Айтқұлова Гүлнұр Төлегенқызы,
№74 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік:оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, АКТ пайдалану.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тақырыпқа байланысты кесте, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақтың ұраны.
Зейін қойсаң - ұғарсың,
Іздесең – табарсың,
Талаптансаң – жетерсің.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
“Ана – ұлы есім” тақырыбында әңгіме жазу
Қызығушылықты ояту
“Құпияларды ашу”
Оқушы өзі таңдаған жұлдызшаны алады. Жұлдызшаның артқы жағында көрсетілген тапсырманы орындауы керек.
1.Фонетика нені зерттейді?
2.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Мағынаны тану.
Буынның түрлері.
Ереже қорыту: Оқушыларға осы кестеге сәйкес мұғалімнің көмегімен анықтаманы өздеріне шығартқызу.
1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.
Достарыңызбен бөлісу: |