Сабақтың тақырыбы: Белдемше түрлері,тарихы



Дата05.06.2017
өлшемі42,55 Kb.
#17954
түріСабақ
Сыныбы: 8сынып .Сабақтың тақырыбы:  Белдемше түрлері,тарихы.

Сабақтың мақсаты:     Оқушыны белдемше тарихымен таныстыра отырып, өз      бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,  оқушыларды белдемше түрлерімен таныстыра отырып, түсініктер беру, өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін, өнерге ұмтылысын дамыту,жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылықққа, шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Оқыту әдісі:      сұрақ жауап, түсіндірмелі, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:тігін машинасы,слайд-презентация, белдемше түрлері

Пәнаралық байланысы:сызу, бейнелеу өнері, тарих, қазақ тілі,математика

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Барлығымыз жұмыла,

4-5ке қолжеткізу- дей отырып, жанарымызбен бір- бірімізге қарап сәттілік тілейік.

ІІ. Өткен үйге берілген материалды тексеру.

Пысықтау сұрақтары:  (слайд көрсетіледі, тігін машинасының шыққан жылдары)

а) Тігін машинасының түрлері қандай түрге бөлінеді?

ә) Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды, қай жылы?

б) Машина тігіс түрлерін ажырата білесің бе?

г) Машина инесінің құрылысын ата

д) Карл Вайзенталь қандай машина ойлап тапқан?

е) Тігін машинасының құрылысын ата

ж) Тігін машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесін білесің бе?



ІІІ.Қызығушылықты ояту.

Тігін машинасы бізге не үшін керек?

Тігу үшін, киімдер  тігу үшін. Сол тігу жұмыстарымен дайындалатын  киімнің бір түрі- белдемше. Олай болса, бүгін біздер белдемше түрлері және тарихымен танысатын боламыз.

ІҮ. Мағынаны тану.

Күннің жады, тақырып жазылады.



1.Белдемше түрлері,тарихы. (слайдтар көрсетіледі)

Белдемше көне тас ғасырында аң терісін беліне қыстырып қолданған кезден пайда болған, белдемшені тек қыздар ғана емес, оны кейбір елде (Шотландия) ерлер де киген. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару және жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.


Орта ғасырларда белдемше дегеніміз белге оралған, ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді. Оны еркектер де, әйелдерде кие берген.
ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері көкірек тартқышқа бекітілді.
ХVI ғасырларда бай әйелдер шомбал, көлемді, салмағы ауыр киімдер кие бастады. Жамбастарына диаметрі азайтылған, былғары белдіктерге мінген бірнеше металдардан жасалған кринолин — каркас киді. Бұл белдемшенің қозғалмауын және конустық формада болуын сақтады.
XVII ғасырда бүрмелеу, түлі — түсті гирлянд, өрнектеу, шашақтар сияқты әшекейлеуі көп жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда ғажайыбы мол мода белдемшені біресе кең, біресе тар, етіп, оған шлейф жапсырмалатып, сымнан жасалған қатпарлы каркастар ілініп жасалды.
XIX ғасырдың соңында ғана әйел киімдері қарапайым бола бастады. Блузка мен белдемше жұптасқан ансамбль көбірек орындалды. Белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.

Белдемшелер белдік бұйымдарының ең басым тобын құрайды. Бедемше костюмнің бөлігі ретінде, жеке немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Белдемшеге: әдемілік, қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.


Белдемше: силуэті бойынша — тік, етек жағынан кеңейтілген, етегінен тарылтылған болып келеді. Ал пішімі жағынан – тік, қиықты, конусты болады.
Тік белдемшелер бір тігісті, екі немесе үш тігісті; қатпармен немесе қатпарсыз, кең етекті — жиырылған немесе қатпарлы болады. ХІХғасырда қыздардың белдемшелері кең етекті, бірнеше қабаттан тұратын ұзын болды.Оларды қымбат матадан желбір салып,гүлмен әшекейлеген. Заманның өзгеруіне байланысты белдемшенің ұзындығы мен көлемі кішірейді.Өйткені қазіргі кезде әйел адамдар да көлікпен жүреді. Мұндайда ұзын белдемшелер ыңғайсыздық тудырады.Белдемшені кез- келген матадан тігуге болады.

2.Матаны  таңдау.
Белдемшенің матасы әртүрлі болып келеді. Мысалы: жазда салқын түстегі (ақ, көк, көгілдір), жеңіл маталарды пайдаланамыз. Қыстыгүні жылы түстегі(қара, қызыл) қалың маталарды қолданамыз. Белдемшеге мата таңдау белдемше моделіне, пішініне, мезгілге және фигура ерекшелігіне байланысты таңдайды. Тік белдемше дайындағанда тығыз, ауыр ( жүн, зығыр, тоқыма) маталарды пайдаланған дұрыс. Ал қиық, күліш белдемшелерге жеңіл, жібек маталар қолданылады.Сонымен бірге матаны таңдағанда оның құнын, қанша мата қажет болатын сапасына қарай алу керек.

3.Сарамандық жұмыс:

 Белдемше тігуге дайындау үшін ең алдымен қағаз бетіне үлгі сызып алу керек,белдемшені пішу үшін мата ақауын, негізгі және арқау жіпті анықтап алады.

Белдемшенің 3 эскизін салу. Салынған 3 белдемшелерге сипаттама жазу. Оқушыларға белдемшенің сызба үлгілерін үлестіре отырып, өз беттерімен белдемшенің түрлерін сызуға мүмкіндік беру.



3.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

1.Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсу керек.

2.Инемен жұмыс жасағанда инені ауызға салуға болмайды, жастықшаға түйреп қою керек.

3.Қайшыны ашық тастамау және біреуге ұсынғанда ұш жағымен ұсынба.

4.Бұйым тігу кезінде шашты орамалмен жасырып қою керек.


  1. Жіпті тіспен үзбеу керек.

6.Үлгіні мата бетіне дұрыс орналастыру қажет.

7.Жұмыс аяғында үстел үстін жинау.



Сабақты қорытындылау. Сабақты бекіту.Оқушыны бағалау.Үйге тапсырма: Белдемше түрлері.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет