабатының белгілі бір жердегі, белгілі бір уақыттағы ауаның жай-күйі.
Ауа-райын анықтау үшін оның негізгі элементтері - температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым олардың күйіне қарай бір-бірімен тығыз байланыста.
Осы элементтерге жеке-жеке тоқталамыз.
Ауа райының құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман, бұлт жатады.
Ауа-райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады. Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады.
Тропосфераның бір-бірінен қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөлігі ауа массалары деп аталады. Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы шақырым жерді алып жатады.
Ауа массаларының қасиеті ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты. Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады.
1. Экваторлық ауа: ыстық,ылғалды
2. Тропиктік ауа: ыстық, құрғақ
3. Қоңыржай ауа: жылы, ылғалды
4. Арктикалық немесе антарктикалық ауа: салқын, құрғақ
Түрі бойынша:
Теңіздік Континеттік
Жаз Қыс Жаз Қыс
Ылғалды Жылымық Жылы Аязды
Бұлтты Қар Бұлтсыз Құрғақ
Жаңбырлы Құрғақ

Ауа райын зерттеу әдістері:
Ø Бақылау
Ø Метеорологиялық Жер серіктері
Ø Жергілікті белгілер
Метеорология - атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым. 
Ауа райы картасында шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай-күйі көрсетіледі. Картаға ауа массалары, атмосфера қысымы облыстары, жауын – шашын және басқалары түсіріледі. 
Ауа райы болжамы радио, теледидар, газеттер арқылы көпшілікке хабарланады. Қауіпті құбылыстар жайындағы арнаулы хабарлар (үсік, боран, қалың тұман, дауыл ) түрлі мекемелерге телеграфпен дер кезінде жеткізілуі тиіс. 
Таяудағы ауа райын жергілікті белгілерге қарап шамамен болжауға да болады. 
Климат дегеніміз – ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай – күйі. (Климат - грек сөзі, “еңкіш” деген мағына береді.) Белгілі бір жердің климаты көпжылдық ауа райына бақылау жүргізу барысында сипатталады. Жер бетінің климаты алуан түрлі. Климаттың алуан түрлілігіне күн сәулесінің түсу бұрышының ендікке байланыстылығы, мұхиттар мен теңіздерге алыс – жақындығы, жер бедері, адамның шаруашылық әрекеті әсер етеді. 
Климат қалыптастырушы факторлар: географиялық ендік, жылу белдеуі, мұхитқа жақындығы, теңіз ағыстары, жер бедері әсер етеді. 

ІV. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары.
Қатені тап!
1. Ауа райының элементтері топырақ, су, теңіз,мұхит,өсімдік болып табылады. 
2. Барлық атмосфералық құбылыстар стратосфера қабатында болады.
3. Ауа райына тән қасиет - тұрақтылық. 
4. Ауа райы тек 1 жылда ғана өзгереді. 
5. Ауа райы болжамы телефон арқылы көпшілікке хабарланады. 
6. Ауа массаларының қасиеті ең алдымен белдеулік орнына байланысты. 
7. Ауа райының болжамы гороскопта көрсетіледі.

Тест жұмысы
1. Тропосфераның белгілі жердегі белгілі уақыттағы жай күйі: 
А. Ауа райы В. Ауа температурасы С. Ауа қысымы Д. Ауаның құрамы
2. Қасиеттері жөнінен бір – бірінен айырмашылық жасайтын тропосфераның көлемді бөлігі:
А. Жел В. Ауа массалары С. Газдар қоспасы Д. Бұлттылық
3. Еңкіш деген мағынадағы грек сөзі:
А. Климат В. Бриз С. Муссон Д. Ауа райы
4. Атмосфералық қысым, температура, жауын-шашын, ылғалдылық:
А. Климат түрлері В. Ауа райының өзгеруі С. Климат элементтері 
Д. Климат құбылыстары
5. Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болуымен ерекшеленетін ауа массасы:
А. Экваторлық В. Тропиктік С. Қоңыржай Д. Арктикалық
6. Жер шарында қанша мыңнан астам метеорологиялық станса бар:
А. 20 мың В: 15 мың С. 10 мың Д. 5 мың
7. Теңіз үстінде қалыптасатын ауа:
А. Арктикалық В. Континеттік С. Тропиктік Д. Теңіздік
8. Климат дегеніміз:
А. Жаңбырдың жаууы 
В. Ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай-күйі 
С. Желдің соғуы Д. Күннің суынуы
9. Атмосфералық құбылыстар жайындағы ғылым:
А. Метеорология В. Гидрология С. Сейсмология Д. География
10. Жер шарында кездесетін ауа массалары:
А. Суық, жылы В. Ылғал, құрғақ С. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық Д. Солтүстік, оңтүстік

Жауаптары 
1 – А, 2 – В, 3 – С, 4 – С, 5 – А, 6 – С, 7 – Д, 8 – В , 9 – А, 10 – С.
Бағалау
1 – 6 « 3» ; 7 – 8 «4»; 9 – 10 «5» 

Қарама – қарсы сұрақтар. ( Өткен тақырыптар бойынша)
I – топ
1. Атмосфера қабаттары?
2. Ауа – райының негізгі элементтері?
3. Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері?
4. Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты?
5. Желбағар биіктігі қанша метрге орнатылады? 
II - топ
1. Ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, үйдің желдің өтіндегі қабырғасына ең борпылдақ түрінде ілінген зат? 
2. Климат құрушы негізгі факторлар?
3. Ауа райының белгілі бір жерге тән сипаты, көп жылдық орташа жай күйі?
4. Бұлттың негізгі 3 түрі?
5. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ? 
III - топ
1. Жауын – шашын түрлері?
2. Жоғары және төменгі температура көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық қалай аталады?
3. Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы?
4. Температура лары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар?
5. Экватор маңында қандай қысым қалыптасады? 

V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма. 
1 - тапсырма. http: // sinoptik ауа райы сайтына кіру. Өзіннің тұрғылықты жерінің алдағы 3 күн ішіндегі ауа райымен танысу.
2 – тапсырма. Сайттың негізгі бетінен ауа райы күнделігін ашып, алдағы айдын көрсеткішін қарап шығу. Ауа райы архивін өзіннің күнделік көрсеткішімен салыстыру.
VII. Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет