Пәні: Дүниетану
|
Күні: 19.02.15ж
|
Сыныбы: 1. Бастауыш сынып
мұғалімі:Алтыбаева Ақерке
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар.
|
Мақсаты
|
1)Оқушыларға жануарлардың топтары балықтар,қосмекенділер,мен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік беру.Атауларын ажырата білуге үйрету.
2)оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін,зейінін,шығармашылығын дамыту.
3)Жануарларға қамқорлық көрсетуге,оларды қорғауға тәрбиелеу,ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Күтілетін
нәтижелер
|
Балық түрлерін,қосмекенділерді,жорғалаушыларды,қосмекенділерді біледі. Өзара түсіністікке, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді.Өз ойларын айта алады.
|
Сабақтың түрі
|
Іскерлік ойын сабағы
|
Қолданылатын әдістер
|
СТО, «Ыстық картоп» әдісі,түсіндіру,диологтық әдіс,ойын элементтері,талдау,АКТ,тест.
|
Керекті жабдықтар
|
Сандар,жұмбақтар,суреттер,жасыл түсті шаблондар,жануарлардың дауыстары.
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ
кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Кіріспе
|
Ұйымдастыру.Сәлемдесу.Оқушылары түгелдеп,назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу.Сандар бойынша топқа бөліну
Психологиялық ахуал туғызу.Көңіл күйді реттеу.
Сынып ережесі
Үй тапсырмасын сұрау. «Ыстық картоп» әдісі бойынша.
«Сиқырлы сандар» ойыны
|
Сәлемдеседі.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз,
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
Кезекші міндетін айтады.
123 цифрлары бойынша 3 топқа бөлініп отырады.
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз тату болайық
Бәріміз дос болайық
Сынып ережесін айтады.
жануарлар бөлімі бойынша сұрақ-жауаптар айтады.
Цифрлар жазылған қағаздағы жұмбақтардың жауабын табады,шешуін айтып, суреттерді ашады.
|
Негізгі
бөлім
Қызығушы-лықты ояту
|
«Сиқырлы сандар» ойыны арқылы тақырыптың атын табу.
Цифрдың астынан бақа,жылан,тасбақа,балықтың суреттері шығады.Бұл жанарларды қай топқа жататындарын дәлелдеу.Осы жануарларды қыс мезгілінде кездестіресіңдер ме?Олар қыста қайда кетеді?
|
Цифрлар жазылған қағаздағы сұрақтарға жауап беріп,суреттерді ашады.
1-топ:Балықтар
2-топ:Қосмекенділер
3-топ:Жорғалаушылар болып топ аттары беріледі
|
Мағынаны тану.
Жаңа сабақ
|
1-тапсырма
Мәтінді оқу.
1-топ:балықтар туралы
2-топ:Қосмекенділер туралы
3-топ:жорғалаушылар туралы
|
Балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар туралы мәліметтерді айтады
Есіңде сақта!
Қолмен ұстауға болмайды.
|
Қолдану
Ой толғаныс
|
2-тапсырма
Сәйкестендіру.
|
«Балықтар» тобы:сөздерді суретпен байланыстырады
«Қосмекенділер»тобы:балықтардың басты ерекшеліктерін жазады.
«Жорғалаушылар»тобы.топтастырады
|
Сергіту сәті
|
«Ненің дауысы?» дыбыстарды тыңдау.
|
Ненің дыбысы екенін ажыратып айтады
|
Жинақтау
|
3-тапсырма
«менен сұрақ,сізден-жауап»
суда,қорада,орманда.
|
Диолог құрады
|
Қорытынды
Кері байланыс
|
4-тапсырма
Тест.
1.Қосмекенділерге қандай жануарлар жатады?
А)сиыр Ә)құрбақа Б)тауық
2.Жорғалаушыларға қандай жануарлар жатады?
А)бақа Ә)кесіртке Б)піл
3.Уылдырық ненің жұмыртқасы?
А)бақаның Ә)жыланның
Б)балықтың
Біз бүгін сабақта немен таныстық?
-Сабақта жаңадан нені білдік?
-толық ай- толық түсіндім
-жарты ай-жартылай түсіндім
-жаңа ай-мен түсінбедім
|
Жауаптарын белгілейді.
1.ә) 2.Ә) 3.Б)
Өз ойларын айтады
Кері байланыс орнатылады
|
Үйге тапсырма
|
Суреттерін салу.Бунақденелілер тақырыбын оқу.
|
Күнделікке жазады.
|
Бағалау
|
Мақтап мадақтау.
-Белсенді қатыстың
-Еркін сөйледің
-Бәрін дұрыс ойлап,тапсырмаларды орындадың
|
Бағаларын күнделікке қойдырады
|
Тексерілді:........................................................... Оңтүстік Қазақстан облысы,Түркістан қаласы, С.Қожанов ауылы.