10.1.2.2 -бүкіл әлемдік тартылыс заңын түсіну және ғарыш аппаратының қозғалысын сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсінеді. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын біледі
Көпшілік оқушылар: Гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтайды. Бүкіләлемдік тартылыс заңын пайдаланады.
Кейбір оқушылар: Бүкіл әлемдік тартылыс заңын қолданып әр түрлі типтегі сапалық тапсырмаларды орындайды
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 4 мин
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Видео көрсету арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау кезеңі:
Ой қозғау: Осы құбылыстардан не байқадындар?
Инерция және инерциялық жүйе ұғымын еске түсіру. -«Неліктен заттар тоқтайды, мысалы алаңда тебетін футбол добы?» деп сұрау.
Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады
Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.
Қалыптастырушы бағалау
Презентация
Сабақтың ортасы
15 мин
Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Инерттілік бойынша эксперимент көрсетіледі.
Арбашаның жүксіз және жүгімен белгілі бір қашықтықта жүрген уақыттарын салыстыру.
Оқушылар осы экспериментті сипаттап талдайды.
Жұптық жұмыс Талдайық:
Жүк көлігі мен жеңіл автомобиль бірдей жылдамдықпен қозғалады. Бірақ олардың тежелу жолдары әр түрлі. Неліктен?
Инерттілік құбылысы бойынша мәлімет талданып беріледі.
Қандай күштер әсер етеді. Егер ұшақ бірқалыпты ұшатын болса қандай күштер тең болуы мүмкін. Осы жерде қортықы күшті анықтауды көрсету.
Дескриптор
Арбаша, өлшеуіш лента, секундөлшегіш
Ньютонның екінші заңы бойынша видео:
Презентация
15 мин
5 мин
Джигсо әдісі
Мағынаны ашу: Презентация арқылы күштердің әсері, Ньютонның заңдарын түсіндіру.
Зерттеу жұмысы: Ньютонның екінші заңы бойынша зерттеу жұмысын орындайды. Диаграмма арқалы арбаға әсер етуші күштерді кескіндеуі керек. Үдеудің пайда болуы шарты туралы түсінікті қарастыру.
• нөлдік емес қорытқы күш үдеуді туғызатындығын. F = ma теңдеуін орындау керек.
Зертхана нәтижелерін оқушылар бір-бірімен салыстыру арқылы тексереді.
Тәжірибе: Ньютонның үшінші заңын көрсету үшін, екі динамометрді екі оқушыға беріп біріктіріп, сәл тартуларын сұраймыз. Оқушылар қандай күштің пайда болатындығын қорытып шығарулары тиіс.
Оқушылар өздері тап болған бірнеше күштерді сынап, Ньютонның үшінші заңыңдағы күшке жұп болатын басқа бір күшті ұсына алады, мысалы, ұшаққа әсер ететін төртінші күшті.
«Іс-әрекеттер мен реакция тең және қарама-қарсы» ретінде немесе ең дұрысы «Егер А денесі В денесіне күш әсерін туғызатын болса, онда В денесі А денесіне тең және қарама-қарсы күш әсерін туғызады» деп түсіндірілуі тиіс
Оқушылар формуланы дұрыс қалыптастырып, барлық терминдер мен теңдеудегі өлшем бірліктерді түсінетіндіктерін мысалдармен жұмыс істей отырып дәлелдеулері тиіс.
Егер денеге бірнеше күш әсер ететін болса, теңдеудегі F күші қорытқы күш болып табылады, Осы кезеңдегі мысалдар күштерді әртүрлі бұрыштармен қарастырмауы тиіс, тек олардың бір бағыттағы кері және тура әсерін ғана қарастыруы тиіс.